Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР ДСӘДМ-де корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту қағидаларын түсіндірді

Келіссөз процестерінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы ДСҰ-ның шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту саласындағы шоғырландырылған міндеттемелерін келісті.

Осы міндеттемелер «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңында және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру (КІА) шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарында көрсетілгенін еске сала кетейік.

КІА шеңберінде Қазақстан Республикасына басшы, менеджер және маман санатына жататын жоғары білікті қызметкерлер ғана тартылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Осы шетелдік қызметкерлерді тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын экономика секторларына ғана жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Одан басқа, КІА шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде жұмыс берушілер 2021 жылға дейін ішкі еңбек нарығынан тиісті мамандарды іздеуді жүзеге асырады.

КІА шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлер үшін рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген, бірақ он екі айда бір рет ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын ауыстыру мерзіміне берілетін болады.

Сонымен бірге, мұндай қызметкерлерді тартуға рұқсаттар квотадан тыс беріледі.

Осы ретте, жұмыс беруші кадрлар бойынша жергілікті қамту талаптарын сақтауы тиіс, яғни КІА шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлердің саны қазақстандық азаматтар санының    50 %-ынан аспауы тиіс.

Кадрлар бойынша жергілікті қамту шетелдік қызметкерді басшы лауазымына тарту кезінде қолданылмайды.

Жергілікті атқарушы орган рұқсаттар берген кезде жұмыс берушіге рұқсаттар берудің ерекше талаптары жүктеледі. Бұл қазақстандық кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, сондай-ақ қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын ашу.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
621

Ю.Ильин: Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады

Қазақстанда 3 жаңа бөгет салынады, деді Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

«Қазселденқорғау» ММ жүргізген жұмыстардың қорытындысына сүйенсек, жыл сайын өзендердегі су деңгейі мұздық көлдердің еруі есебінен көтерілуде. Ғалымдарды мұздықтардың жаппай еруі алаңдатып отыр. Себебі, бұл өте қауіпті құбылыс. Қазіргі таңда жаһандық климаттың өзгеріске ұшырап жатқаны белгілі. Бүгінгі күннің өзінде Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауында мұздықтар еріп жатыр. Болашақта еріген қардан өзендердегі судың деңгейі көтерілуі мүмкін. Мамандардың ұзақ жылғы жүргізген зерттеуіне сәйкес, таулы елді мекендерде жауын-шашын көп түседі. Бұл сел тасқынын және тау көшкінін тудыруы мүмкін. Мұндай жағдай осы жылы Алматы және Алматы облысында тіркелген болатын. Сондықтан осы мақсатта тиісті шаралар жүргізілетін болады», - деп түйіндеді сөзін басшы.

Оның айтуынша, Қазселденқорғау» ММ мамандары «География институты» ЖШС-гін тарту арқылы Алматы облысы мен Алматы қаласының 13 мұздақ көлінде батиметриялық жұмыстар жүргізді.Сел қауіпті кезеңде Қазселденқорғау қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

«Сел қаупін азайту үшін 11 жарылу қаупі бар мұздақ көлде сел қаупін төмендету бойынша алдын алу іс-шаралар кешені жүргізілді.Мәселен, алдын алу іс-шараларын орындау барысында мұздақ көлдердің эвакуациялау арналарын тереңдету және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Көл қазандықтарынан қосымша суды сорып шығару үшін диаметрі 100-ден 150-ге дейін сифон орнатылды. Сонымен қатар суды сорып шығару сорғының көмегімен жүргізіледі», - деді ол.

«Алматы әкімдігі жергілікті бюджеттен Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде № 13 Бис мұздақ көлді босатуға 30 млн. теңге бөлінді. Мұздақ көлдерге арналған барлық алдын алу іс-шаралары қауіпсіз деңгейге дейін азайтылды. Эвакуациялау арналары бойынша сорғы мен сифон арқылы 9,5 млн. артық текше метр су ағызып жіберілді, көлемі 22 мың текше метр жер және жару жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 13 селден қорғау объектіде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 65 028,7 мың теңге бөлінді. Қазіргі уақытта барлық объектідегі жұмыс аяқталды. Ағымдағы жылы 7 сел шығарындысы, 1 беткей ағыны және 26 тасқын құбылысы тіркелді», - деді Ю.Илиьн.

Сонымен қатар сел қауіпті кезеңге дайындалу мақсатында Қазселденқорғау өзен арналары мен автожолдардың қауіпті учаскелерінде 90 ақпараттық қалқан және ескерту белгілері орнатылды.

Ол айтқандай,  «Қазселденқорғау» ММ кешенді бригадасы  Алматы облысында төрт ай бойы таудағы биіктігі шамамен 3500 метр әртүрлі сел қаупі бар учаскелерде тұрып жұмыс істеді. Олардың саны 150-ден астам адам. Жалпы алғанда республика бойынша өткен сел қауіпті кезеңде шамамен 400 адам жұмылдырылды.«Қазселденқорғау» ММ-нің бөлімшелері жергілікті тұрғындар мен қауіп-қатер аймақтарында демалып жатқан адамдарға 2 000-нан астам брошюра таратты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
456

Шағын несиелеу бағдарламасы бойынша 934 млн теңге болатын 207 өтінім қаржыландырылды

Осы жылдың 3 қазаны күнгі жағдай бойынша ҰКП-ның микронесие беру бағдарламасы бойынша сомасы 2 496 млн теңге болатын 454 өтінім келіп түскен, соның ішінде сомасы 1 353 млн теңге болатын 299 өтінім мақұлданды, деп хабарлады Ұлттық компания.

Расталған өтінімдердің ішінде сомасы 934 млн теңге болатын 207 өтінім қаржыландырылып үлгерді. Сонымен қатар барлық қаржы көздерінен (әкімдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау қорларының қаражаттарын есептегенде) жалпы алғанда сомасы 1 980 млн теңге тартылып, 445 өтінім қаржыландырылды.

Жамбыл облысында да микроқаржы ұйымын ашуға дайындық жүргізілуде. Оған өңір әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП қатысады. Осы жылдың тамыз айында микроқаржы ұйымы әділет органында тіркелді, қазір ұйым ҚР Ұлттық банкінде есептік тіркеуге қойылып жатыр. Қазіргі таңда микроқаржы ұйымына инвесторлар іздестірілуде. Қаржыландыруға өтінім қабылдау басталып кетті. 10 өтінім қабылданып үлгерсе, Несие комитеті соның 5-ін мақұлдады.

Ұлттық палата барлығы 701,8 млн теңге болатын шағын несие берген, соның ішінде «Қызылода ӨИО» микроқаржы ұйымы – 183,4 млн теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Ақтөбедегі филиалы – 300 млн теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Алматыдағы филиалы – 218,4 млн теңге бөлді.

Бүгінгі таңда «Атамекен» ҚР ҰКП-ның микронесие бағдарламасы еліміздің бес өңірінде жұмыс істеуде: Алматы және Ақтөбе облыстарында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы, Қызылорда облысында «Қызылорда ӨИО» ЖШС арқылы, сондай-ақ, Қостанай және Маңғыстау облыстарында да шағын қаржы ұйымдары құрылған.

Маңғыстау және Қостанай облыстарындағы микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын құру үшін, әр облысқа 15,3 млн теңгеден қаржы бөлінді. Жарғылық капитал құруға Маңғыстау облысының әкімдігі 288 млн теңге, Қостанай облысының әкімдігі 150 млн теңге бөлді.

«Атамекен Қостанай» МҚҰ» ЖШС бойынша 71 жоба мақұлданып, соның 42-сі қаржыландырылды. 42 жобаның ішіндегі 8-і жаңадан ашылып жатқан бизнестер.

«Атамекен» МҚҰ» ЖШС (Маңғыстау облысы) бойынша 16 жоба мақұлданып, соның ішіндегі 8 жоба қаржыландырылды.

Бөлінген несиелік ресурстардың негізгі бағыттары: өсімдік шаруашылығы –33%, мал шаруашылығы – 28%, халыққа қызмет көрсету – 15%. Сондай-ақ несиелер балық өсіруге, ара өсіруге, жол жиегіндегі сервис нысандарын салуға, шағын наубайхана, аспаздық цехтарын ашуға, ет, сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
500

7 айда мемлекеттік саябақтарда 700 мыңнан астам адам болды

2016 жылдың 7 айында мемлекеттік саябақтарда 741 822 адам болды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Соңғы бес жыл ішінде жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келуінің оң үдерісі байқалуда, жалпы алғанда ЕҚТА-да 4,5 млн. астам адам болды. Ағымдағы жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырудың көлемі – 8,1 млрд. теңгені 2015 жылға қарсы 6,8 теңгені құрады.

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мынадай іс-шараларды жоспарлауда: 2017 жылы неғұрлым көрікті орындар мен нысандар көрсетілетін 3D-сапарлар әзірлеуге кірісу, сонымен ақылы қызметтер көрсетуден ұлттық парктер алатын қаржы қаражатының бір бөлігін Қазақстан Биоәртүрлілікті сақтау қорының есепшотына аудару мәселесін пысықтаужәне де алдағы уақытта жиналған қаражатты парктердің, қорықтардың және резерваттардың инфрақұрылымын дамытуға жұмсау.

Келесіде, ҚР Ұлттық парктері желісінің экотуристік брендингін құру мәселесін пысықтау және келушілерге қызмет көрсету және оларға мәліметтер беру үшін ЕҚТА кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселесін пысықтау (көрсетушілер мен экскурсия ұйымдастырушыларды оқыту).

Комитет тендерлер нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9948,21 га 257 жер учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға және жалпы көлемі 248, 68 га 135 жер учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға берді. Айрықша баса айтайық, ЕҚТА-да туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер учаскелері жалға берілмейді және оларға жерге мемлекеттік актілер тапсырылмайды.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шегінде табиғи аумақтардың рекреациялық сыйымдылығын, қатаң түрде белгіленген бағыт бойынша туристік және рекреациялық аймақтарды пайдалануға маршруттар ұйымдастыруды ескере отырып, туристер мен келушілердің ағынын реттеу жүйесін енгізу жұмыстары жалғастырылуда. Туристік және рекреациялық қызметтер аймағына бөле отырып барлық ұлттық парктердің аумағын аймақтарға бөлу өткізілді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
375

«Алдаспан» ақындары Алаштың ақынымен кездесті

11 қазан күні ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі,  «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлымен «Алдаспан» жас ақындар клубы  кездесу өткізді.  Кездесуге С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің  және Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының студенттері ақынмен кездесуге қатысып, еркін әңгіме құрды.Кештің мақсаты – Ертай Айтқалиұлының шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеу, шығармаларынан өзіндік ой түюге бағытталды. Алғашқы сөзді «Қазақстан-ZAMAN» газетінің павлодар өңірлік тілшісі Жарқынбек Амантайұлы алып, Ертай Айтқалиұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Ақын  өзінің соңғы жарық көрген «Мен Саған ғашықпын» романына ерекше тоқталды.

Бодандық пен тәуелсіздік... Алты ғасырға жуық уақыт ішінде қазақ халқының аты мен заты, тарихы, болашағы, ең бастысы талайлы тағдыры уақыттың қатал сынына сан мәрте түсіп, ақыры Аллатағаламның мейір шапағатымен бодандық қамытынан құтылып, қазір тәуелсіз мемлекет болып, төрткүл әлем таныған орнықты елге айналды. Қазақтың тарихи орындары көптеп саналады. Соның бірі де бірегейі қасиетті Ұлытау. Қазақ хандары ел тағдыры сынға түскенде, ұлы жорыққа аттанарда осы Ұлытауды таңдаған. Хандарды ұлықтау да осы Ұлытауда өткізілген.

Иә, жазушы «Мен Саған ғашықпын!» атты романының өтетін орны Ұлытауды кейіпке босқа таңдамаған. Романның жап-жас кейіпкерлері Ұлытаудың етегіндегі қарапайым ауылда балалық пен жастық шақтарын өткізеді. Кейін үлкен өмір өткелектерінен өтіп, олар нағыз күрескерлерге айналады. Ең басты олар өмірге ғашықтығын, махаббатын жоғалтпайды. Желтоқсан көтерілісіне қатысып, халқының шынайы тәуелсіздігі үшін күреседі. Небір тар жол, тайғақ кешуден өткен олар имандылықтан нәр алып, парасаттылықтың, сүйіспеншіліктің шыңы нағыз ғашықтық бір Аллахта ғана екендігіне көздері жетеді. Роман атының «Саған» деген өзінің бас әріппен берілуін оқырман сонда ғана ұғады.

Кеш барысында студеттер ақынға көкейде жүрген сан түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Кездесуде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Арман Қани сөз алып, Ерғали Айтқалиұлына ізгі тілегін жолдап, алғысын білдірді. Айта кетерлігі, Ерғали Айтқалиұлының кезекті шығармасында Арман Қани ағамыз басты кейіпкердің бірі. Ақын Кереку жастарының белсенділігіне дән ризашылық танытып, ақ батасын берді.

   
1
0
1620

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына террорлық акт қылмыстық оқиғасы бойынша қылмыстық іс түсті

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2016 жылдың 7 қазанында Ақтөбе қаласында 2016 жылы 5 маусымда орын алған террорлық акт қылмыстық оқиғасы бойынша қылмыстық іс келіп түсті.

Қылмыстық іс бойынша сотқа 29 тұлға (тұлғалар тізімі) берілген, олардың 9-ы түрлі қылмыстық құқықбұзушылық жасағандары, оның ішінде терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары үшін, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағандары, 2-уі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталуда.

Қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Сотталушылардың мүддесін 27 адвокат қорғайды.

Қылмыстық іс бойынша 48 куә, 88 жәбірленуші тартылған.

Ақтөбе облыстық сотымен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы үшін барлық тиісті жағдай жасалған, оларға арналған арнайы зал әзірленді.

Ескерту: Ақтөбе облыстық прокуратурасының ресми сайтында жәбірленушілердің саны (101 тұлға) туралы бұрын жарияланған ақпарат іс материалдары бойынша мәліметтерге сәйкес келмейді.

Қайнар:
0
0
698

Р.Тәжібаева: Халық таңдаған сапа – отандық БАҚ-та көрініс табуға тиіс

Бұл туралы бүгін ОКҚ-ғы журналистер арасындағы өткізіліп жатқан Ұлттық «Самғау» байқауының барысы туралы қоғамдық комиссияның брифингінде «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ президенті Рима Тәжібаева айтты.

Оның айтуынша, қазақстандық брендтер бүгінде әлемдік баламаларынан артық болмаса, бір де кем емес. Бағасы да, сапасы да жоғары деңгейде. Қалың бұқара да мұны біртіндеп түсініп келеді. Ендігі басымдық – отандық медиа саласының қолдауы мен насихаттау жұмысына тіреліп тұр. Өз кезегінде, «Самғау» ұлттық байқауы да осынау «Халық таңдаған сапа» тақырыбын әділ, сапалы және жан-жақты етіп көрсетуге республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ-тар мен блогерлерді тарту үшін өткізілуде.

«Байқаудың мақсаты – қазақстандық өндірушілердің үздік және қол жетімді өнімі туралы мәлімет беретін және бағдарлайтын, отандық брендтер жайлы тақырыпты халыққа түсіндіріп таратуға және дамытуға үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау. Яғни, республиканың барлық өңірлерінде қазақстандық өндірушілердің өнімі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыру – басты міндетіміз», — деп атап өтті ЗТБ президенті.

Сондай-ақ, ол журналистер қауымын белсенді болуға, барынша белсенуге шақырды. Себебі, ой еңбегінің қаһармандары үшін бірегей мүмкіндік беріліп отыр. Атап айтқанда, «Самғау» байқауының жеңімпазына Халық маркасы Jac S3 автокөлігі табысталады, Сондықтан да, қапы қалуға болмайды.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар бас жүлдеден бөлек 7 номинация бойынша 10 000 000 теңге байқау қорын ұсынуда. Олар: баспасөз (газеттер, журналдар), радио, теледидар, интернет-Бақ (оның ішінде, жаңалықтар агенттіктері), әлеуметтік медиа (блогерлер), шетелдік БАҚ аталымдары бойынша белгіленетін болады.

0
0
457

Биыл Қостанай облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 429 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 5,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 429 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда.

Жөнделетін ғимараттардың 139 – білім беру, 30 – мәдениет, 1 – денсаулық сақтау және 130 – транспорттық инфрақұрылым, 6 – әлеуметтік қорғау, 18 – спорт, 3 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 102 – абаттандыру  нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 4877 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2583 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 368 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 2277 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 1307 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

 
0
0
281

«Елімнің болашағы өз қолымда»

А.ж. 9 қазанда  Есіл ауданында  «Адал жол- Честный путь»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында    «Елімнің болашағы өз қолымда» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кітапхана меңгерушісі Е. Рифа тындармандарға жемқорлық  және оның әсерлері туралы толық ақпарат беріп, тақырыптық бейнебаян көрсетті.

Қорытындылай келе, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы  Л.Иргибаева   жастардың білімін тексеру мақсатында викторина өткізді.

Департамент госслужбы

0
0
733

Жемқорлықсыз мемлекеттік сатып алуды қалай жасауға болады?

Миллион доллар пара алу! Қазақстанда қыркүйек айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты үлкен шу шықты.

Халықаралық ынтымақтастық Қорғас орталығының президентіне ірі көлемде пара алды деген күдік келтірілді.

Ірі көлемдегі ақшаны оған қонақүй құрылысын жүргізуде тендерді жеңіп алғаны үшін беріпті-міс.

Кәсіпкерлер миллиондаған пара берсе, демек мемлекеттік сатып алу жүесінде жемқорлықтың  тетіктері бар болғаны ғой?

Осы мәселены қарастырайық!

2
0
565