Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Футбол «түні»

«Селтикке» қатысты әркім әртүрлі айтады. Бірі осал команда десе, енді бірі, әлеуеті мықты,  әжептәуір команда дейді. Оны қойш. Қалай болғанда да, бұл команда Қазақстандық ойыншылар туралы «бірдеңе» біледі. Кейде, «бірдеңелерді» болжап айтып жатқанын көріп қалдық. Жеңген жеңбегіне есімде жоқ. Бірақ, Қарағандының «шахтерымен» ойнағаны туралы аз-кем «бірдеңені» менде білемін. Сол кездегі біздің футболшылардың плей-оффқа шығып, елді елең еткізгені қазірге дейін айтылады. Оны қойш, тарих ол. Өтті, кетті...

Бүгінгісі, бәрінен қызық... Күш бар. Дайындық күшті. Демеу бар. Қалғанын Жаратқанның өзі шешеді. Сосынғысы, ақыл мен еңбектің еншісінде. Бірақ, Нөсербаев пен Н.Максимовичсіз қиындау болатыны белгілі... Бірақ, біздікілер күшті. Түн тыныштығын берсе, бірге көрерміз. Сағат 00:35 те Ұлттық арнаны қосып, жылт еткізбей, соңына дейін көрейік. Негізі, жақсы болады! АСТАНА, Алға!!!

0
0
379

Осы тақырып бойынша

Футбол «түні» - Yvision.kz