Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын азаматтардың 88% астамы егілді

Қазақстанда ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 1 млн. 281 мың 784 адам егілді. Бұл егілуге жататын азаматтардың жалпы санының 88,1% құрайды, оның ішінде 148 мың 14 медициналық қызметкер, 65 мың 262 жүкті әйел, созылмалы аурулары бар, соның ішінде  мектеп оқушылары 455 мың 224 бала, 51 мың 993 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 55 мың 52 қарт адамдар, 506 мың 239 жүмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, егілген адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.

 
0
0
285

Павлодар облысының Беларусь елімен тауар айналымы 2010 жылдан бастап 4 есеге өсті

Павлодар облысына ресми сапармен келген Белорус делегациясының қатарындағы Гомель облысы атқару комитетінің төрағасы Владимир Дворник Қазақстанда өзін туған жерінде жүргендей сезінетінін айтты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Белорус делегациясының жұмыс сапары Железин ауданындағы «Пахарь» ШҚ-ын аралаудан басталды. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың айтуынша қонақтар үшін өңіріміздегі ірі өндіріс ошақтары қамтылатын саяхат бағдарламасы әзірленгенімен, олардың өздері аймағымыздың ауыл шаруашылығымен танысуға ниет білдіріпті. Делегаттарға сүт-тауар фермасы, мал бордақылау алаңы, күлгін түсті картоп сақталатын көкөніс қоймасы көрсетілді. Сонымен бірге, қонақтар шаруашылық жұмысшыларына арнап салынған агроқалашықты да аралап көрді.

«Біз өзімізді туған Белорус жерінде жүргендей сезініп отырмыз. Өзімізге деген ыстық ықыласты сезіну бізге үлкен қуаныш сыйлады. Қазіргі таңда біздің республиканың экономикасы үшін сенімді сауда қатынастары мен тауар айналымының көлемін ұлғайту аса маңызды болып отыр. Біз Белоруссияда өндірілетін тауарлардың экспортқа шығарылуын қалаймыз. Ұзақ уақыт бойы бір одақта өмір сүрген бауырлас халықтармен бірлескен өндіріс ошақтарын ашу екі жаққа да аса тиімді болмақ» , - деді Владимир Дворник Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде.

Болат Бақауов Белоруссиямен арадағы қатынастарды дамыту аса маңызды екенін және 2010 жылдан бері Белоруссиямен  арадағы тауар айналымы 4 есеге ұлғайғанын атап өтті.

«Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларындағы өзара ынтымақтастықтың әлеуеті аса жоғары. Біз Белоруссиядан сүтті бағыттағы мал сатып ала отырып, оларға майлы дақылдарды экспорттауға мүмкіндік аламыз. Экология мәселесі бойынша бізге «Житковичхимсервис» ААҚ-ың тәжірибесі қызықтырады. Біз бұл кәсіпорынға аймағымыздағы экологиялық технология кәсіпорнымен бірлесуді ұсынып, жоғары тиімді органикалық тыңайтқыштар шығаруды қолға алмақпыз»- деді облыс әкімі.

2 қараша күні белорустық делегация қаламызда өтетін «Ertys Invest 2016» халықаралық форумына қатысады. Форумда аймақ басшысы Болат Бақауов пен Владимир Дворник сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және мәдениет салаларындағы өзара ынтытмақтастық туралы меомарндумға қол қояды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
470

ERG инновация енгізу нәтижесінде 7 млрд теңгені үнемдеді

Астанада Еуразиялық топ – ERG инноваторлар форумы өтуде. 200-ден астам қызметкер – инженерлер, мехниктер, IT-мамандар, топ менеджерлері өндірістің тиімділігін арттыру бойынша өз идеяларымен бөлісіп жатыр.

Форум аясында үздік новаторлар жобасының байқауы өтуде, оның жеңімпаздары  Назарбаев университетінде  біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Еуразиялық топта қазір бизнес-трансформация жүруде,  ол 2014 жылы басталған болатын. Бизнесті трансформациялау  бизнес үрдістерді  стандарттауға,  ақпарат есепті ұсынуды жеделдету,  SAP кәсіпкерлігін басқару жүйесін енгізу ашықтығын  арттыруды жүзеге асырады.

«Әлемде экономиканың бәсеңдеуі байқалып отырған  кезеңде ERG өнімді өндірудің төмендету қаупін шеттетіп, жұмыс орындарының сақталуын, өнімнің жоғары сапалығын, қондырғыларды шығару көлемін арттыруды қамтамасыз етті. Бұл бағыттағы айтарлықтай бастаманың бірі  «Проект 10%»  атауы бойынша кәсіпорындарындағы өнімнің өз бағасының төмендеуі болды. Ол өткен жылы іске қосылған болатын.  Биылғы жылы  оның  ұтымдылығы  7 млрд теңгені құрады. Аталмыш бағдарлама аясында  500 новаторлық жоба бастамашылыққа ие болды», - деді  «Еуразиялық топ» ЖШС өнеркәсіп бойынша басқарма төрағасының орынбасары Азамат Бектібаев форум барысында.

Өз кезегінде ИДМ Индустриялды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары  Қанат Баитов айтқандай, қазіргі заманғы экономика саласында  оңтайландыру және автоматтандыру  өнеркәсіпті дамытудың басты тетігі болып табылады.

Айта кетейік, Eurasian Resources Group (ERG) — қазып алу, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг саласында толық интеграцияланған кәсіпорындары бар, табиғи ресурстарды өндіру бойынша әлемдегі ең ірі  әртараптандырушы компаниялардың бірі.Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасының аумағында экономикаға айтарлықтай үлес қосытын ERG-дің келесі өндірістік активтерін басқарады: Казхром ТҰК, Соколов-Сарбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (КЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл Көмір және ENRC Logistics.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
490

Павлодарлық ақын Қызылордада өткен айтыстан көлік мінді

Павлодардың ақыны Аспанбек Шұғатаев Қызылорда облысы, Қазалы ауданында өткен республикалық ақындар айтысынан көлік мініп қайтты.

Айтыс «Бабалар ерлігі - Тәуелсіздік тірегі» деп аталады. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған аламанда 10 ақын өнер көрсеткен. Сөз мәйегін терген жыр жүйріктері Сыр өңірінің тарихи тұлғалары Бегім ананың, Жалаңтөс батырдың және 1930 жылдары орын алған «Қазалы көтерілісі» құрбандарының ерлігін дәріптеп, есімдерін тағы бір мәрте еске түсірді.

Сөз аламанына айтыс өнерінің саңлақтары Аманжол Әлтаев, Мэлс Қосымбаев бастаған өнер және мәдениет қайраткерлері төрелік етті.

Айтыстың қорытындысы бойынша қызылордалық Мұхтар Ниязов бірінші орынды, астаналық Сырым Әділбеков екінші орынды еншіледі. Жамбыл облысы, Тараз қаласынан барған Рай Дөңбай үшінші жүлдені қанағат тұтты. Оларға ұйымдастырушы тарап 500 мың, 300 мың және 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берді.

Ал, айтыстың бас жүлдесін жеңіп алған Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы Аспанбек Шұғатаевқа аламанға тігілген жеңіл көліктің кілті табысталды.

16 қазан күні Қостанай облысы, Амангелді ауданында Әбдісадық Нұржановтың 90-жылдығына орай республикалық айтыс өтті. Жерлесіміз, азулы ақын ол айтыста екінші орынды қанжығасына байлады.

Еске сала кетейік, Аспанбек былтыр Алматыда Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздікке тағзым» деп аталатын ақындар айтысында «Алтын домбыраны» жеңіп алған болатын.

Ақынды Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының жанынан ашылған «Алдаспан» ақындар клубы шын жүректен құттықтайды.

Дерекекөз: pavlodarnews.kz

   
0
0
858

Казахстанская школа в контексте национальной идеи «Мәнгілік ел»

Реализация идей, заложенных Президентом страны Нурсултаном Назарбаевым в Плане нации – 100 конкретных шагов, требуют мобилизации большого количества ресурсов, в том числе и в системе образовании, отмечает депутат маслихата Осакаровского района Карагандинской области Кульбарам Каймакова.


«Современный ученик – это человек, который уже сегодня способен сформулировать свой собственный заказ. Казахстанский одиннадцатиклассник ждёт от школы прежде всего знаний, которые позволят ему устроиться в стремительно меняющейся жизни. Именно стандарты стран ОЭСР, направленные на повышение качества человеческого капитала будут влиять на молодое поколение. Изменится не количественная составляющая образования, а качественное содержание сегмента. В этом свою роль сыграет и подушевое финансирование, и оптимизация уровней образования, и внедрение 12-летней модели», – отмечает К. Каймакова.

«Президент страны, выступая 17 января 2014 года, отметил, что «нам предстоит большая работа по улучшению качества всех звеньев национального образования. Поэтому важно дать им современные программы и методики обучения, квалифицированные кадры. В среднем образовании надо подтягивать общеобразовательные учреждения к уровню преподавания в Назарбаев Интеллектуальных школах. Выпускники должны знать казахский, русский и английский языки. Результатом обучения должно стать овладение ими навыками критического мышления, самостоятельного поиска и глубокого анализа информации». Эти слова стали приоритетом в развитии наших школ в целом и каждого учителя в частности», – подчеркивает она.

В свою очередь, педагоги вместе с родителями должны отказаться от стереотипов в обучении, воспитании, управлении. «Сегодня учитель, воспитатель должен впитывать любые изменения, которое происходят в системе, нужно анализировать, выбирать и внедрять лучшее в свою практику, дабы максимально усовершенствовать школьную практику и культуру», – добавляет депутат.

Воспитать гражданина, патриота, интеллектуала можно лишь в эффективной среде, в которой созданы все условия для гармоничного развития личности. «Перед нами стоит сложная задача сформировать эту среду, подключив к диалогическому обучению все компоненты социума – родителей, учителей, общественность, этнокультурные объединения. Вместе мы формируем фундамент, на котором будет развиваться наше государство завтра. Только в полном взаимодействии мы можем рассчитывать на результат в процессе формирования молодого человека, который способен принести пользу не только себе, но и стране, народу. Сегодня в рамках идеи «Мәңгілік ел» она звучит очень актуально», – уверена К. Каймакова.

Интервью подготовлена по государственному социальному заказу Министерства по делам религий и гражданского общества Республики Казахстан в рамках проекта «Организация комплекса мероприятий с привлечением потенциала Интернет-сообщества с целью повышения информированности граждан о реализации «Плана Нации-100 конкретных шагов»

1
0
603

АНОНС «Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы»

Қарашаның 3-і сағат 16:00-де Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өткізіледі.
Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысады.
Отырыс барысында 3 заң жобасының тұжырымдамасын қарастыру көзделген:
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші –ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі)
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі)
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (әзірлеуші – ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі).
Ведомствоаралық отырысқа барша БАҚ өкілдері шақырылады.
Өткізу орны: Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 1 қабат, мәжіліс-зал (№ 1050).
Журналистерді тіркеу 3 қараша сағат 12.00-ге дейін жүргізіледі.
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02
0
0
369

Тоқсан бірдің «жыры» қашан аяқталады, кім біледі?

Бүгін бір қызылордалық Иглз қыз дайрект арқылы хабарласты. Концерт Қызылорда қаласында болмайтынын айтты. Оны қайдан шығардың десем, «ұйымдастырушылар билеттерді тапсырып, ақшаларыңды қайтарып алыңдар» деп, хабарлады дейді. Бұл ақпаратқа сенетін болсақ, онда Қызылорда қаласы Juz tour  -дың жаңадан қарастырылып жатқан кестесіне де ілінбейтін сияқты. Оған басты тосқауыл - Қызылорда облысының әкімшілігі деген сыбыс жүр. Ал, енді, онда Батыс Қазақстан бойынша концерттік тур қалай өтпек?

Павлодар қаласы, 17-ші қазан

Негізі осы жағдай бойынша желідегі пікірлерді саралайтын болсақ, олардың ішінде бірнешеуіне тоқталуға болады. Бірі - бұның барлығы «қара пиар» деп сөйлеуде. Бірақ, Ерболат Беделхан сондай зұлым адам емес шығар, жігіттердің ата-аналарын қара уайымға салдырып қоятын. «Қара пиар» десек те, ұзаққа созылып кеткенге ұқсайды.

Енді біреулері бұл Тоқсан бір тобына қарсы қаржыландырылған науқан деп есептейді. Әйтпесе біздің заманда өздерінің еркілерімен митингке шығатын жастар табылады ма?

Павлодар қаласы, 17-ші қазан

Көп талқыға алынатын тағы бір мысал, ол әрбір қаладағы жергілікті той әртістерінің осы мәселеге көңілдерін аударып, оны өздерінің пайдаларына қарай шешуге тырысып, қызу араласып кетуі. Өздері сол қазақтардың тойларын жүргізіп жүріп, қонақтарды нешетүрлі бұзылғандыққа итермелейді, ал көрермендерін сапалы ән мен заманауи қойылымдармен қуантқысы келген жас, талантты жігіттерге олар қарсы. Бұны сайқалдық деп атайды. Жалпы адамзат екіжүзді емес па?!  Дегенмен, жергілікті «өнер адамдары» осы үрдіске не себепті араласып кетті, қалай ойлайсыздар? Жә, ертең күнімізді көре алмаймыз деп шешкен шығар біреулері, бірақ Тоқсан бірдің жігіттері тойларға шығамыз деген шешім қабылдап, ол туралы жарияламады. Неден қорықты екен? «Жастарымызды бұзады, сырт келбеттері нағыз ер адамдарға сай емес» деген өтірік сылтау оқығаны бар, сауатты адамға сендірерлік аргумент емес. Бұзылатын жастар Интернетте отырып-ақ бұзылады.

Павлодар қаласы, 17-ші қазан

Сонымен, кейбір пікір қалдырушылардың ойынша бұл Ринат Заитовтың қалаған «жетістігі». Жуырдағы сұхбатында Ринат жастарды 91 тобына қарсы шақырған еді. Ол сұхбатты Вконтакте желісіндегі «Заманауи Қазақстан» деген парақшадан таба аласыздар. Содан бір үзінді келтірейін: «Жастар, сіздер қоғамның ең үлкен мүшесіздер. Тәуелсіздікті сіздер сияқты жастар алды. Депутат, министрлер алған жоқ оны. Ең бастысы айналаңыздағы бес адамды тәрбиелей біліңіз. Соның өзі үлкен жетістік. 91 концерт берсе үйде отырма, көрмеймін деп ... Жиырма бала болып, ең құрығанда соларға жұмыртқа лақтыр. Ол сол жердегі сеңді өзгертеді», - деп жазылған. Көпшілік ойланатындай сұхбат сияқты, ия?! Осындай адамдардан қорқу керек. Егер жігіттердің концерттері осы Ринаттың айтуымен, оның қалауымен өткіздірілмей жатса, сонда бұл адамның сөздері басқа жастардың санасына жетіп, өтіп тұр дегенді білдірмей ме? Ертең, құдай сақтасын, бұл айтыскер-ақынға елді басқарып отырған үкімет ұнамай қалса ше? Митингтердің көкесін сонда көреміз. Негізі осыдан бірер жылдар бұрын Ринат Зайтовты барлық теле экрандардан алып тастаған еді. Естеріңізде болса, сөз тигіздіруге болмайтын тұлғаларды сөз еткен еді. Сөйтіп, сол уақытта намысшыл қазақтардың қолдауына бөленген сияқты. Енді қазір оның сөзін екі етпей сасық кеуделілер айтқанын орындап жүргенге ұқсайды.

Павлодар қаласы, 17-ші қазан

Екінші, үшінші және төртінші мысалдар бір-бірімен әдемі ұштасып тұрған сияқты. Әкімшілікте отырғандардың бірі Зайтовтың жанкүйері мыс. Сонда ұзын қолды бір адам және қаржысы мол екінші адам айтыскер ақынның сөзімен әрекет етіп жүргендер шығар. Бұл әңгімеге шенеуніктер қашан қосылып кетті деп сұрасаңыздар, оған жауап бар. Әдетте жекеше концерттерге араласпайтын қаланың әкімшілігі осы Тоқсан бірдің концерттеріне үлкен зейін салып, аңдыйтын болыпты. Шынымен олар концертке келушілердің қауіпсіздігін алдын алу үшін қозғалып жүргендер болса, онда олар сол жерде концертке қарсымыз деп жиналған ниетшілерді полицияға тапсырулары керек еді. Өйткені олар қоғамның тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады.

Олар ақымақ па, әлде біздерді ақымақ санай ма, түсінсем бұйырмас.

 
 

1
0
1907

Qazaqstan ба, әлде Kazakhstan ба?

Әуелі Q-елі, кейін Q-pop, енді Qazkom. Бұл құлдық санадан айырыла бастағанымыздың белгісі ме, әлде казахым қазақ екендігін есіне түсіргені ме? Не болса да мен бұл бастаманы қос қолдап қолдаймын, себебі латын әліпбиінің «k» әрібінің бірден кириллицаның «к» және «қ» әріптеріне сәйкес келуі – дұрыс емес деп есептеймін.

«Себебі не бұл сырдың?» десеңіз, қазақ тілін оқыңыз.

Қазақ тілінің грамматикасы бойынша «қ» әрібі – шұғыл, қатаң, көмей дауыссыз, ал «к» – шұғыл, қатаң, тіл алды дауыссыз болып табылады. Бұл екі әріптің әр түрлі екендігін дәлелдейді, сондықтан бұл әріптер жеке-жеке транслитерациялануы қажет.

Енді «Ол әріптерді қалай транслитерациялаймыз» деген сұрақ туындайды.

Бұл сұраққа жауап іздеу үшін тарихқа үңілсек. 1929 және 1940 жылдар аралығында қазақ тілінің әліпбиі ретінде Қазақ ССР-ның Орталық Атқару Комитеті ұсынған, латиницаға негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Жаңәліп) қолданылғандығын барлығымыз білеміз. Міне осы әліпбиде «к» әрібі «k», ал «қ» әрібі «q» деп транслитерациялаған. Бұл өте дұрыс шешім деп есептеймін, себебі тіпті араб тіліндегі к және қ әріптеріне сәйкес келетін кәф және қаф әріптері латын әліпбиіне тура осылай транслитерацияланады.

Жоғарыда «Sotsijaldƅ Qazaƣƅstan» (Социалды Қазақстан) газетінің 1937 жылғы шығарылымы көрсетілген. Байқап отырғандарыңыздай еліміздің атауы латын әліпбиінде Qazaq SSR деп жазылған. Сондықтан Q әрібінің «қайта» қолданысқа енуі жаңалық емес, керісінше заңдылық. Кеңес Одағының құрамынан шыққаннан кейін еліміздің атауы латиницаға тікелей Казахстан сөзінен транслитерацияланып Kazakhstan болып кетті. Сөйтті де әлемдік аренада еліміздің атауы Қазақстан емес Казахстан болып таңылып кетті. Ал егер сол кезде қателік жіберілмей ел атауы Qazaqstan болғанда, ел атауындағы тілдік ерекшеліктер сақталар еді. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі бола тұра, әлемдік деңгейдегі ел атауының орысша болуы – дұрыс емес деп ойлаймын. Сондықтан да мен бұл бастаманы қолдаймын.

5
2
804

Қазақстанда Эссенциале Форте Н бос капсуладағы дәрілік заты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Германиядағы Sanofi компаниясында жасалатын Эссенциале Форте Н препаратының бос капсулада өткізілуі туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Капсулада ұнтақталған зат бар деп ойлайтын тұтынушылар қателеседі. Нұсқауда көрсетілген препараттың сипаттамасына сәйкес, капсулада паста тәріздес қоспа болады. Дәрілік затты көру үшін капсуланы ашып, оның сыртқы қаптамасын сығу керек.

Аталған дәрілік зат Қазақстанда тіркеліп, медициналық қолдануға рұқсат берілген.

Орталық Азия және Кавказ аймағындағы Sanofi компаниясының қауіпсіздік жөніндегі директоры Денис Астанинның айтуынша, Қазақстанда аталған препараттың жалған түрін қолданудың бірде бір жағдайы тіркелмеген.

«Әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын бейнежазбалардың пайда болу себебі – халықтың дәрілік заттарды дұрыс қолдану жөнінде хабардарлығының аз болуы. Егер де тұтынушылардың препаратқа деген күдігі, наразылығы болған жағдайда, олар өндірушіге хабарласа алады. Оның байланыс құралдары нұсқаулықта көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге,  Sanofi компаниясының Қазақстандағы өкілдігінде дәрінің сапасы, кері әсер ету жолдары, дәрінің жалғандығы бойынша кез келген сұрақтар бойынша кеңес беретін жедел телефон желісі жұмыс істейді. Оның нөмірі +7(727) 244 50 96», - деді ол.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мниистрлігі кез келген препаратты қолданар алдында нұсқаулықпен танысуды, дәрілік заттың оның сипаттамасымен сәкес екендігіне көз жеткізуге кеңес береді. Дәрілік зат туралы, оның кері әсері, қолдану тәсілі, қарсы көрсетілімдері туралы барлық ақпарат көрсетілген нұсқаулықты оны қолдану кезіндегі 1 айдың көлемінде сақтаған жөн.

Медициналық препараттардың сапасы туралы барлық мәселелерге байланысты қазақстандықтар ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаменттеріне жүгінулеріне болады.

 

№ п/п

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Департаменттері

Телефон нөмірлері

1

Ақмола облысы

50-96-04; 50-29-63

2

Ақтөбе облысы

24-26-85; 50-06-38

3

Алматы облысы

40-00-98; 32-90-73

4

Атырау облысы

27-19-69

5

ШҚО

76-12-01; 76-58-88

6

Жамбыл облысы

50-07-90; 45-34-97

7

БҚО

51-35-20; 50-61-55

8

Карағанды облысы

33-43-72; 43-33-75

9

Костанайя облысы

54-81-86; 54-80-06

10

Қызылорда облысы

23-41-53; 23-41-36

11

Маңғыстау облысы

42-01-51; 42-21-97

12

Павлодар облысы

32-99-96; 65-15-51

13

СҚО

36-02-22; 46-56-60

14

ОҚО

41-30-18

15

Алматы қ.

77-85-29; 77-85-17

16

Астана қ.

78-74-39; 78-75-28

   
0
0
251

ТҚҚК-де Қазақстан Республикасының сауда желісіндегі өнімдер айналымының проблемалық мәселелерін талқылады

2016 жылғы 28 қазанда Комитет алаңында «Қазақстан Республикасының  сауда желісіндегі өнімдер айналымының проблемалық мәселелері» тақырыбына бейне-конференц байланыс режимінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді, оған ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қазақстандық қорының, Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ұлттық қоғамның және сауда кәсіпорындарының («Метро Кэш энд Кэрри», «Рамстор Қазақстан», «Magnum» гипермаркеттер»; «Анвар», «Small» супермаркеттері және басқалары) өкілдері қатысты.

2016 жылы 9 айда өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде республика бойынша өнімдердің 31507 сынамасы зерттелді, оның ішінде 4436 (14 %) сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.

Сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің жалпы саны ішінде:

- 19%-ында қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша (микробиологиялық көрсеткіштер мен нитраттар) сәйкессіздік анықталды;

- 13%-ында тұтынушыны алдау фактілері анықталды (мәлімделген қасиеттеріне сәйкес келмеу);

- 68%-ында таңбалау  бұзылған (сақтау шарттары, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі туралы, мемлекеттік тілдегі ақпараттың және КО мүше мемлекеттері нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісінің болмауы).

Сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 20 тоннасы өткізілуден алынды.

Отырысқа қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады және сауда желісінде өнімдерді өткізудің проблемалары бойынша пікір алмасты.

Осыған байланысты, сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға жібермеуге және сауда желілерінде өнімдердің айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар айқындалды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=5877

0
0
390