Қырғыз бауырларға!

1932-33 жылдардағы ашаршылықта қырғыз ағайындар ашыққан қазақ халқына өлшеусіз көмек көрсетті.
Қырғыз бауырлардың бөліскенінің талқан-шалабының арқасында аман қалған қазақтардың арасында сол кезде 5 жасар менің анам да болды.
Аллаға мың да бір шүкір, сол аман қалған бүлдіршін қыздың ұрпақтары бүгінде үлкен әулетке айналды..
1986 ж. Желтоқсанда көтерілген қазақ жастарына көмекке алдымен ұмтылған қырғыз жастары еді.
Қазақ халқы қырғыз бауырлардың сол жақсылықтарын мәңгі ұмытпайды.
Сол әулеттің және еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген өз шәкірттерімнің атынан бүгін қара жамылып, қайғыға батып отырған бауырлас қырғыз халқына көңіл айтамын!
Қайғыларыңызға ортақпыз бауырлар!
Қырғыз елі дамып, өсіп-өркендеп, жастары күнкөріс көзін шеттен іздемеуіне шын жүректен тілектеспін!

