Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балабақша көбейсе, халық саны артады

Бізге балабақшаны көбірек салу керек. Сол кезде халық саны артады. Себебі қазір барлығы жұмыста, баласын кімге тастап кетемін деп уайымдайды. Ал, балабақша көбейсе, ата-ана уыйымсыз жұмысын жасап, бала табудан қорықпайды. Бұл сөзді бүгін Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектен естідім. Өте дұрыс. Шынымен де, қазір баласы бардың уайымы балабақша. Кезекке тұрады, кезегі келгенше бала мектепке баратын жасқа жетеді. Әйтеуір мәселе көп.

Басқа қалаларды білмеймін, бірақ Алматыда осы мәселе өз шешімін тауып келеді. Айтсаң мақтағандай боласың, мақтауға тұрарлық іс істеп жүргендерді сөз етпесең азаматтыққа жатпайды. Бабалар жақсының жақсылығын айт нұры тассын дейді. Бұл сол бабалар ұстанымымен жазылған бір пост болсын! Қаланы дамуы, тұрғындар көңіл-күйінің көтеріңкі болуы тікелей әкіміне байланысты. Әкімі жауапты. Жақсы әкім іс істейді, жаман әкім бюджетте ақша жоқ деп отыра береді. Алматының әкімі халыққа өте қажет жобалардың барлығын кәсіпкерлермен бірлесе отырып шешіп жатыр. Ойын алаңдары, мектеп, балабақша... оны көз көріп, құлақ естіп жүр. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жер береді. Олар сол қалаға, тұрғындарға қажет дүниелерді сапалы әрі жылдам салып беріп отырады. Меніңше өте керемет бастама.

Бүгін мәселен 2008 жылы жолдың салынуына байланысты бұзылған мектептің құрлысымен танысып қайттық. Бюджеттің бір тиыны кетпестен соғылып жатыр бұл нысан. Жаңа оқу жылында балалар өз ауданындағы мектепке барады, бұйыртса. Бұл түсіне білгенге өте үлкен жұмыс. Ең бастысы балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалды.

Сосын жоғарыда айтқандай әкімнің балабақша лентасын қиюының да куәсі болдым. 120 орындық балабақша. Бұл дегеніміз қосымша 80-нен аса жұмыс орны. Сол аймақтың тұрғындарының қуанышын көрсеңіздер ғой. Дән риза. Мұндай жобалар әлі де жалғасын таба беретін болады деді әкім. Халыққа керегі де сол. Кәсіпкерлермен тіл табысып, халық игілігі үшін бірлесе жұмыс жасау ол - азаматтық. Адамдық борышың халқыңа еңбек қыл демей ме Шәкәрім бабамыз. Бауыржан Байбекте сондай ұстаным барына қуандым.

3
1
890

Осы тақырып бойынша