Генамен шықуға Келл Бруктың дәті бармайды-ау!
Генамен шықуға Келл Бруктың дәті бармайды-ау!
Британдық Келл Брук пен Геннадий Головкин 10 қыркүйек күні шаршы алаңғы шығады. Санаулы күн қалды. Бірақ Келл бауырымыз Генамен қарсыласу үшін талай қиындықтан өтуіме тура келеді деп осы бастан мойындап қойыпты. Мен негізі өмірде өз өзіме сенімсіздеу адаммын деп ағынан жарылыпты. Сол үшін маған жақындарым мен отбасымның қолдауы қажет. Бірақ бір анығы тозақтан өткендей қиналуға тура келеді, бірақ мен оған дайынмын депті. Әлсіздеу екенін мойындағанына шүкір. Айтпақшы бұл бокс 10 қыркүйек күні түнгі 23 00 де Лондонда өтеді, оны Ұлттық арна мен қазспорт көрсетеді.
