Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Серіктестікке шақырамыз!

Егер Сізде педагогикалық білім, оқытушылық тәжірибе, орасан зор біліміңізбен біздің студенттермен бөлісуге дайын болсаңыз, ағылшын тілін меңгеру деңгейіңіз UpperIntermediate деңгейінде болса – онда Сізді АРЕС PetroTechnic-ке оқытушы-тәлімгер ретінде жұмысқа шақырамыз!

Біз ағылшын тілі, физика және математика пәндері бойынша, сонымен қатар төмендегі техникалық бағдарламалар:

- электрмен жабдықтау

- кен орындарын пайдалану

- бұрғылау технологиясы

- мұнай және газды өндіру технологиясы

- бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша оқытушы-тәлімгерлерді шақырамыз.

Біздің талаптар

Білімі:

  • жоғары педагогикалық білім, ағылшын тілі бойынша оқытушы-тәлімгерлерге арналған CELTA халықаралық сертификаты;
  • бағдары бойынша жоғары кәсіптік білім (магистр дәрежесі, ғылым кандидаты, ғылым докторы/PhD дәрежелері);
  • колледж студенттеріне тағайындалатын біліктілік деңгейінен төмен емес біліктілік деңгейінің болуын растау (арнайы пәндер оқытушылары үшін);
  • CEFR жүйесінің В2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілі білімі (UpperIntermediate);
  • Пән саласында қолдану үшін АКТ-құзыреттілігінің деңгейі (Windows, MicrosoftWord, MicrosoftExcel, InternetExplorer, графикалық редактордың негізгі инструменттері, PowerPoint, Prezi және т.б. электрондық презентацияларды жасау, компьютерлік телекоммуникациялар).
 

Біз іздеген оқытушы-тәлімгер:

- білуі тиіс:оқу жоспарларын әзірлеу тәртібін, оқу жұмысы бойынша құжаттаманы жүргізу ережелерін, педагогика, психология және кәсіптік білім әдістемесінің негізін, студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи үлгілері мен әдістемелерін, педагогикалық диагностиканың құралдары мен әдістемелерін.

- меңгеруі тиіс: байланысқан пәндер бойынша білімді, оқытатын пән мазмұнының базалық компоненттерін.

- жасай алуы тиіс: студенттердің даму, икемілік, дағды деңгейіне және денсаулығына қатысты тапсырмаларды шеше алуы.

- жұмыс өтілі: бағыты бойынша жұмыс өтілі немесе 3 жылдан кем емес өндірістік тәжірибесі.

 

Практикалық тәжірибесі

Қойылған талапқа сай ағылшын тілі деңгейін меңгерген, бағыт бойынша магистр дәрежесі бар жоғары оқу орындарының және «Болашақ» бағдарламасының түлектері үшін жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Біздің ұсыныстар:

- карьера бойынша өсу мүмкіндігі (барлығы Сіздің тәжірибеңізге, білу және даму ынтаңызға байланысты)

- лайықты еңбек ақысы

- медициналық сақтандыру

- біліктілікті арттыру

- шетел оқытушысымен жұмыс жасау бойынша халықаралық тәжірибе алу

- сырттан келген оқытушы-тәлімгерге қонақ үйден орын

- сегіз сағаттық жұмыс уақыты.

 

Қызығушылығыңыз бар ма? Жазыңыз, хабарласыңыз! Біз Сізді күтеміз!

 

Байланыс ақпараты

Қала: Атырау

Телефон: +7 7122 760475 (Бисембаева Г.)

Факс:       +7 7122 760456

Еmail:       [email protected]

[email protected]

Web – сайт: http://apec-atyrau.kz/

http://apec.edu.kz/

1
0
873

Осы тақырып бойынша

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Серіктестікке шақырамыз! - Yvision.kz