Мазмұнға өту
Maksache

Audarmachine

@Maksache

Сайтта 2016 ж. 12 қазанКазахстан, Петропавловск

Ekzistensialist

рейтинг

99

жазбалар

15

пікірлер

26

тіркелуші

12

жазылымдар

17

Абай жолы және зомби

Үш күндiк жолдың бүгiнгi, соңғы күнiне шәкiрт бала барын салды. Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргiншiлерден оқ бойы алда отырған. Іздегені зобырлар болса керек. Қолындағы қаруы — жапон кусаригамасы — орақтың сабына жалғанған басында темір түйіні бар ұзын шынжыр. Ол сирек кездесетін жезгек деген металдан құйылған-тын. Зобырларға қарсы ең тиімді қару. Арттағылар – Байтас пен жорға Жұмабай: – Мына баланың ауылға асығуын-ай! – Сорлы бала қыстай iш құста болып қалған-ау, – деседi. Жорға Жұмабайдың тақымында кестені бар — шынжырына темір түйін байланған қара шоқпар. Байтастың да аяғының басына iлген ұзын семсері барды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы ескертті: – Ендi бiзден кетпе! Анау Есембайдың жырасын бiлесiң ғой! Зобыр жатады...– дедi. – Сенi мен бiздi манадан көрiп отыр! "Қоқы…

0
0
1493

Двадцать исторических ошибок фильма «Алмас қылыш». «Алмас қылыш» фильміндегі 20 тарихи қателік

Перевод статьи историка Жақсылықа Сабитова на казахский язык. 20 исторических ошибок фильма «Казахское ханство: алмазный меч». «Қазақ хандығы: алмас қылыш» фильміндегі 20 тарихи қателік Ильяс Есенберлиннің 1971 жылы жарық көрген «Алмас қылыш» атты романы кейін «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімін құраған. Ол Қазақ хандығы құрылуы туралы фильмге әдеби негіз болды. «Көшпенділер» бойынша кино түсіру талпыныстары бұдан да бұрын болған. Трилогияның «Жанталас» атты екінші бөлімі «Көшпенді» фильміне әдеби негіз болды. «Көшпенді» фильмі сапасы нашарлау өнім деп танылды, бірақ екінші тылпыныс біріншіден де сәтсіз болып шықты. Кезінде «Көшпенділер» трилогиясы Қазақстан жазушылары арасындағы «бәйгенің» басын алған болатын. Бұл трилогия Қазақстан және Қазақ ССР-інің бүкіл өмір сүру уақытындағы…

4
0
9191

Пару слов о фильме «Алмас қылыш»

Во время просмотра фильма "Алмас қылыш" можно заметить один забавный момент, да и вообще в казаxской культуре, а более глобально - в азиатской. Это использование междометия "ей!"/ "әй" ("е"/ "ә"). В фильме оно используется несколько раз, в сценах, где показаны различного рода конфликты (ей, аузыңа қарап сөйле!). И в жизни у нас так же. Это могут прикрепить к вопросу "как дела?" (қалайсың, е?), это можно использовать для выражения возмущения (әй, мынауың не дейді!), для выражения удивления (ә-ә?), для заполнения пауз во время затянувшегося разговора (е-е, солай де), не говоря уже о его звательной функции. Короче, универсальное междометие, но лучше бы мы его поменьше использовали... Также, возможно, вам будут интересны некоторые цитаты из фильма: Берекесі қашқан ноғайды саған тапсырдым (Қаз…

5
5
1530

Арагогтың өмірбаяны

Арагог (ағылш. Aragog, жуық. 1942 — 1997, 20 сәуір) — Рубеус Хагрид Хогвартста үшінші курс оқып жүргенде бәрінен жасырып өсірген өрмекші-акромантул. Белгілі жағдайлардан кейін Хагрид оны Тыйымды орманға қоя берген. Кейін ол жерде Арагог акромантулдар мекенін құрған. Қартайып өлген. Өмірбаяны "Мен алыс жерден келгенмін. Хагрид мені бала кезімде бейтаныс саяхатшыдан алған." — Арагог "Қабанбас" трактиріндегі Хагридтің бейтаныспен кездесуі (сурет) Арагогты Ұлыбританияға жұмыртқа кезінде белгісіз бір саяхатшы, мүмкін аткезші алып келген. Он үш жасар Хагрид кішкентай өрмекшіні Хогсмидта бейтаныс кісіден сатып алған болса керек. Ондай сауда жасауға арналған ең ыңғайлы жер «Қабанбас» трактирі. Ол жерде атам заманнан бері тыйым салынған тауарлар сатып алуға болатын. Арагог жұмыртқадан шыққаннан ке…

2
0
2674

Дэвид Йейтс: Джоан Роулинг — қазіргі заманның Диккенсі

Жақында прокатқа «Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері» атты фильм шығайын деп жатыр. "Кинопоиск" порталы ол фильм мен поттериананың соңғы төрт бөлімін қойған режиссерден алған сұxбатты жариялайды. «Таңғажайып xайуанаттар және олардың мекендеу жерлері» Гарри Поттер франшизасының спин-оффы болып табылады. Хогвартс оқулығының еркін түсіндірмесі негізінде жасалған кинотуындының тұсаукесері Қазақ елінде 17 қарашада болмақ. Туындының желісі магизоолог Ньют Скамандердің сиқырлы xайуандарға толы шабадан арқалап, 1926 жылы Жаңа Йоркке сапар шегіп келгендегі басынан кешкендерін сипаттайды. Сценариін Джоан Роулинг өзі жазған, және франшизаның қалған фильмдерінікін де өз қолына алмақ. Кинопоисктің тілшісі фильм режиссері Дэвид Йейтспен алдыңғы жылы Ливсден студиясындағы қойылым алаңы…

3
1
1085

А-дан Я-ға дейінгі сиқырлы хайуандар тізімі (Авгури/Augurey)

СИҚЫР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ (С.М.Ж.) Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімі барлық белгілі хайуандар, жаратылыстар және аруақтарға жіктеме жасайды. Бұл жаратылыстың қауіптілік дәрежесі туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді. Төменде бес дәреже көрсетілген. ХХХХХ – бәріне мәлім сиқыршыларды өлтіруші/ бағынбайды/ қолға үйретілмейді. (немесе Хагридке ұнайтын кез келген хайуан) ХХХХ – қауіпті/ арнайы білімді қажет етеді/ тек тәжірибелі сиқыршы ғана бағындыра алады ХХХ – шебер сиқыршы бағындыра алады ХХ – қауіпсіз/ қолға үйретуге болады Х – жалықтырғыш Мен кейбір жағдайларда белгілі бір хайуанның неге дәл сол дәрежеге жатқызылғанын түсіндіру қажет деп пайымдадым. Сондықтан сәйкесінше ескерту жазбаларын жасап отырдым. А-дан Я-ға ДЕЙІНГІ СИҚЫРЛЫ ХАЙУАНДАР ТІЗІМІ АВГУРИ/ AUGUREY (Ирланд фе…

2
0
1218

Сиқырлы хайуанаттарды маглдардан жасыру (2)

Қауіпсіз мекен Сиқырлы хайуанаттарды жасырудағы ең маңызды қадам - оларға қауіпсіз мекен ұйымдастыру деп айтуға болады. Кентаврлар мен жалғызмүйіздер өмір сүретін ормандарға және су халқы пайдалануына бөлінген өзен-көлдерге шекара бұзғыштар өтіп кетпес үшін Маглсерпігіш дуалар қолданылады. Аса ерекше жағдайларда, мысалы, Бесаяқ сияқты хайуандарға келгенде, олардың бүкіл мекендеу аймағы мүлдем табылмайтындай етілуі қажет (қандай да бір аймақ табылмайтындай етілсе, оны картада анықтау мүмкін емес). Ондай аймақтардың кейбіреуі сиқыршылардың бақылауында болуы тиіс; мысалы, айдаһарлар қорығы. Жалғызмүйіздер мен су халқы оларға берілген аймақ аясында мекендей беруге риза болса, айдаһарлар қорықтан шығып, олжа іздеу үшін кез келген қолайлы мүмкіндікті пайдаланады. Кейбір жағдайларда Маглсерпігіш…

3
0
1130

Сиқырлы хайуанаттарды маглдардан жасыру (1)

Халықаралық сиқыршылар конфедерациясы кейбір елдерге 73-ші бапты бұзғандары үшін бірнеше мәрте жаза қолдануға мәжбүр болған. Ең қиқар заң бұзушылар – Тибет пен Шотландия. Маглдар йетиді жиі көретіндері соншалық, Халықаралық сиқыршылар конфедерациясы тауда тұрақты негізде Халықаралық жедел топ орналастырып қоюға мәжбүр болды. Оған қоса, Лох-Несс көлінде өмір сүретін әлемдегі ең ірі келпи әлі ұсталмаған. Ол тек мәшһүрлікке деген сағымын бір басып алу үшін ғана су бетіне шығып тұрады. Бұл кездейсоқ опасыздықтарға қарамастан, біз, сиқыршылар, өзімізді тыңғылықты жасалған жұмысымызбен құттықтай аламыз. Қазіргі маглдардың басым бөлігі ата-бабаларының үрейін ұшыратқан сиқырлы жаратылыстарға сенуден бас тартатыны күмәнсіз. Тіпті Порлоктың нәжісін немесе Бояуышұлу ізін байқағандар – ондай іздердің…

4
0
594

Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекендеу жерлері: маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (2)

Әйтсе де, бұл кітаптың мақсаты сиқыршылардың жасырын өмір сүре бастауына дейін болған қараңғы күндерді сипаттау емес (Ол қантөгіс кезең туралы толығырақ білгісі келгендерге Батильда Бэгшоттың «Сиқыр тарихын» оқуға болады, «Кішкентай қызыл кітаптар», 1947). Бізді қызықтыратыны – маглдардан біз құсап сиқырды жасыруға мәжбүр болған керемет жануарлардың тағдыры. Халықаралық сиқыршылар конфедерациясының әйгілі 1692 жылғы отырысында бұл мәселе көтерілген болатын. Әбігерге айналған сиқырлы хайуанаттар мәселесін барлық ұлттардың сиқыршылары жеті апта бойы қызу талқылаған. Маглдардан біз хайуанаттардың қанша түрін жасыра аламыз және қайсыларын? Оларды қай жерде және қалай жасырамыз? Пікірталас өршеленіп жатты. Кейбір жаратылыстар тағдырлары шешіліп жатқанына қарамастан немқұрайлы отырды, қалғаны п…

2
0
766

Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекендеу жерлері: маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (1)

Маглдардың сиқырлы хайуанаттардан хабардар болуы туралы қысқа шолу (қысқа дегені өтірік) Маглдар біз ұзақ уақыт тапжылмай жасырып келе жатқан сиқырлы хайуандар туралы кейде біраз нәрсе білетіні сиқыршыларды таңғалдыруы мүмкін. Маглдардың орта ғасырлық өнері мен әдебиетіне қысқаша шолу жасасақ, қазір қиял боп саналатын көптеген жаратылыстар сол кездері шынайы деп танылатын. Айдаһар, грифон, жалғызмүйіз, феникс, кентавр — осы және тағы да басқа хайуанаттар маглдардың сол кездегі еңбектерінде бейнеленген, бірақ суреттерінің дәлсіздігі кейде күлкі келтіреді. Дегенмен, сол заманның хайуанатнамасын тереңірек зерттесек, сиқырлы хайуандардың көбісі маглдардың назарынан мүлдем тыс қалғанын не басқа хайуанмен шатастырылғанын байқаймыз. Уорстерширде тұратын францискандық монах Бенедикт бауырдың жазғ…

2
0
632