Мазмұнға өту

Жаңа

Тағдырым — таңдауым!

Қыздарға арналған кітаптар, ақыл-кеңес пен түрлі әдістемеліктер көп. Соларды оқып отырсаң, қандай болуың керек, бақытты болу үшін, күйеуіңнің көңілін табу үшін не істеуің керек деген сынды жазбалар көп-ақ. Соның көбінде ең бастысы, адам, қыз бала, әйел баласы өзін-өзі тануы керек, өзінің жаны не қалайды, қандай қызығушылықтары бар – соны анықтау керек дейді... Әрине, қазір бұрынғыдай емес, қыздар өзгерді, қызығушылықтары, талғамдары, басқасы...Мүмкіндік те мол. Таңдау да көп. Бірақ соны біле тұра өмірдің мәні күйеуге шығу деп, әйтеуір бір кезіккен жігітке бар уақытымызды арнап, соның ыңғайына қарай бейімделіп жатамыз. Бұл біздің менталитеттің, тәрбиенің әсерінен екені рас. Дегенмен әйел баласының өзін бағалауы, өзгеден кем санамауы, басқа мәселелер – оның өмірлік жар таңдауына әсер етеді, меніңше. Қыздар көп, ақылды, сұлу, оқыған, мамандықтары бар. Алды 10-15 жылдан тәжірибе жинаған, біліктілігін жетілдірген, өзге мемлекеттерде білімін шыңдаған, жоқ дегенде демалу үшін шетелге шыққан қыздар. Әрине, әңгіме оқуын енді бітірген 20-23-тегі қыздар туралы емес.

Қыздарға кінә тағушыларды түсінбеймін. Дүниеге қызығады дейді, неге қызықпасқа? Егер оқу бітіргелі он жылдың ішінде ол өзінің біліктілігінің арқасында жұмысқа орналасып, өзінің еңбегінің арқасында абыройлы болып, өзінің пысықтығының арқасында жаңа табыс көздерін тауып, қатарынан қалмай, өзін өзі жасаса. Өзіне қажетті заттың бәрін өзі алып, тамағын өзі тауып, өзінің киімін өзінің ғана тапқан ақшасына алса, демалысқа бару үшін ешкімнен қаражат сұрамай, тіпті сол демалуға арналған ақшасын тұрмыстық қажеттілігіне жұмсап, өзінің жағдайын өзі жасап жүрген қыз болса, неге ол жігіттің дүниесіне, қызметі мен оқуына қарамайды? Қалайша ол жігіттен, ең болмағанда, тәрбие көрген, орта көрген мінезді талап ете алмайды? Неге ол күліп қараса, өзінің қарапайым адами болмысын, ашықтығын танытса, міндетті түрде бұзылған, қызық қуған т.б. қыз болуы тиіс? Оның жан дүниесінде, көңілінде не бар? Оның жаны не қалайды? Оны ойлап жатқан ешкім жоқ. Көптің ойы қыздың жағдайы жақсы болса, мінезі батыл болса, ол бар жердің тумасы немесе жеңіл жүрістің арқасында тапты бар дәулетті. Ал мінезі сыпайы, қарапайым болса, отырып қалған, қолынан ештеңе келмес, бұл түрімен алысқа бармайды....

Бірақ оған ешқандай ақшаның да, атақтың да, мақтаншақ, менмен, батыл жігіттің қажеті жоқ екенін ешкім білмейді де. Тіпті үй шаруасының бәрін қатырып, ақшасын үйге әкеліп, ыдыс аяғын жуып, күнде айналып, толғанып отыратын жігіттің де керегі шамалы екенін түсінбейді олар. Өйткені оған тек қана адами болмыстан ажырамаған азамат керек. Оған дос, әріптес, замандас, рухани деңгейі қатар келетіндей жай ғана адам керек. Басқаның бәрі соның астарында, басқа қылықтың бәрін сол адамгершіліктің негізінде пайда болатынын түсінген ол. Жұрттың көзінше жасанды қылық көрсетіп, бақытты өмір сүріп жатқанын бәріне дәлелдеуге тырыспайды да. Біреулер не дейді деп, өзгенің көзінен, сөзінен де қорықпайды ол. Жай ғана өмір сүргісі келеді, өйткені өзінің көңілі тоқ болса, өзгені де бақытқа бөлей алатынына сенімді.

0
0
957

«Сәлемхат!»

16 году казахстанский кинематограф выпустил почти в одно время 3 разных фильма: "Тараз" от Нуртаса Адамбаева, "24:09" от Мереке Мукана и "Дорога к Матери" от Акана Сатаева.

Если честно, то не большая фанатка казахстанского кино. Может только старые фильмы, типа "Менің атым Қожа", которые я смотрела в детстве.

Решила пойти сегодня на работу одного из самых популярных режиссеров нашей страны - Акана Сатаева. "Дорога к матери (ориг. Анаға апарар жол)" повествует историю о мальчике, который лишился отца, а потом его забирают от матери.

С моментов великого джута, до самой второй мировой показали всю жизнь нашего кочевого народа: как им пришлось ПЕРЕСТАТЬ кочевать, как советская власть изменила наш народ.

Все же, если откровенно, то начало фильма смазано. То есть, там ну слишком быстро все происходит, потому что ты не успеваешь один момент переварит, как появляется другой и так до середины фильма.

В середине фильма уже начали тянуть, туча диалогов, которые никакой полезной информации за собой не несли, девушка, по непонятно какой причине все время на экране, даже больше самого главного героя.

Нет, я люблю Аружан Джазильбекову. Она моя любимая казахстанская актриса, но ее до боли в животе много...

Конец фильма был слишком резкий. Если в начале было все смазано и смутно, тут все было чересчур резко: вот вроде бы она сидит, но вот уже обнимает сына...

В результате вышесказанного, можно разделить фильм на три части: 1) что происходит? 2) почему до сих пор происходит? 3) что вообще только что произошло?

Если закрыть глаза на всю эту чушь со сценарием, можно увидеть хороший фильм. Отлично передана темная и мрачная атмосфера времен джута, а от сцен войны просто ахаешь и охаешь, ведь люди разлетаются по сторонам!

Главный герой - Ильяс в лице Адиля Ахметова справился неплохо. Если у него в жизни нет акцента на русском языке, то он отлично претворяется ;)

Можно похвалить Алтынай Ногербек. Она сделала огромную работу: и рыдала, и смеялась, и нежничала, и волновалась. Через экран чувствовалась ее боль, когда у нее забирали Ильяса...

Закрывая глаза на мелочи, и обращая внимание на большие-большие плюсы, фильм дотянул 7/10. Потому что там есть драма! Не просто какая-то дешевая картина, а вдохновляющая и красивая картина о тяжелых временах нашего народа... Трудно писать без спойлеров, большинство аргументов именно в них! Но у вас свое мнение, поэтому жду их, и хочу почитать обязательно!)

В общем, его я прямо советую посмотреть и ОБЯЗАТЕЛЬНО на казахском языке, потому что русский дубляж... давайте промолчим, ладно? Потому что он не передает все переживания и эмоции, которые они испытывают.

2
0
1417

Н.Назарбаев: Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады

Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстанда жиын-терін науқаны аяқталып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені және бүкіл еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін айқын көрсететін аса маңызды оқиға.

Биылғы науқан нәтижесін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту деп бағалауға болады. Өйткені, бұл жолы жиналған астық мөлшері – осы кезеңдегі ең ірі жетістіктің бірі.

Астықтың жалпы көлемі 23 миллион тоннадан асты,  бұл – былтырғыдан бір жарым еседей артық көрсеткіш.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының диқандары 5 миллион тоннадан астам астық алды. Қарағанды облысында миллион тоннадан астам астық жиналып, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке қол жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы өзге дәнді дақылдар бойынша да жиын-терін науқанының нәтижелері көңіл қуантып отыр. Қызылорда облысында күріштен рекордтық өнім алынды. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында көкөніс пен бау-бақша дақылдарының өнімділігі едәуір артты. Майлы дақылдар көлемі 1,2 есе ұлғайып, соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетеді деп болжануда.

Осының барлығы мейлінше мол тер төгуді, ұдайы қамқорлықты, зор қажырлылықты, білім мен тәжірибені талап ететін саланың бірі – егін шаруашылығының табысты дамып келе жатқанын даусыз дәлелдейді. Бұл саладағы азаматтардың бәрін құттықтап, бірден жеміс бере қоймайтын жер төсіндегі бейнетті еңбектері үшін зор алғыс білдіремін.

Өткен ширек ғасыр ішінде ауыл шаруашылығының қалай өркендегенін, Қазақстанның аграрлық держава ретіндегі өз жағдайын жақсартып қана қоймай, азық-түлік нарығындағы жаңа белестерді игеріп келе жатқанын көріп отырмыз.

Осы жылдарда мемлекетіміз агроөнеркәсіп кешеніне жүйелі түрде қолдау көрсетудің тиімді мүмкіндігін тапты. Қазір ол стратегиялық басымдық ретінде қарастырылып отыр.

Біз бірлесе күш жұмылдырып, халқымыздың өсіп-өркендеуіне септігін тигізетін, туған өлкеміздің шынайы әлеуетін көрсететін ауыл шаруашылығын жаңғыртудамыз.

Қазіргі заманда жоғары технологиялы қуатты агроөнеркәсіп кешені елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өлшемі болып саналады.

Біз Қазақстанда диқандардың адал еңбегі барынша бағаланып, ауыл шаруашылығы инвестицияға қолайлы, жаңа жобаларға, жастарымыздың күш-қуатына өріс ашатын перспективалы салаға айналуы үшін барлық жағдайды жасаймыз.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
364

«Бәйтерек» Холдингі 2016 жылдың соңына дейін 423 мың шаршы метр жалға беруді жоспарлауда

Астанада Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген бюджет қаражаты мен Ұлттық қор қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуды жаңғырту» бағыты бойынша бағдарламаны іске асыру барысын талылау кезінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев қазақстандықтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысының жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын және  2016 жылдың соңына дейін  423 мың шаршы метр жалға берілетін және 110 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда екендігін атап айтты.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – Қазақстандық ипотекалық компания мен Бәйтерек Девелопмент құрылысы операторлары болып айқындалды.

«2015 жылы 401 мың шаршы метрлік жалға берілетін тұрғын үй бойынша жоспарды орындау кезінде 425,5 мың шаршы метр пайдалануға тапсырылды, 2016 жылы Холдинг алдына жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын 326 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді енгізу міндеті қойылды. Осылайша,  жалға берілетін тұрғын үйді енгізу жөніндегі 2016 жылғы міндетті толық көлемде орындау жоспарлануда»,-деді Қайырбек Өскенбаев.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда (ЖАО) кезекте тұрғандардың арасында ғана үлестіріледі. Кезекке тұру үшін құжаттарды қабылдау әкімдіктер арқылы жүзеге асырылады. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын бастапқы жарнасыз 20 жылға дейін беріледі. Тұрғын үйді жалдау құны  Астана мен Алматы қалаларында  1 шаршы метрі үшін 1 120 теңге, ал қалған өңірлерде 1 шаршы метрі үшін жалдау құны 930 теңгеден аспайды.

«Мысалы, Астанада ауданы 50 шаршы метр 2 бөлмелі пәтерді сатып алу құқығымен жалға алудың құны айына шамамен 56 мың теңгені құрайды. Төлем қабілеттілігін растау үшін бағдарламаға қатысушының жалақысы шамамен 120 мыңды құрауға тиіс»,- деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.

Бұдан басқа, 2016 жылғы 10 ақпанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес Бәйтерек девелопмент арқылы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салуға ағымдағы жылы  Ұлттық қордан қосымша 113 млрд. теңге бөлінді,  оның 25 млрд. теңгесі экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі қысқа мерзімді шараларға уақытша үлестірілді.

Холдингке бөлінген қаражат есебінен алдағы 2016-2017 жылдары жалға берілетін тұрғын үйдің 324,1 мың шаршы метрін және кредиттік тұрғын үйдің 366,9 мың шаршы метрін тапсыру міндеті қойылды.

Бүгінде 2016 – 2017 жылдары енгізілетін 78,9 млрд. теңге сомасына 498,3 мың шаршы метрді (8 289 пәтерді) салуға шарттар жасалды. Бұдан басқа, 39,6 млрд. теңге сомасына 225,4 мың шаршы метрді (3 346 пәтерді) құрайтын жобалар пулы бар, олар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

«Проблеманың мәні құрылыс салушыларда құжаттардың толық топтамасының, көп жағдайларда сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығы болып табылады. Әлеуетті әріптестер – құрылыс салушылар қажетті құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ инвестициялау шарттарын жасайды. Өтінім қабылдау жалғасуда, біз құрылыстың құнын 1 шаршы метр үшін өңірлерде 180 мың теңгеден асырмайтын және Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 200 мың теңгеге дейін ұсынатын құрылыс салушылармен барынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз»,- деп айтты Қайырбек Өскенбаев.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
432

Қазақстанда онлайн-режимде көрсетілетін қызметтердің саны ұлғайып келеді

Онлайн-режим салық органдарына барлық жасалған операцияларға толық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. ҚР-да онлайн-режимге ауыстырылған қызметтердің саны артып келеді, деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында.

«Біз болашақ электрондық шот-фактураларда екенін көріп отырмыз. Яғни барлығы электрондық түрде орындалады. 2014 жыл ішінде 116 мың электрондық шот-фактура жазылған. 2015 жылы – 800 мың, бүгінгі күні 3,5 млн-нан астам шот-фактура жазылған», - деді ол.

1 маусымдағы жағдай бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде 47 мың пайдаланушы тіркелген. Олардың ішінде ЖК - 10 мың, заңды тұлғалар - 16 мың, әр түрлі жеке тұлғалар - 20 мың.

«Біз осыны болашақта тікелей бақылаудың толық жүйесін құру үшін жасап жатырмыз. Бұл жүйе тауар шекарадан өтіп, ҚР аумағына түскен сәттен бастап электрондық шот-фактуралар жазуды білдіреді. Әрбір кезеңнің өз ақпараттық жүйесі болады, олар қадағалау жүйесі деп аталатын бірыңғай жүйеге біріктіріледі», - деп атап өтті ол.

Е. Біржанов онлайн кассалық аппараттар енгізу бойынша жобаның іске қосылғанын да хабарлады. Бүгінгі таңда 52 000 астам салық төлеуші тіркелген, 2,5 трлн теңгеден астам сомаға 60 млн-нан астам чек өткізілген.

«Бұрын рейдтік тексерулер үлесі өте үлкен болған, онлайн-режимді енгізе отырып, бірқатар тексерулер, соның ішінде рейдтік және хронометражды тексерулер алынып тасталады. Онлайн-режимнен салық органдары айналым, түсім және т.б. көреді, себебі электрондық формат онлайн-режимде толық бақылау жүргізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, сарапшы ағымдағы жылы қазыналық мақсаттарға ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің өздеріне де арналған «Виртуалды қойма» жеке модулі әзірленіп жатқанын атап өтті. «Электрондық қойманың» бірінші нұсқасы осы жылдың соңына дейін іске асырылады.

«Салықтардың түсуіне экономиканың өсуі есебінен ғана емес, сонымен қатар, төлеу еркіндігінің өсуі, әкімшілендіруді жақсартудың өсуі есебінен де қол жеткізіледі, қарапайым жазалау шараларымен біз жетістікке қол жеткізе алмаймыз, сондықтан, біз салық төлеушілердің әрбір санатына қатысты бірқатар шаралар қабылдаймыз», - деп қосты ол.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
393

Талдықорғанда 510 орындық жаңа драма театр салынады

Талдықорған қаласында жаңа драма театрының қазығы қағылды. 510 орынға арналған заманауи үлгідегі 3 қабатты мәдениет ошағы қаланың жаңадан бой көтеріп келе жатқан Оңтүстік-Батыс ауданында орналаспақ.

Ғимараттың қағызын қағып, капсуласын салу рәсімін облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге Қазақстанның халық әртістері, белгілі театр және кино актері Досқан Жолжақсынов, талантты режиссер Талғат Теменов, театр әртісі Алмахан Кенжебекова, сонымен қатар киноактер Әлімғазы Райымбек атқарды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісулық өнерсүйер қауымды айтулы оқиғамен құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов Елбасы Нұрсұлтын Әбішұлы Назарбаевтың өнерге деген зор қамқорлығының арқасында осы ғимаратты салуға қол жеткізіліп отырғанын атап өтті.

“Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Талдықорғанның жаңа шағын ауданында құрылысы жүріп жатқан Салтанат сарайының, Көрме павильонының жанынан осы ғимараттарға сәулеттік жағынан үйлесімі мол жаңа драма театры да салынбақшы. Акустикасы, сахнасы, актерлер бөлмесі, театр ғимаратының өзіне ғана тән басқа да ерекшеліктерінің барлығы да ескеріліп, театр барлық параметрлерге сай, жоғары талғаммен жасалатын болады. Өнер қамқорлық жасағанда ғана өседі. Мәдениет пен өнеріміз өркендеп, өсе берсін, жаңа салынатын театр Жетісу халқының қуанышына қызмет етсін”, - деді облыс әкімі А. Баталов.

Осындай ізгі тілектерін алыстан келген өнер тарландары да білдіріп, облыс халқының қуанышына ортақтасты. Досқан Жолжақсынов: «Дәрігер адамның тәнін емдесе, өнер адамның жанын емдейді. Сол өнердің ішінде театрдың орны ерекше. Бүгінгі жаңа театрдың құрылысын бастау рәсімі – мәдениет үшін аса іргелі оқиға. Осы қуаныштарымен Жетісу халқын, театр ұжымын шын жүректен құттықтаймын», - деді өз сөзінде.

“ Қазақстанда жалпы саны 54 театр болса, соның 18-і жаңа театр деп есептеледі. Бірақ арнайы лайықтап салынған ғимаратта отырған театрлар некен-саяқ. Соның бірінің іргесі күн санап көркейіп, кейпі адам танымастай өзгеріп, өсіп келе жатқан Талдықорғанда қаланып жатқанына сіздермен бірге қуанып тұрмыз. Жаңа театрдан жаңа таланттар өсіп шығып, өнер ұжымы халықтың игілігіне жұмыс істей беруіне тілектеспін”, - деді Талғат Теменов.

Б. Римова атындағы театрдың актері Алмахан Кенжебекова осыдан 41 жыл бұрын қазіргі театрға жас маман болып келгенін, енді тәжірибесі толысқан шақта жаңа театрда жұмыс істеу бақытына ие болатынын қуанышпен жеткізді.

Ә. Райымбеков ақсақалдың батасынан кейін салтанатты жағдайда театрдың капсуласы салынды.

Жалпы, театр құрылысының құны 4 млрд. теңге жуық қаржыны құрайды. Құрылыс жұмыстарын BI Group компаниясына қарасты «Өнеркәсіп құрылыс» ЖШС жүргізеді. Ғимараттың жалпы ауданы 10 538 мың шаршы метр. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2018 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
607

Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық төлқұжат алу жеңілдетілді

Енді жылжымайтын мүлік объектісінің жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бір рет барсаңыз жеткілікті.

Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға кемінде үш рет баруы қажет болатын, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  баспасөз қызметі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, деректердің өзгерістерін тіркеуге  2 факті -  қайта өлшеу кезінде анықталған алаңның өзгерісі және жылжымайтын мүлік объектісін  қайта жоспарлаған  жағдайдағы сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерісі негіз болуы мүмкін.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесінде алаң көлемі өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендіру деректерінің өзгерістерімен тіркелген техникалық паспортты және құқық белгілейтін құжатты (жекешелендіру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлік қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгерістерін тіркетуі қажет. Ол үшін алдымен өзгерістерді заңдастыру үшін сәулет органдарына жүгіну қажет, нәтижесінде ол пайдалануға қабылдау актісін алады. Бірақ, Құмарғалиевтің айтуынша, енді барлық құжаттар топтамасын мемлекеттік корпорация қызметкері жинап бере алады. Ол сенімхат негізінде өз бетінше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның ішінде пайдалануға арналған қабылдау актісін де ресімдейді. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметін мемлекеттік корпорация қызметкерлері ақылы негізде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшін ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргізу жағдайларын жеңілдетуге арналған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
402

Қазақстанның өңірлерінде әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік басталды

2016 жылдың 12 мен 21 қазан аралығында Сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күнінің аясында республиканың барлық аймақтарында әйелдердің денсаулығын қорғау онкүндігі өтеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпараттық кампанияның негізгі мақсаты – халықтың назарын қатерлі ісік ауруларының алдын алу мен оны ерте анықтау мәселелеріне аудару, уақытылы скринингтік тексерудің анықтаудың маңыздылығы жөнінде әйелдердің сауаттылығын арттыру, өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру және азаматтарды салауатты өмір салтына бейім болуға ынталандыру.

Еліміздің аймақтарында өтетін онкүндік барысында сүт безі қатерлі ісігін алдын алу мәселелері бойынша алғашқы звено медициналық қызметкерлері үшін оқу семинарларын, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Халық үшін бейінді мамандардың қатысуымен алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарда ашық есік күндерін, денсаулық мектептерінде сүт безі қатерлі ісігі қаупінің факторларын төмендету және т.б. бойынша сабақтарды өткізу жоспарланып отыр.

2015 жылы Ұлттық скринингтік бағдарлама аясында қатерлі және қатерсіз сүт безі ісіктерін ерте анықтау бойынша 408 824 әйел тексерілді, 96 702 сүт безінің әртүрлі патологиялары анықталды.

Ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта тексерілуі тиіс 403 589 әйелдердің ішінде 218 281 адам тексерілді. 320 (0,1%) сүт безі қатерлі ісік жағдайы анықталып, оның ішінде 313 (97,8%) әйел адам диспансерлік есепке алынды.

Айта кету керек, сүт безі ауруларының ішінде мастопатия, сарысулы ісік, қатерсіз сүт безі ісіктері жиі кездеседі. Аталған аурулардың барлығы сүт безі қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, әрбір әйел сүт безі ауруларын ерте диагностикалаудың уақытылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін білгені абзал.

Естеріңізге сала кетейік, әлемде сүт безінің қатерлі ісігі туралы хабардар болу дүниежүзілік күні жыл сайын 21 қазанда атап өтіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
541

Ювеналды полиция өкілдері азаматтарды қабылдау өткізді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.

2016 жылдың 11 қазанда қоғамдық қабылдауда БҚО ІІД ЖПҚ-нің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Руслан Ильгизұлы Галиев азаматтарға қабылдау өткізді.

Қабылдауда баланың құқықтарын қорғау және балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарды ескерту жұмыстарын жүзеге асыру, жасөспірім құқықбұзушыларға қажетті профилактикалық әсер етуді қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметі жастарға, ата-аналарға және педагогтарға жариялы, ашық және оқыту мен еңбек ұжымдары, мекемелер, жастар ұйымдары, ассоциация және фондтармен тығыз байланыста заңдылық, адамгершілік, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын қорғау принципінде қызмет атқаратындығын атап өтті.

   
0
0
897

Facebook арқылы азаматтарды қабылдау

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті әлеуметтік тапсырыс аясында «Азаматтық бақылау» жобасының шеңберінде тұрақты түрде азаматтарды қабылдау өткізеді.

2016 жылдың 4 қазанда БҚО «Азаматтық Альянсы» ЗТБ штаттағы заңгер Ғалия Сатыбалдина, БҚО Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерлік және сауда бөлімінің басшысы Бақдәулет Ибраимов Facebook әлеуметтік желісінің парақшасында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмысы жөнінде түсінік берді.

Қабылдауда облыстың инвестициялық басымдықтарын қалыптастыру, әлеуетті инвесторлар үшін өңдеу өнеркәсібі, кәсіпкерлік және туризм кәсіпорындары мүмкіндіктерінің таныстырылымын ұйымдастыру және өткізу және  индустриалдық-инновациялық дамуға, кәсіпкерлікті, сауданы, соның ішінде шағын несиелеуді дамытуға бағытталған бюджет қаражаттарының пайдаланылу қызметіне мониторингті жүзеге асыру сұрақтары талқыланды.

 
0
0
302