Мазмұнға өту

Жаңа

Менің күнделігімнің бір парасы:

9 тамыз күнгі жарыстардан көп үміт күткен едім. Ай, қайдам. Бірақ, Баландиннен бірдеңе шығады.

АУЫР АТЛЕТИКА: 63 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға Карина Горичева қол жеткізді.

ДЗЮДО: Бірінші раундта 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мариан Урдабаева жеңіліп қалды.

ЖҮЗУ: Дмитрий Баландин 200 м брасс әдісі бойынша жүзуде жартылай финалда ойын корсетіп, финалға жолдама алды.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ: Светлана Германович және Владислав Яковлев жұбаныш ойынынына қатысты .

0
0
284

Менің күнделігімнің бір парасы:

Ештеңе қыза қойған жоқ. Елдостан кейін, бәрі солай «дырылдап» кете береді деп ойлағанбыз. Бірақ, кедергілер, тосқауылдар болды... Сонымен, 8 тамыздамыз. АУЫР АТЛЕТИКА: 62 кг дейінгі салмақтағы жарыста Фархат Харки қола медаль жеңіп алды. БОКС: Біздің үш боксшымыз - Біржан Жақыпов, Әлімханұлы Жәнібек пен Василий Левита қарсыластарын жеңді. САДАҚ АТУ: Сұлтан Дүзельбаев 1/32 финалда Қытайлық қарсыласын жеңді, бірақ 1/16 финалда итальяндық қарсыласынан жеңіліп, ойынын аяқтады. ДЗЮДО: 73 кг салмақ дәрежесінде Дидар Хамза, Гамбиялық қарсыласын жеңіп, содан кейін Әзірбайжан дзюдошысынан (күміс медальді жеңіп алды) жеңіліп қалды. ОҚ АТУ: Юрий Юриков «10 метр әуе винтовкасы» жаттығуында квалификациядан өте алмады. АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУ: Светлана Германович және Владислав Яковлев 1/4 финалға өте алмады.…

1
0
401

Ұлттық музей сенің қалаңда!

2016 жылдың 2-ші қыркүйегі сағат 11:00-де Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде, төл мәдениетімізді насихаттау, құндылықтарды қастерлеу мақсатында, Ұлттық музей Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Ұлттық Музей сенің қалаңда!" атты мәдени тур өткізеді.


0
0
455

Үйі бардың – күйі бар

Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып, аз уақыттың ішінде көп нәтижеге қол жеткізген мемлекеттік бағдарламалардың бірі – тұрғын үй саласы. Қазақстан Республикасында толыққанды және теңдестірілген тұрғын үй нарығын құру, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту, құрылыс нысандары салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және құрылыс индустрия­сын дамытуға бағытталған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы толыққанды жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама Павлодарда қалай жүзеге асырылуда? Осыған тоқталайық. Павлодар облысында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша 2014 жылға – 3888,182 млн. тенге қаржы қарастырылған, оның ішінде: - тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі бағыты бойынша халықтың барлық санаттары үшін – 770,328 млн. тенге. - жалға…

0
0
657

Литературный конкурс «Алтын Тобылғы-2016»

Фонд Первого Президента Республики Казахстан объявил открытым второй ежегодный литературный конкурс «Алтын Тобылғы», цель которого – открыть новые имена в казахстанской литературе, развивать интерес молодежи и общественности к современной литературе, отражающей жизненную философию молодого поколения авторов. К участию в конкурсе приглашаются молодые казахстанские авторы в возрасте от 18 до 35 лет. Рассматриваются только неопубликованные ранее работы. Премия «Алтын Тобылғы» вручается в четырех номинациях: «Лучшая проза», «Лучшая поэзия», «Лучшая драматургия», «Лучшая детская литература». Победитель в каждой из них получит по 1 млн тенге. Кроме того, в нынешнем году объявлена специальная тематичес­кая номинация к 25-летию Независимости РК в размере 1,5 млн тенге. Конкурсные работы будут оце…

0
0
699

Астана әкімінің сыйлығына риза болдым!

Рио олимпиадасының дүбірі басылғанымен, қызығы таусылар емес. Данияр Елеусіновке Әсет исекешев табыстаған Ленд Крузер-300-ны айтсаңызшы. Кез-келген жігіттің арманы ғой. Қара тұлпар, көліктің төресі. Өзіне жарасып-ақ тұр. Менің де мінгім келіп кетті)))) Батыр анадан туады. Кез-келген ана өз баласының осындай болағанын қалайды. Ең үлкен бақыт осы шығар. Әлемнің үздігі атану. 8 миллиард адамның ішінен үздік шығу қандай бақыт!!  Батырларын құрметтеген билікке де рахмет.

0
0
332

РИО-дан оралған оғландардың алғашқы сұқбаты

Олимпиадашылардың эфирдегі алғашқы сұқбаты. Кеше Қазақстан телеарнасының жаңалықтарынан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов шықты. Білуімше, РИО-дан оралған оғландардың алғашқы сұқбаты. Дзюдодан әлемде екінші орын алу оңай емес. Өмірде қайдам, эфирден кіп-кішкентай, тығыншықтай жігіт екен. Шымыр екені телевизордың арғы жағында отырса да байқалып тұр. Спорттан бөлек, сөз саптауы, ой-пікірі, дүниетанымы ерекше екені байқалады.Қарапайым қазақ жігіттері осындай бикітерден көрініп, батырға айналып жатқаны қуантады. Қандай құрметке болса да лайық. Эфирден ресми тұлғаларды ғана емес, спортшы-чемпиондарымызды, халық танитын батырларымызды осылай жиі көрсетіп тұрса шіркін.

0
0
265

Қоғамдық кеңестердің пайдасын көргендеріңіз бар ма?

Қоғамдық кеңестердің пайдасын көргендеріңіз бар ма? Әсіресе оңтүстік өңірде Қоғамдық кеңестер кәдімгідей құзыретті дейді. Кез-келген мәселе болмаса да анау-мынау «вопростарыңызды» шеше береде-міс. Әкімдерде қоғамдық кеңестерден кәдімгідей ығысады екен. Кеңестер туралы арнайы шыққан заңды оқып шықтым. Құжат бойынша әжептәуір құзыреттері бар екен. Оны тек тәжірибеде қолданып, билік пен халық арасындағы мәселелерді көтерсе жақсы болар еді. Жаңадан құрылған құрылым болғандықтан әзірге кеңес жұмысының жетілдірер тұстары аз емес. Уақыт өте келе кәдімгідей күшті комиссияға айналады деген сенім бар. "Қазақстан" телеарнасындағы Қоғамдық кеңес деген тележобаның мүмкіндігін пайдаланып, олардың рөлін күшейткен дұрыс-ау.

0
0
277

Әттең экономикадағы қаржылық қиындықтар болмағанда

Қазақстандықтар арасында Алматыны жақсы көрмейтін адам жоқ шығар. 18 қыркүйекте ару Алматының 1000 жасы тойланады екен. Әттең экономикадағы қаржылық қиындықтар болмағанда, республика бойынша атап өтерме едік. Дегемен, ат шаптырып, бәйге бермесе де Алматы әкімдігі қалалықтарға тосын сый дайындап жатыр екен. Бір мезетте 12 мың адам сыятын Универсияданың спорт кешенінде үлкен той болады екен. Қазір кешеннің құрылысын тездетіп аяқтау үшін жанталасып жатқан көрінеді. Не де болса, қызық той болайын деп тұр. Алматылықтар сіздер қалай тойлайсыздар?

0
0
274

Қазір 17 мың адамның 742-сі ғана тірі.

1949-бен 1991 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының 17 мың тұрғыны Семей жерінде әскери борышын өтеген. Қазір сол тізімдегі  742  адамның ғана көзі тірі.  Кеше жаңалықтардан осындай сюжет көрдім. Семей қайда Батыс қайда деп ойлайтын едім. Сөйтсем бұл қасіреттің жетпеген жері қалмапты ғой. Тастемір Қажымағамбетов есімді ел ағасын көрсетті, шығыс өңірінде әскери борышын өтепті. Одан  бері 46 жыл өтсе де ядролық сынақтардың зардабын тартып келеді екен. Аяқ қолы сырқырап, үшінші перзенті бала кезінен мүгедек болып қалған.  Бейбіт жандардың тағдырына таңба таққан полигонды жабу, Қазақстанның ерен ерлігі. Осы аптада семейдегі сынақ алаңдарының жабылғанына 25 жыл толады екен, ел болып атап өту керек.

-1
1
218