Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халық НұрБанкке қарсы. Әлиев былығының қайта оралуын қалайсыз ба?!

Қазақстандықтар Рахат Әлиев деген есімді әлі де ұмыта қоймады. Бұл есімді естігенде бірден 2000 жылдары орын алған тонау мен заңсыз қанды рейдерлік еске түседі. Әлиевтің «Нұрбанк» АҚ-ның менеджерлерін ұрлап әкетіп, өлтіргендігі есімізде. Оның өзі осы банктің акционері болғандығын айта кету қажет.

Алайда қазіргі кезде әрбір саналы адамның көкейінен кетпей жүрген сұрақ: Неліктен «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Эльдар Сәрсенов Р. Әлиевтің сорақы ісін қайталауға тырысып отыр. Неліктен ол тарихта адам тағыдырының жүдетушісі ретінде қалғысы келеді?

Қазіргі кезде Астана қаласының сотында «Нұрбанк» АҚ-ның азаматтарды үй-жайынан айыруы бойынша қозғалған атышулы ісі қаралып жатыр.

Елестетіп көрейік: Сіз өз еңбегіңізбен тапқан ақшаңызға бизнес жүргізу мақсатында орын сатып аласыз, кейін банк қызметкерлері келіп, анықтамалар мен шарттарды көрсетіп, қолыңызға бір тиын да ұстаптастан сол орынды сізден тартып алады. Сіз бірден «Бұл – мүмкін емес, заң қайда қарап тұр!», - дейсіз. Алайда тура осы «мүмкін емес» жағдай елордамыз – Астана қаласында орын алып отыр.

«Нұрбанк» АҚ Басқармасы Сәрсеновтың басшылығымен «7 континет» БО және ТҮК меншіктенушілерінің құқығын аяққа таптап, бизнестерінен айырып жатыр.

Бұндай әділетсіздікті көріп отырған және заң тарапынан қолдау таппаған кәсіпорын иелері мен ҚР азаматтары «Нұрбанк» АҚ-на байкот жариялап отыр. Олардың ойынша банк қызметкерлерінің «7 континет» БО және ТҮК меншіктенушілеріне қатысты істеген істері – рейдерлік сипатқа ие. Бұл істі тергеу барысында Сәрсенов Рашит Темірболатұлының алатын орны маңызды. «Нұрбан» АҚ сайтында келтірілген мәлеметтер бойынша ол банктің ірі акционері болып табылатын «JP Finance Group» ЖШС басқарады. Рашит Темірболатұлы жайлы толығырақ Wikipedia.org сайтынан оқи аласыз.

Бұл оқиғамен толық танысқаннан кейін сіз де «Нұрбанк» Акционерлік қоғамымен және оның басқа да компанияларымен байланыс орнатпауды ұйғарарсыз.

«Халық VS Нұрбанк» оқиғасы жайлы толығырақ орыс тілінде оқу

Мақаланың түпнұсқасы: Народ против НурБанка. Не хотите возвращения алиевщины?!

1
0
738

Осы тақырып бойынша