Мазмұнға өту

Жаңа

Благотворительная акция «Мейірімді жүрекпен»

В рамках благотворительной акции «Мейірімді жүрекпен», волонтеры Корпоративного фонда «Фонд «Жас Отан» по Северо-Казахстанской области при поддержке Управления внутренней политики Северо-Казахстанской области посетили Дом юношества города Петропавловск. На сегодняшний день в городском доме юношества проживают 39 человек, из числа ребята в возрасте от 18 до 23 лет. Из которых 11 человек проходят обучение в высшем учебном заведении и учреждениях технического и профессионального образования. В свою очередь 28 человек работают в организациях и предприятиях города Петропавловск. В ходе посещения волонтеры провели беседу с ребятами. Руководитель отделения МК «Жас Отан» при филиале «Болашак» партии «Нұр Отан» Олжас Толеген рассказал о реализуемый государственных программах, направленные на подде…

0
0
473

Ет жеме Қазақ!!!!

Түйенің қомында, аттың жалында өскен қазаққа еттің зиян екенін ұқтыруға тырысқандардың ойлары жүзеге асып жатыр. Құрметті ет жейтін бауырларым! Біздің бойымызда холестерин көбейіп жатыр екен, бұның соңы ерте қартайып, тамырдан қан жүрмейтін дәрежеге жеткізеді дейді... Ол үшін не істеуіміз керек??? Пістені жиі шағып отыру еттен келетін зардапты азайтып, денсаулықты жақсартады дейді медицина. Бірақ, пістені жиілету тісіміздің Эмальін бұзып, бүйрек, жүйке ауруларына алып келеді екен. Бүйрек пен жүйкені қайтеміз, бізге ХОЛЕСТЕРИН азайса болды. Бұл тиімсіз деп ойлайсыз ба??? Ендеше жержеңғақты жиі жеңіз, Холестеринді азайтады. Есесіне артрит, артроз ауруларына шалдықтырады. Өз буындарыңыз бен сүйектеріңізге сенімді болсаңыз жиі жержаңғақ жеңіз. Холестерин болмайсыз .Немесе соя да жарайды. Оның…

1
0
592

Бүгініме бақыттымын

- «Мен табысты болам деп тыраштанып көрмедім. Оған ұмтылмадым да. Өз ісіңді жақсы, беріліп сапалы жасасаң, табыс өзі келеді. Сонда сені байқайды, шақырады», - деп ойымен бөлісті ҚР халық әртісі, актриса Гүлнар Досматова. Осы ұстанымынан болар, режиссерға да, көрерменге де, әріптестеріне де сүйкімді актриса 90-жылдардағы тоқырау кезеңінде де сұранысқа ие болды, талай киноға түсті. Бір киноға түскеннен соң жұлдыз ауруымен «ауырып қалатын» талай жастарды көріп жүрміз. Аяныштысы, олардың өзін нағыз жұлдыз санайтындығында. Гүлнар Абдоллақызының пікірінше, сапалы әрі кәсіби киноға түсу өте қиын. Ол кездесулерде жастарға қандай болса да жұмысқа үстірт қарамау мен іске адалдық туралы және жұлдыз ауруымен ауырған адам сырт көзге күлкінішті көрінетінін айтып келеді. Гүлнарды киноның өзі тапты. Небә…

0
0
1673

Ақ халаттарыңды кір шалмасын...

Биыл 80 жасқа толып отырған белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәрігер Каюпова Нина Әмірқызы өмірі өнегеге толы тұлға. Оның жан-жақты, қоғамдық, ғалымдық, басшылық, дәрігерлік жемісті еңбек жолы туралы ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасы аясында жазылып отыр. Отанына адал қызмет етіп, өзі сүйген дәрігер мамандығының шыңына шыққан ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нина Әмірқызының өмірі қоғаммен біте қайнасты... Қазақ медициналық институтын бітірісімен 1959 жылы Алматыдағы №1-перзентханада акушер-гинеколог болып қызметке тұрғаннан бастап, ол осы саланың барлық қырын меңгерді. 1965-1971 жылдары «Ана мен баланы қорғау» ғылыми-зерттеу орталығында, кейін Алматы медицина институтында, ал 1976-1981 Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет етті. Соңғы жылдарда…

0
0
1090

Табысқа жетуіме әріптестерім себепші болды

Отандастарымыздың табысты еңбек жолы мен өнер, білім, спорт, медицина, ғылым саласындағы жетістіктері туралы ұлттық «Табыстың 100 қадамы» атты жобасы аясында жазылып, насихатталуда. Осындай мақсатпен бұл мақала Орталық Азия мәдениетаралық және шығармашылық оқыту бойынша ЮНЕСКО обсерваторияның жетекшісі, ҚР білім беру ісінің үздігі Ханзада Әзімханқызы Есенованың шығармашылығына арналып отыр. «Үйретпегені болмаса, сурет салмайтын бала болмайды», - дейді Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры Ханзада Есенова. Бұл қосымша оқыту жүйесіне қарайтын мектепке балалар бес жасынан бастап келіп, бос уақытында сурет салуға, қолөнердің түрлеріне үйренеді. Мұндағы әр мұғалім үшін ең маңыздысы – оқушыны өзіне тарта біліп, қолөнер бұйымдарымен жұмыс жасауға қызығушыл…

0
0
1529

Өнерде нұрлы жолы бар Нұрғали аға

Әйгілі дирижер, дарынды композитор Нұрғиса Тілендиев өзінің «Саржайлау», «Жетісуым», «Балдызым», «Әкеме», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» әндерін күміс көмей, жез таңдай әнші Нұрғали ағаның дауысына арнап жазған екен. Ол он жасында халықтық «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындап көзге түсті. Тумысынан қарапайым жан Жетісудың көркем табиғатынан ләззат алып, тау бөктеріндегі таза ауамен көкірегін кере тыныстап өсті. Он тоғыз жасында журналист А.Брагиннің кеңесімен ол консерваторияға оқуға барып, дауыс мүмкіндіктері бағаланып, халық әртісі Н.Н.Самышинаның класына оқуға қабылданады. Кең тынысты, естіген құлақта қалып қоятын әсем тембрлі дауысты ұстазы қиындығы мол өнерге жеті жыл тәрбиеледі. Бұдан кейін Н.Нүсіпжановтың кейін нұрлы да, табысты еңбек жолы басталды. Ол Абай атындағы Мемл…

0
0
883

Болмысымнан өзгеше көрінбеуге тырысамын

Қоғам қайраткері, тележүргізуші, продюсер Аружан Сайын үшін өзіңе ұнаған нәрсемен айналысу шын бақыт. Бірақ көп адам бақытты байлықпен шатастырады. Аружан басқаларды қуантқысы кеп тұратын ізгі қасиетке ие жан. Соңғы жылдарда ол «Балаларға өмір сыйла» шараларын ұйымдастырып, күрделі аурумен ауырған талай отандастарымыздың балаларын емдеуге көмектесті.Өзгенің басындағы қиын жағдайға бейжай қарамауы осы игі істермен айналысып жүрген, тұла бойы позитивке тұнған қызды басқадан айрықшаландырып тұрады. Оның басшылығындағы «Мейірімділік» ерікті қоғамы қорына Елбасының өзі қолдау көрсеткені әлі есімізде. Көптеген қазақстандықтар Аружанның шынайылығы мен өз ісіне адалдығына сенім білдіргендіктен оның мүгедектер мен балаларға көмектесуге қол ұшын беруді мақсат тұтқан қорына қаражаттарын салды. Талай…

0
0
666

Ғалымдық – үлкен мақсат нәтижесі

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» демей ме, неміс ойшылы А.Шопенгауэр. Денсаулығы нашар адамға табыс та, байлық та, марапат та, мансап та қажет болмай қалады. Өйткені ол мазасыз тірлік кешіп, ең басты байлығынан айырылған жан. Шынында, табиғаттың ең қымбат жемісі – дені сау адам. Еліміздің денсаулық сақтау саласында талай тәжірибелі, дарынды, жаңашыл, білімді кәсіби мамандар қызмет етіп жүр. Олардың арасында әкелі-балалы дәрігерлер де бар. Солардың бірі Әділжан. Оның алғашқы ұстазы, кеңесшісі, бағыт берушісі, тәжірибесімен бөлісуші өз әкесі торакальдық хирург Бауыржан Әлбазаров. Хирургия саласының ішіндегі сан тармақты бағыттарды зерттей келе ол торакальді (латын сөзінен аударғанда «кеуде клеткасы» мағынасын береді) хирургиямен айналысуды қалады. Бұл бағыт елім…

2
0
525

Өнерге жанкештілік қажет

Жеке орындаушы, жеке биші болу бір басқа да, ұжыммен бірігіп жұмыс жасау, ансамбльге жетекші боп, оған әртүрлі билерді қою дегеніміз бір басқа. Би қоюшы хореограф немесе балетмейстер кәсібі шексіз қиял мен бойдағы таусылмайтын шабыттың көзін білім, тәжірибемен шығармашыл ұштастыра білдіруді талап етеді. Осындай өнер иесі қызылордалық Гүлбану Мырзабаеваның хореографиялық еңбегін халықаралық конкурстардың талай жүлдегері болған «Томирис» би ансамблінен көруге болады. Ол еліміздегі «Үздік хореограф», аймақтық «Жылдың үздік балетмейстері» және тағы басқа көптеген марапаттарға ие өз ісіне берілген кәсіби маман. Облыстық филармонияның «Томирис» ансамбліне биыл 15 жыл толып отыр. Ибрашева Сәрсенкүл құрған ансамбль төрт бишіден басталып, бүгінгі күні 25 бишіге дейін толысып отыр. Бай репертуарынд…

0
0
862

Медицинадағы жаңа бағыттың жаршысы

Ол Ақтөбедегі медициналық университеттің травматология бөліміне оқуға түскенде нағашысы Жалмұрат сынықшы сияқты халықтың адамы болуды армандаған еді. Сол жылдарда нейрохирургия елімізде дамымаған медицина саласының бірі болды. Бірде Ақтөбеге мәскеулік нейрохирург А.Н.Коновалов келіп осы бір жаңа бағытқа қызығушылығын оятты. Ақшолақов Серік Қуандықұлы қазір Астанадағы «Нейрохирургия ұлттық орталығының» басшысы, Халықаралық Еуразиялық нейрохирургия Академиясының академигі, отандастарымызға белгілі топ жарған дәрігер-нейрохирург. Осы орталық ашылғанға дейін жас маман талай асулардан өтті. Жалынды жастық шағын оқуға, білім игеруге арнады. «Тек қана алға жүру, тоқтамау және қандай жеңіс пен жетістікке жетсең де мастанба, кідірме» деген өмірлік ұстанымымен ол Мәскеуге аттанды. Студент кезінде ө…

0
0
832