Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сиқырлы хайуанаттарды маглдардан жасыру (2)

Қауіпсіз мекен

Сиқырлы хайуанаттарды жасырудағы ең маңызды қадам - оларға қауіпсіз мекен ұйымдастыру деп айтуға болады. Кентаврлар мен жалғызмүйіздер өмір сүретін ормандарға және су халқы пайдалануына бөлінген өзен-көлдерге шекара бұзғыштар өтіп кетпес үшін Маглсерпігіш дуалар қолданылады. Аса ерекше жағдайларда, мысалы, Бесаяқ сияқты хайуандарға келгенде, олардың бүкіл мекендеу аймағы мүлдем табылмайтындай етілуі қажет (қандай да бір аймақ табылмайтындай етілсе, оны картада анықтау мүмкін емес). Ондай аймақтардың кейбіреуі сиқыршылардың бақылауында болуы тиіс; мысалы, айдаһарлар қорығы. Жалғызмүйіздер мен су халқы оларға берілген аймақ аясында мекендей беруге риза болса, айдаһарлар қорықтан шығып, олжа іздеу үшін кез келген қолайлы мүмкіндікті пайдаланады. Кейбір жағдайларда Маглсерпігіш дуалар істемей қалуы мүмкін, өйткені хайуанаттар өз сиқырларымен оларды жойып тастай алады. Солардың бірі Келпи. Олардың жалғыз өмірлік мақсаты – адамдарды өзіне қарату. Тағы да бір сиқырбұзғыш хайуандарға Погребиндер жатады – олар адамдарды аңдып, жем қылумен өмір сүреді.

Сату және тұқым шығаруды бақылау

Қандай да бір дәу немесе қауіпті хайуанның маглдарға тап болу ықтималдығы өте төмен. Себебі олардың төлдерін не жұмыртқасын сату қазір қатаң жазаланады. Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімі сиқырлы хайуанаттар саудасын қатаң бақылауға алған. Ал 1965 жылғы Тәжірибелік өсірімді тыйдыру туралы заңға сәйкес жаңа тұқымдарды шығару заңсыз болып есептеледі.

(бірақ Хагридке бұны ешкім айтпаған)

Құбылдыру дуасы

Бұқара сиқыршылар да хайуанаттарды жасыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы, Гиппогрифтерді маглдардан жасыру үшін  Құбылдыру дуасын қолдану олардың қожайындарына заңмен міндеттелген. Құбылдыру дуасы күн сайын қолданылуы тиіс, себебі тәулік ішінде оның әсері әлсіреуге бейім.

Ұмытшылдық дуасы

Ал егерде маглдар көруге тиіс емес нәрсені көріп қойып жатса, жағдайды түзету үшін ең тиімді тәсіл ол Ұмытшылдық дуасы болса керек. Оны хайуанның қожайыны өзі қолдана алады, бірақ, кейбір күрделі жағдайларда Сиқыр министрлігі оқиға орнына арнайы Ұмытттырғыштар тобын жіберуі мүмкін.

Жалған ақпарат бөлімшесі

Жалған ақпарат бөлімшесінің қызметіне маглдардың сиқырға қақтығысуы әбден күрделенгенде ғана жүгінеді. Кейбір апаттарға не оқиғаларға сиқырдың қатысы бар екендігі айдан анық болып тұрады. Ондай кездерде Жалған ақпарат бөлімшесі тікелей маглдардың премьер-министрімен байланысқа шығып, оқиғаның шындыққа жанасатын, сиқырға қатысы жоқ түсіндірмесін іздейді. Бұл бөлімшенің шексіз ыждаһатының арқасында Лох-Несс Келпиінің бар екендігін дәлелдейтін көптеген суреттерге қарамастан, олардың жалғандығына маглдарды сендіріп, жағдайды түзету мүмкін болған.

МАГИЗООЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Жоғарыда сипатталған іс-шаралар Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімінің жасап жатқан орасан зор жұмысының тек бір қыры ғана. Енді қалғаны жауабын өзіміз де түбінде біліп отырған сұраққа жауап беру: неге біз, барлығымыз бірге және жекеше, тіпті ең қаһарлы әрі асау сиқырлы хайуанаттарды қорғап, жасыруға тырысудамыз? Жауап айқын – біз тамашалаған олардың ғажап сұлулығы мен құдыретін сиқыршылар мен мыстандардың келер ұрпағы да тамашалай алуы үшін.

Мен бұл еңбегімді біздің әлемде кеңінен мекендейтін таңғажайып хайуанаттарға кіріспе ретінде ұсынамын. Келесі беттерде жетпіс бес хайуан түрі сипатталған, бірақ, осы жылдың кез келген уақытында тағы да бір түр анықталатындығына күмәнім жоқ. Онда, әрине, кітаптың елу үшінші толықтырылған басылымын шығару керек болады. Соңында қосарым, талай жас сиқыршылар мен мыстандардың осы кітапта сипатталған таңғажайып хайуанаттар туралы толық білім алып өскені менің көңілімді көктетеді.

 
3
0
1131

Осы тақырып бойынша

Сиқырлы хайуанаттарды маглдардан жасыру (2) - Yvision.kz