Оқуға тұрарлық 5 кітап
Әр қазақтың міндетті түрде оқуы қажет кітабы – «Абай жолы» деп айтады деп ойлап отырған шығарсыз, бірақ мен олай айтпаймын, себебі өзім де оқымағам (басын бастап қойғам). Бүгін мен осы уақытқа дейін оқыған кітаптарымның ішіндегі ең үздік деп есептейтін 5 кітап жайлы айтпақпын. Және әр кітаптан түртіп алған дәйексөздермен бөлісемін. Ал ендеше кеттік!5. Да Винчи коды. Дэн Браун.Қазақтығыма сын келері анық, алайда мен Іліяс Есенберлиннің «Көшпенділерін» әлі оқымадым. Сол себепті бір күні университет кітапханасына осы кітапты алу үшін барған едім. Кітапханашы орыстың әйелі екен. Кітап өзге оқырмандардың қолдарында екендігін айтты. Басқа қандай кітап бар екен деп, сөрелерді көзбен шолып жүріп, Да Винчи коды деген кітапқа көзім түсті. Бұл атауды бұрын естігендіктен, орыс тілінде жазылған кітап…