Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мақтаралда «Тамыз кеңесі – 2016» конференциясы болып өтті

Бүгін Мақтарал ауданында «Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асырудағы көшбасшылық және басқару» тақырыбында «Тамыз кеңесі – 2016» конференциясы болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, Білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев, аудан әкімінің орынбасары Марат Абуов, аудандық мәслихаттың хатшысы Мұхтар Жалмшиев, ОҚО Білім бөлімінің бас маманы Ғалия Жүсіпова және Мақтарал ауданының білім беру ошақтарының қызметкерлері қатысты.

1-қыркүйек білім күнімен барша ұстаздарды құттықтаған аудан әкімі Ғалым Исмаилов «ұстаз» деген мамандықтың өте қадірлі де киелі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев кең көлемде баяндама жасап, дәлме дәл аналитика арқылы аудан білімінің жағдайын цифрлармен өрнектеп берді. Конференцияның соңында білім саласында толағай табыстарға жеткен ұстаздар қауымын аудан әкімі марапаттады.

 

(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
0
0
969

Осы тақырып бойынша

Мақтаралда «Тамыз кеңесі – 2016» конференциясы болып өтті - Yvision.kz