2016-2017 оқу жылында Мақтарал ауданында жалпы 124 мектеп жұмыс жасайды – Лесхан Қойлыбаев

«2016-2017 оқу жылында Мақтарал ауданында жалпы 124 мектеп жұмыс жасайды. Оның ішінде 121 жалпы орта, 3 негізгі орта мектеп жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа ауданда 2 саз мектебі, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты және балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жұмыс істейді» - дейді Мақтарал ауданының Білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев. Бұл туралы ол «Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы көшбасшылық және басқару» тақырыбында Мақтарал ауданында өткен бүгінгі «Тамыз кеңесі – 2016» конференциясында айтты.
Білім бөлімінің басшысының айтуынша, бүгінгі таңда ауданда мектептердің саны 124-ке жетіп, типтік мектеп ғимараты 91, ыңғайластырылғаны 33 болып отыр екен. «Жаңадан қосылатын ғимараттарды есепке алсақ, типтік мектеп ғимараты 96, ыңғайластырылған ғимараттағы мектеп саны 28 болғалы тұр. Атакент кентінен жаңа 300 орындық, Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық, Панфилов атындағы мектепке 300 орындық, Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектепке 300 орындық, Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектептің 200 орындық, «Сырдария» жалпы орта мектебінің 200 орындық ғимараты аяқталып 1-қыркүйек күні пайдалануға беріледі» - дейді Лесхан Қойлыбаев.
(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
