ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті «САМЕЛИВ» және «КартиДжойнт форте» тағамға биологиялық активті қоспаларын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің қолданылуын тоқтату туралы бұйрық шығарды
Кеден одағының аумағына «САМЕЛИВ» және «КартиДжойнт форте» тағамға биологиялық активті қоспаларын әкелудің тоқтатыла тұруына байланысты Комитеттің бұйрығымен «САМЕЛИВ» және «КартиДжойнт форте» тағамға биологиялық активті қоспаларын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің қолданылуы тоқтатылды:
1) 2014 жылғы 31 қаңтардағы № KZ.16.01.78.003.E.000140.01.14 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі - «САМЕЛИВ» № 16 массасы 1206,3 мг таблеткалары, (дайындаушы (өндіруші) Truffini&Regge Farmaceutici S.r.l., Виа Ославия, 1820134 Милан, Италия);
2) 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № KZ.16.01.78.003.E.002830.12.14 мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі - «КартиДжойнт форте» массасы 1415 мг таблеткалары, (дайындаушы (өндіруші) SIGMAR ITALIA S.P.A., Виа Сомбрено, 11-Альме (БГ), Италия).
