Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтаралда Ата заңымыздың мерекесі аталып өтті

Ел тарихында елеулі орын алған, жарқын болашаққа бастау болған Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күні Мақтаралда аталып өтті. 21 жасқа толған Ата заңымыздың мерекесі қарсаңында Мақтарал ауданында жаңадан салынған 6 мектеп пайдалануға берілмекші. Бұл туралы аудан әкімі Ғалым Исмаиловтың өзі хабарлады.

«Биыл еліміздің негізгі заңы – Конституциямыздың қабылданғанына 21 жыл толып отыр. Осыған орай, ауданымызда мереке кең көлемде аталып өтілуде. Ата заң меркесі аясында Мақтаралда 6 мектеп пайдалануға берілгелі жатыр. Мектептеріміз 1-қыркүйек білім күні мерекесінде алғашқы ашық сабақтарды Ата Заңымызға арнауы тиіс. Шаруа диқандарымыз бақша өнімдерін өсіріп, өнімін еліміздің түкпір өңірлеріне жеткізіп, шет елдерге экспорттауда. Енді таяу күндері мақта жинау науқаны да басталады. Мұның бәрі ел ішіндегі ұлы құндылықтарды ұлықтаған ұлы құжат елге ырыс, жақсы тұрмыс әкеліп отырғаны айдан анық. Бүгінде еліміз қол жеткізген барлық жетістік пен жеңісіміз осы Конституцияның арқасы деп білеміз» - дейді Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Исмаилов.

Мерекелік кеште Президентіміз Н.Назарбаевтың жолдауларын белсенді орындап, халыққа пайдасын тигізіп жүрген ауданымыздың бірнеше азамттары облыс әкімі мен аудан әкімінің «Алғыс хаттарын» алды. Іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

   

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
476

Осы тақырып бойынша

Мақтаралда Ата заңымыздың мерекесі аталып өтті - Yvision.kz