БҚО-да тренингте мемлекеттік басқарудың тиімді тетіктері туралы талқылауда
Бүгін, 2016 жылдың 3 қарашада Батыс Қазақстан облысында қоғамдық кеңестердің мүшелеріне арналған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ЕСЕП БЕРУШІЛІГІ МЕН АШЫҚТЫҒЫНЫҢ ТИІМДІ ТЕТІКТЕРІ МЕН КЕПІЛДІКТЕРІ» тақырыбында тренинг өтіп жатыр.
Тренингтің ашылуында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Болат Әлмұханұлы сөз сөйледі.
Сондай-ақ, тренинг жұмысына Парламент депутаты Сұлтанов Қ., облыстық әкімдік басшылығы, Қоғамдық кеңестердің мүшелері, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
