Мазмұнға өту

Жаңа

«Азаматтарға арналған үкіметте» жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруды жалғастыруда. Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды. Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік ко…

0
0
445

«Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалып, еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік берді. Бұған дейін, 2016 жылғы сәуірде құрылған мемлекеттік корпорацияның құрамына кірген «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудің бөлек-бөлек жүйесі және лауазымдар тізбесі болған. «Азаматтарға арналған үкімет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтің айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберінде жүргізілген. «Төрт мекеме біріктірілгеннен кейін біз құрылымдық бөлімшеле…

0
0
361

Қазақстандықтар үшін мүгедектігі бойынша төлемдерді алу рәсімі жеңілдетілді

Жаңа композиттік қызмет мүгедектікті белгілеу мен жәрдемақы тағайындау рәсімін айтарлықтай жеңілдетті. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлесіп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшін мемлекеттік жәрдемақыларды алуды жеңілдетуге бағытталған. «Бұған дейін мүгедектікті белгілеу үшін жүгінген адам алдымен медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне баратын. Осы рәсімнен кейін ғана әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін ЗТМО-ға жүгінетін еді,» - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серікқан Сабыржанов. «Енді медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келу жеткілікті, мұнда мүгедектік белгіленгеннен кейін азамат үш мемлекеттік қызметке:…

0
0
576

Бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қақысы бар. Енді бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп ресімдеуге болады. «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының филиалы – ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзіне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтініш беруге болады. Электрондық үкімет порталы арқылы берілген өтініш жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа автоматты түрде жіберіледі…

0
0
372

Қазақстанда жүктілігіне және босануына байланысты төлемдерді ресімдеу рәсімі жеңілдеді

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтік төлемдерді есептеуге қажетті құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болып отыр. Енді, өтініш берген кезде әйелдерге соңғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлігін, еңбекке жарамсыздық парағы мен банктік шотын ұсыну жеткілікті. Жеке кәсіпкер куәлігі бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тіркеу туралы куәлік пен салықтары бойынша салыстырып тексеру акті қажет болады. «Бұрын мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтік аударымдарды жұмыс орнынан берілген анықтамада көрсетілген сомалармен с…

0
0
277

Қызылордада «Парасатты полицей» байқауының жеңімпаздары анықталды

2016 жылғы 27 тамызда Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» облыстық байқауы өтті. Аталмыш сайыстың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын насихаттап, мәртебесін арттыру, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру, тәртіп сақшыларының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, ішкі істер органдары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді құрметтеуге шақыру және олардың құқықтық мәдениетін, ізгілік пен парасаттылық рухын көтеру. Байқауға аудандық ішкі істер бөлімі мен қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен құралған барлығы 7 команда қатысты. Сайыс 3 айналымнан тұрды. «Сақшыдан сәлем» сайысында қатысушы командалар өздерін, ұранын, мақсат-міндетін таныстырса, «Сөзмерген» сайысында білігі мен білімі, ұтқы…

0
0
736

Елімнің жүрегі

Астана – еліміздің бас қаласы. Елорданы ауыстырғалы, 18 жыл өтті. Біраз уақыт зымырап өтіп, қаланың ішінде қандай өзгерістер орын алды, қандай мәселелер әлі де болса шешілген жоқ . . . Осы жайттар мен көптеген басқа салалар туралы өзімнің ой-пікірімде тоқталғым келіп тұр. Өзім 80-жылдардың соңында Целиноград қаласында дүниеге келген едім. Арада 27 жыл өтіп, қала көз алдында өзгеріп те үлгерген екен. Ол кезде әлі де, Совет Одағынан қалған ірі кәсіпорындар баршылық: Ет комбинаты, М.Маметова фабрикасы, Целинсельмаш пен Казахсельмаш зауыттары, Целиноградтық вагон жөндеу зауыты, Целиноградтық шойын қорыту зауыты және көптеген басқа да ірі-ұсақ өндіріс орындары. Атап айтқанда, Солтүстік және Орталық Қазақстан бойынша, ең ірі өндіріс қалаларының бірі болып саналған. Бидайды және астықты өсіру ме…

2
0
1937

Үміттеріңіз жоғалып, армандарыңыздан ажырап қалмаңыздар!

Жасы менімен қатарлас бір көршім бар. Бір күні аллеяда жолығып қалды. Таныстығымыз шамалы еді, аздап ұрттап алған екен. Содан болса керек, әңгімеге тарта бастады. Оны-мұныны сөз қылып біраз жүрдік.Бір кезде "бұйымтайының" шетін шығарды...- Өмеке, интернет дегеннен хабарыңыз бар екен. Жазбаларыңызды әйелім көрсетіп отырады.Мен өзі бала кезден бірдеңе оқуға жоқпын ғой. Жазғандарыңызды түсіне бермеймін... Менің бір өтінішім бар. Қиын болмаса орындасаңыз-деп қиылды. -Қолдан келіп жатса, орындайық,-дедім. -Онда азырақ әңгіме тыңдаңыз!-деп әңгімесін бастап кетті. Мектепте 8-класта өзінен бір класс кейін оқыған қызға ғашық болыпты. Әлгі қыз қыз біткеннің көріктісі екен. Бірақ, біздің кейіпкерде ондай сұлудан дәметерлік рең болмапты. Оның үстіне мінезі де қазіргідей емес, бала кезде ынжықтау екен…

0
0
420

Жетісайдың тазалық сақшылары өз жұмыстарын аяқтады

Бүгін Мақтарал ауданының орталығы Жетісай қаласының орталық саябағында "Жасыл ел" бағдарламасымен туған жерін көркейтуге ат салысып жүрген жастар өз жұмыстарын аяқтады.

Мақтарал ауданы Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Пердеш Есенбеков, Жетісай қаласының әкімі Байдулы Базарбаев, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің директоры Мұхтар Бейсенбаев қатысқан аяқтау кешінде қаламызды көркейту үшін талмай еңбек еткен жастарға "Алғыс хат" беріліп, кітаптар сыйға тартылды.


 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

0
0
803

Қазақ атамыздан сөз артылған ба?!

Бала тәрбиесі бей-жай қарайтын дүние емес. Қазақ атамыздан сөз артылған ба, баланы бесіктен деген. Үш жасқа дейін сіңірілген тәрбие сүйекке өтеді. Баланы ең әуелі қазақы етіп тәрбиелеген дұрыс деп санайтындардың қатарынанмын. Соңғы уақыттары қазақ арналарынан тым тәуір бағдарламалар мен сериалдар көрсетіле бастады. Бала жылтырға, көгілдір экранға жақын келеді ғой. Сол арада үнді сериалын көргенше қазақша сериалды қосып берсеңіз ұтылмайсыз дер едім. Өйткені өзіміздің құндылығымызды, менталитетімізді бала бойына сіңірмесең шетелге еліктеп пайда таппайсың. Бәрібір түптің түбінде өз салтымыз бен әдет-ғұрыпымыз ұмытылмауы керек. Бұл үшін сіз бен біз болып баламызды осы жолға тәрбиелейікші ағайын.

1
0
305