Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

2016 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, онда мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істер қаралды.

«Бурабай ауданының құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы Е.Е. Биданов пен осы бөлімнің бас маманы С.А. Ақылбаевқа қатысты тәртіптік істер қаралды, олар мемлекеттік сатып алу өткізу жөнінде конкурстық комиссия құрамында біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қатысушы «Энергоэкспорт» ЖШС-не құқыққа сыймсыз қолдау көрсетіп, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бұзған, бұл «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының                              4) тармақшасында көзделген   мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық болып табылады. Одан басқа, Шортанды ауданының әкімі Г.Ә. Сәдуақасованың қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп норма бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысы жөнінде есебі тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсыныстарды қабылдады.

Департамент госслужбы

0
0
248

Осы тақырып бойынша