Мазмұнға өту

Жаңа

Үміттеріңіз жоғалып, армандарыңыздан ажырап қалмаңыздар!

Жасы менімен қатарлас бір көршім бар. Бір күні аллеяда жолығып қалды. Таныстығымыз шамалы еді, аздап ұрттап алған екен. Содан болса керек, әңгімеге тарта бастады. Оны-мұныны сөз қылып біраз жүрдік.Бір кезде "бұйымтайының" шетін шығарды...- Өмеке, интернет дегеннен хабарыңыз бар екен. Жазбаларыңызды әйелім көрсетіп отырады.Мен өзі бала кезден бірдеңе оқуға жоқпын ғой. Жазғандарыңызды түсіне бермеймін... Менің бір өтінішім бар. Қиын болмаса орындасаңыз-деп қиылды. -Қолдан келіп жатса, орындайық,-дедім. -Онда азырақ әңгіме тыңдаңыз!-деп әңгімесін бастап кетті. Мектепте 8-класта өзінен бір класс кейін оқыған қызға ғашық болыпты. Әлгі қыз қыз біткеннің көріктісі екен. Бірақ, біздің кейіпкерде ондай сұлудан дәметерлік рең болмапты. Оның үстіне мінезі де қазіргідей емес, бала кезде ынжықтау екен…

0
0
421

Жетісайдың тазалық сақшылары өз жұмыстарын аяқтады

Бүгін Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының орталық саябағында "Жасыл ел" бағдарламасымен туған жерін көркейтуге ат салысып жүрген жастар өз жұмыстарын аяқтады.

Мақтарал ауданы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Пердеш Есенбеков, Жетісай қаласының әкімі Байдулы Базарбаев, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Мұхтар Бейсенбаев қатысқан аяқтау кешінде қаламызды көркейту үшін талмай еңбек еткен жастарға "Алғыс хат" беріліп, кітаптар сыйға тартылды.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
803

Қазақ атамыздан сөз артылған ба?!

Бала тәрбиесі бей-жай қарайтын дүние емес. Қазақ атамыздан сөз артылған ба, баланы бесіктен деген. Үш жасқа дейін сіңірілген тәрбие сүйекке өтеді. Баланы ең әуелі қазақы етіп тәрбиелеген дұрыс деп санайтындардың қатарынанмын. Соңғы уақыттары қазақ арналарынан тым тәуір бағдарламалар мен сериалдар көрсетіле бастады. Бала жылтырға, көгілдір экранға жақын келеді ғой. Сол арада үнді сериалын көргенше қазақша сериалды қосып берсеңіз ұтылмайсыз дер едім. Өйткені өзіміздің құндылығымызды, менталитетімізді бала бойына сіңірмесең шетелге еліктеп пайда таппайсың. Бәрібір түптің түбінде өз салтымыз бен әдет-ғұрыпымыз ұмытылмауы керек. Бұл үшін сіз бен біз болып баламызды осы жолға тәрбиелейікші ағайын.

1
0
305

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу

2016 жылдың 25 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлық саласындағы заңнамаларды түсіндіру, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау жүргізу ережелерін түсіндіру мақсатында, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізілді.

0
0
258

Білім беру мекемелері алдында орналасқан жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде

2016-2017 жаңа оқу жылының басталуына байланысты Қызылорда қаласы көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қатысуымен, оның ішінде жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға (бағдаршам, жол белгілері, жол үсті таңбалары, жаяу жүргіншілер жолы) зерделеу жұмыстарын жүргізілді. Нәтижесінде, облыс орталығындағы біршама білім беру ұйымдарының алдында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол белгілері мен жол үсті таңбалары жетіспейтіндіктері анықталды. Зерделеу нәтижесімен қала аумағында орналасқан 59 білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелер алдында 106 дана жол…

0
0
999

Екінші Президенттік резервті оқыту курстарының аяқталуы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас прокуратурада Құқық қорғау органдары академиясындағы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін екінші оқыту курстарының аяқталуына арналған салтанаты іс-шара өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/ekinshi-prezidenttik-rezervti-okytu-kurstarynyn-ayaktaluy-turaly-baspasoz-akparaty

0
0
478

Тамыз кеңесі

2016 жылғы 22 тамызда Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерлерінің «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңестері аясында облыстың білім беру ұйымдары басшыларының секциясы өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекеттік жалпыға міндетті жаңартылған білім беру стандартымен белгіленген міндеттерді іске асырудың өзекті сұрақтары талқыланды. Кеңесті Иванова Тамара Николаевна, Павлодар облысының білім беру басқармасы ашты. Пленарлық бөлімде Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының директоры Слямова Сауле Шаимовна, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика каф…

0
0
1882

Мақтарал ауданына деген мемлекетіміздің көзқарасы ерекше – Қуаныш Айтаханов

Бүгін Парламент сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Мақтарал ауданының халқымен кездесті. Аудандағы кадрлық өзгерістерден хабары бар депутат жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілей отырып, ауыл шаруашылығына қатысты көптеген мәселелердің басын шалды.

«Мақтарал ауданы экономикасы мен халқының саны жағынан Қазақстандағы ең үлкен аудан болғандықтан да мемлекетіміздің бұл өңірге деген көзқарасы ерекше. Мақтаралдың бір жүйеге келтіріліген суармалы жерлерін еліміздің басқа өңірлерінен табу қиын. Дәл сол себепті Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығын, соның ішінде егіншілікті қолдау мақсатында мемлекет көптеген жобаларды іске асырмақшы» - деп сөзін бастаған Қуаныш Айтаханов ауданның потенциалы мемлекет үшін аса ірі нысан болып табылатынын атап өтті.

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
625

Күнделігімнің бір парасы

16 тамыздағы олимпиада күнделігі ерекше шықты. Бірақ, ... осылай дейтін тұстары көп болды, әрине...

БОКС: Жайна Шекербекова 1/4 ширек финалында  ұтылып, турнирден шығып кетті, Әділбек Ниязымбетов қарсыласын жеңіп, финалға жолдама алды, Иван Дычко қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

 

АШЫҚ СУДА ЖҮЗУ: Виталий Худяковтан  марафоны аластатылды.

 

БАЙДАРКАДА ЖҮЗУ ЖӘНЕ КАНОЭ: Екі адамдық ескекпен жүзуде Ирина Подойникова мен Наталья Сергеева 500 метр қашықтықта ақтық мәре сызығына жетінші болып келді, Инна Клинова 200 метр қашықтықта бір адамдық ескекпен жүзуде финалда 8-ші орынға ие болды.

 

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: Анастасия Пилипенко, кедергілермен жүгіруде 100-метрлік қашықтықта жартылай финалға өте алмады.

0
0
446