Бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенулеріне және бейімделулеріне бағытталған жобаның қорытындылары
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша іске асырылған бас бостандығынан айыру орындарындағы жас адамдардың әлеуметтенулеріне және бейімделулеріне бағытталған жоба шеңберінде «TANDAU» қоғамдық қоры Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-нің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Борис Гаврилюктің бақылауымен Павлодар облысының түзеу мекемелерінде (АП 162/2, АП 162/3 және АП 162/4) іс-шаралар топтамасын өткізді.
Түзеу мекемелерінен босатылғаннан кейін сотталғанның бейімделу мәселесі қылмыстық жазаны өтеуден кейінгі кезеңдегі оның қайта әлеуметтенуімен тығыз байланысты, себебі, қайта әлеуметтену сотталғанменқоғамның толық мүшесінің тиісті функцияларын ақырында қалпына келтіру үшін қажетті және жеткіліктінормаларды, құндылықтар мен білімдерді меңгеруді көздейді.
Жоба шеңберінде сотталғандар психологиялық және заңгерлік көмек, еңбек және тұрмыстық жайластырудағы мәселелерді шешуде жәрдем, әлеуметтік пайдалы байланыстарды қайта орнатуда көмек алды.

Түзеу колониялардың әрбірінде еңбек заңнамасы және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде консультациялық семинарлар өткізілді, олардың барысында Павлодар қаласының және Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталықтарының мамандары қатысушыларға Павлодар облысында талап етілген өзекті бос орындар мен мамандықтар туралы әңгімеледі. Сотталғандарды жұмысқа орналастырған кезде азаматтардың құқытарымен және міндеттерімен таныстырды. Сотталғандар арасында өзекті бос орындар мен талап етілген мамандықтар, жұмыс берушілердің талаптары, орташа жалақы деңгейі туралы ақпаратерекше қызықтырды. Жеке мәселемен Павлодар қаласының және Павлодар ауданының инфрақұрылымын абттандыруға және қалпына келтіруге бағытталған уақытша сипаттағы төленетін жұмыстар қарастырылды.
Психикалық емдеу және психологиялық қолдау орталығының психологы Станислав Павленко өткізген тренингтер, түзеу колониялардың сотталғандары арасында ерекше танымал болды. Іс-шаралардың мақсаты және психологтың міндеті - эмоциялық ширығуды алуға, бостандықтағы өмірге дайындауға, әлеуметтік ортада бейімделуге, тұлғааралық өзара әрекеттесудегі қиындықтарды еңсерудегі көмекке арналған психологиялық тренингтерді өткізу. Сабақтар апта сайын өткізілді, сотталғандар тренингтер мен семинарларға белсене қатысты.
Сотталғандармен жұмыс істеудегі тағы бір бағыт – репродуктивті денсаулықты сақтау. Тәжірибелік сабақтарды Павлодар облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың дәрігері Айгуль Сагатова өткізді. Сабақтардың мақсаты – репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жас адамдардың ақпараттылығын арттыру.
Барлық іс-шаралар білімді, қажетті тәжірибені, кедергілерді еңсеруде және бостандықтағы өмірге ойдағыдай бейімделуде дағдылар мен икемдерді алуда сотталғандардың белсенді қатысуымен және үлкен ықыласымен өтті.
Сабақтар аяқталғаннан кейін сотталғандар жаттығулардың жағымды әсерін, болашаққа деген жағымды жүріс-тұрысты, босатылудың алдында эмоциялық ширығу мен мазасызданудың алынуын атап өтті. Жобаға 626 адам қатысты.
