Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«СК-Фармация» ЖШС Ситуациялық-талдау орталығын іске қосты

Бүгін «СК-Фармация»  ЖШС-ның  базасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Бірыңғай дистрибьютордың ситуациялық-талдау орталығы іске қосылды.

Іс-шараға Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтикалық салаларының ардагерлері, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Ситуациялық-талдау орталығының негізгі функциялары – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізу жөнінде ақпарат жинау және талдау.

Ситуациялық-талдау орталығында  дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпараттың топтасуы нақты уақыт режимінде жұмыстың негізгі көрсеткіштері бойынша мәліметтердің  өзектілігін; жоспарлау мен болжаудың сапасын; басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін арттыруға; талдау материалдарын дайындау жылдамдығын қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді.

2017 жылы Ситуациялық-талдау орталығы ақпараттық жүйесін денсаулық сақтау және Электрондық үкімет порталының ұқсас жүйелерімен интеграциялау жүзеге асырылады.

 
0
0
389

Осы тақырып бойынша

«СК-Фармация» ЖШС Ситуациялық-талдау орталығын іске қосты - Yvision.kz