Адамзат тұйыққа тірелді ме?
Кезінде шіркеудің ауыр салығы - индульгенциядан жалтару үшін, құдайға храмсыз-ақ сыйынам деп, индивидуализм жолына түсіп, бірте-бірте өзге әлемге ориентир болған Батыс мәдениеті дегеніңіздің үміті ақталмаған сыңайлы. Коллективизмге қайта оралайын десе, ру-қауымын әлдеқашан ұмытқан.Бір идея төңірегіне ұйысайын десе, елдің бәрін елттіріп жіберер сол идеясы құрғыр да таптырмай тұр.Қатын мен қатын, еркек пен еркек ұйығып, оған сәбилерді араластырып, өмір тоқтап қалу қаупі бар.. Енді бір бөлігі Батыстың көшіне, тағы бір бөлігі мұсылман дүниесіне ілесеміз деп алаөкпе болған біз секілді елдер қайтер екен? Батыстың жайын жоғарыда айттық. Ал мұсылман әлемі дегеніңіздің өзі құдай кешірсін - дүдамал дүние болып қалды. Қасиетті пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) айтып кеткен 73 тарау жолдың қайсысы дұрыс…