Мазмұнға өту

Жаңа

Пикассо — ХХ ғасырдың даңқты суретшісі

Мына ғажайып әлемнің сұлулығын қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, оған ерекше әр бере білу екінің қолынан келетін іс емес. Сурет өнері - табиғат тарту еткен талантты жандарға тиесілі десек артық айтқандық болмас. Дүние жүзінде танымал суретшілер көп. Солардың бірегейі ретінде Пабло Пикассо туралы жазғанды жөн көрдік.

Бала Пикассо. Дара Пикассо.

Пикассо Испанияның Малага қаласында 1881 жылдың 25 қазанында дүниеге келген. Тарихта Пикассо есімі өте танымал. Ал оның аты-жөнінің тым ұзақ екенін біріміз білсек, енді біліміз білмеуіміз мүмкін. Пикассоның толық аты ­- Пабло Диего Хосе Франсиско де Паула Хуан Непомусено Мария де лос Ремедиос Криспин Криспиньяно де ла Сантисима Тринидад Руис Пикассо екен.  Пабло сурет өнеріне бала күнінен әуестенеді. Ол жеті жасынан бастап сурет салуға құмартады. Оның әкесі Хосе Руис те суретші болған. Баласының көркемсуретке деген ынтасын байқаған ол Паблоға алдымен жеңіл салынатын суреттерді көрсетіп, жалпы сурет салудың техникасын үйрете бастайды. Ал 13 жасқа келгенде оған өте ауқымды натюрморт салуды сеніп тапсырады. Ізбасарының талантына қайран қалған әкесі сол сәтте-ақ сурет өнерімен қоштасқан екен деп те айтылады. Пикассо небары он үш жасында Барселонаның Суретшілер Академиясына оқуға түседі. Академияға тапсырушы талапкерлер емтиханға бір ай жүріп дайындалса, Пикассо бір аптада ұстаздарды таң қалдыра білген. Ол өте жас болғанына қарамастан академияға қабылданады. Ал 16 жасқа келгенде әкесі оны Мадридтегі Өнер мектебіне ауыстырады. Алайда бұл мектепте Пикассо бір жылға жуық уақыт қана оқиды. Одан әрі өзі үлгі тұтқан Диего Веласкеса, Франсиско Гойи, Эль Греко сынды суретшілердің өнерлерін зерттей бастайды.

Пабло Пикассо

Пикассо шығармашылығындағы алғашқы суреттер жиынтығы Барселонадағы Пикассо музейінде сақталған. Солардың ішінде "Автопортрет", "Ана бейнесі" (1896) атты суреттер көпшілікке кеңінен танылған.

Шығармашылықтың "көкшіл" және "қызғылт" кезеңдері

Суретшінің 1901-1904 жылдар аралығында жасаған туындылары көкшіл кезең деп аталған. Осы кезеңде салынған суреттерде көгілдір-жасыл, салқын түстер, мұң басымдау. "Көкшіл кезең" сюжеттерінен жадау жүзді ана мен баланы, кедей-кепшікті, қайыр тілеген адамдар мен зағип жандарды көбірек көруге болады. "Кездесу" (1902), "Өмір" (1903), "Соқырдың таңғы асы" (1903), "Ана мен бала" (1903), "Кедей қария мен бала", "Үтікші әйел" (1904) картиналары арқылы суреткер қоғамның қорғансыз топтарын көрсетіп, оларға үміт сыйлаған. Ал 1904-1906 жылдардағы туындылардан керісінше, өмірге деген құштарлықты көреміз. Акробаттар, арлекиндер, әртістердің бейнелері Пикассо шығармашылығының "алқызыл кезеңінде" көрініс тапқан. Бұл кездері Пикассо өнердің қайнаған ортасы Париж қаласында тұрған еді. 1905 жылы салынған "Шардағы қыз" атты танымал картина да көкшіл кезеңнен қызғылт кезеңге өткен сәттегі туынды болатын.

Пикассо - кубизм стилінің авторы

1906 жылы Пикассо әйгілі американдық жазушы Гертруда Стайнның портретін салуды қолға алады. Алайда сексен рет қайталаса да суретті сала алмайды. Жазушының естеліктерінде Пикассо оған: "Мен сізге қарап тұрып сізді көре алмай тұрмын" деген көрінеді. Дәл осы сәттер Пикассо шығармашылығының өзгеру кезеңі болатын. Жаңа шығармашылық қуат пен әсер алу үшін суретші африкалық скульптураға ден қоя бастайды, бұл өнерде магиялық күш бар деп есептейді. Ал "африкалық әсер" суретшінің шабытын қамшылап, Г.Стайнның портретін тәмамдауға ықпал етеді. Бұл кезең суреттерін бастапқыда қоғам жылы қабылдай қоймады. Кубизм кезеңін Пикассо үш түрге бөлген.

Гертруда Стайн.

Сезанновтық кубизм - қарапайым геометриялық формадан тұрады, көмескі, бұлдыр, жасыл, қоңыр түстер басым. Аналитикалық кубизмде суреттегі бұйым ұсақталған, бір-бірінен анық алшақтатылған. Синтетикалық кубизм жұмыстары декоративтік және контрасты болып келеді. Бұған көбіне натюрморттар жатады.

Пикассо неоклассицизм, сюрреализм кезеңдерінде де өз жаңалықтарымен бөлісті. Жаңа туындылар өткен кезеңдердегі секілді суретшінің стильді өзгерткені үшін сынға да алынып жүрді.

Екінші дүниежүзілік соғыс. Герника.

1937 жылдың 1 мамырында неміс авиациясы Испанияның солтүгіндегі Герника қалашығын жер бетінен жоқ қылады. Пикассо салған "Герника" картинасы да сол оқиғамен тығыз байланысты еді. Картина ақ, қара, күлгін түстен тұрады. Әрі өте көлемді. Пикассо картинада ойрандаушы топты өгіз бейнесінде көрсеткен. Аталған картина Парижде өткен бүкіләлемдік көрмеде испан павильонына қойылады. Артынша осы сурет үшін Пикассоға гестапо (фашистік Германияда болған құпия полиция) іздеу салады. Оның үйіне тінту жасаған неміс офицері үстел үстінен "Герниканың" фотосуретін көреді. "Мынаны жасаған сіз бе?" деген сұраққа Пикассо: - "Жоқ, оны сіз жасадыңыз!" - деп ұтымды жауап берген екен. Ол 1935 жылы осындай суреттерден тұратын  "Минотавромахия" атты жинақ құрастырған.

Суретші өмірінің соңғы сәттері

Өмірінің ақырғы кезеңінде Пикассо көру мүмкіндігінен айырылады, есту қабілеті де нашар болған. Ол 1973 жылдың 8 сәуірінде 92 жасында Францияның Мужен қаласында өмірден озды. Мультимиллионер суретші өзіне тиесілі Вовенарг сарайының жанында жерленген. Пикассо 80 мыңнан аса сурет қалдырған ХХ ғасырдың дарынды суретшісі. 1970 жылы суретшінің көзі тірісінде Барселона қаласында Пикассо атындағы мұражай ашылды. Оған суретші картиналарынан өз қолымен тапсырып тұрған. Ал 1985 жылы суретші ұрпақтарының ықпалымен Парижде Пикассо музейі құрылды. Музей қорында Пикассоның 200-ден астам картинасы, 150-дей скульптура туындылары, мыңдаған суреттер, коллаждар, құжаттар қойылған. Бүгінгі күннің өзінде Пикассо еңбектері әлемдік аукциондарда іздестіріліп келеді.

0
0
6772

Талап ету қаталдықтың белгісі ма?

Талапшыл болған адамды қатал деуге болады ма? Талапшыл мен қатал кісіні шатастырып жатады көп жағдайда. Студенттер: "Сізді өте қатал деп айтқан болатын. Мінезіңіз жұмсақ екен",- дейді.

Талапшылмын.

Оқыса, білсе деймін.

Уақытты тиімді пайдаланса деймін.

Оны көбі түсіне қоймайтыны бар. Талап қоя білу де керек. Берілген тапсырманы орындамаған (орындай алмаған) студентті жекудің қажеті жоқ. Баға үшін оқитындарды жаным жақтырмайды. Сабақтан босата саламын (оған жүйкені тоздырып қажеті не, сұраған бағасын қойып беремін).

Талапты орындату үшін сахабалардан тәлім алуға тырысамын...

Ұлық имамы Әбу Һанифа бірде ұлы Хаммадтың біреумен ақида мәселесінде қызылкеңірдек болып пікір таластырып жатқанын көріп, алдымен екеуін мұқият тыңдайды.

Сөйтеді де, ұлына ендігәрі ондай таласқа бармауын ескертеді. Ұлы: «Әке, сіз де пікір таластырасыз ғой» деп қалады.  Сонда ұлық имам ұлына: «Ұлым, біз пікір таластырғанда, алдымыздағы адамды байқаусызда иманнан суытып алмауға қатты көңіл бөлетініміз сонша, басымызға құс қонақтап, сол құсты үркітіп алмайық дегендей бұған асқан сезімталдықпен қарайтынбыз. Жайлап қана сөзге тарту арқылы ол адамның дұрысын үйренуіне жағдай жасаймыз. Ал, сендер әлгі адамды жерден алып, көрге саласыңдар. Бұларың жөн емес», - деген екен.

 
1
0
600

ТМД елдері Астанада өтетін «Eurasian Book Fair» көрмесінде өз экспонаттарын ұсынады

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2016 жылғы 9-12 қараша аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлағандай, «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі –ТМД, Еуропа және Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми, білім беру және полиграфия компанияларын үлкен бір интеллектуалды алаңға біріктіретін еуразиялық кеңістіктегі ең ірі мәдени-ағартушы шаралардың бірі.

2016 жылғы 9 қарашада ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының «Қазына» топтамасымен шығарған алғашқы кітаптарының таныстырылымын өткізеді. Олар:«Ғасырлар алтыны. Ұлттық музейдің алтын және күміс бұйымдарының топтамасы» және «Ұлттық музей топтамасындағы қазақтың зергерлік өнері» атты түрлі-түсті альбом-каталогтармен Қалиолла Ахметжанның «Қазақтың отты қаруларының тарихы» кітабы. Бұл сериялық басылымдарды дайындау мен басып шығарудағы негізгі мақсат – Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы мен мәдениетіне қатысты тың материалдарды жинақтау, ғылыми талдау және толыққанды дерек ретінде ұсыну, ғылыми айналымға енгізу.

Көрме-жәрмеңкеде сонымен қатар, жазушы Жарылқап Бейсенбайұлының ҚР Ұлттық музейі ғылыми-методикалық кеңесінің мақұлдауымен және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен жарық көрген «Шоқан Уәлиханов» атты тарихи-ғұмырнамалық кітабының орысша жаңа басылымының таныстырылымы өткізіледі. Ол шығарманың алғашқы басылымының тұсаукесері 2015 жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өткен болатын.

Көрмеде сондай-ақ, ҚР Ұлттық музейінің Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімшісінің Археология және этнография институтымен бірге Шығыс Қазақстан облысында жүргізілген археологиялық экспедиция нәтижелері көрсетіледі. Сол сияқты Ұлттық музейдің  төл басылымы – «Мәдени мұра» журналы және Ұлттық музей қорынан келесі жәдігерлер: сирек кітаптар, бірегей музыкалық аспаптар, қанжарлар, қабырға панносы–плакеткалар, кәдесый бұйымдары, қазақтың ұлттық зергерлік қолөнер әшекейлері, және т. б. жұртшылық назарына ұсынылады.

Көрме аясында ауқымды мәдени-іскерлік бағдарлама – ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер, әйгілі мәдениет қайраткерлерімен,ақын-жазушылармен кездесулер, форумдар, байқаулар, викториналар жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
592

Балабақшалардың санын арттыру

Қазіргі таңда орындардың жетіспеушілігі салдарынан елдегі балалардың тек 74%-ы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бару мүмкіндігіне ие.

Алайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі қиыншылықтар бәріміздің есімізде. Жаппай жекешелендіру және балабақшалардың жабылуы олардың санының азаюына әкелді. Нәтижесінде мектепке дейінгі білім берумен қамту 90-шы жылдары 11%-дан кем (ауылдық жерде – 2%-дан кем) болды.

2000 жылдан бастап мәселе шешіле бастады. Елдің барлық аумақтарында балабақшалардың құрылысы қалпына келді. Осы мәселені шешудегі ауқымды ілгерілеу 2010 жылы «Балапан» бағдарламасын іске қосқан кезде байқалды. Оны іске асыру кезінде балабақшалардың саны 10-нан астам есеге өсті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды арттыру үшін не жасалады:
- жаңа мемлекеттік балабақшалардың құрылысы;
- МЖС (мемлекеттік – жеке серіктестік) механизмі жүзеге асырылады;
- мектепке дейінгі білім беру саласында жеке кәсіпкерлерге жеңілдіктер;
- мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жеңілдету үшін
- санитарлық Қағидалар мен Құрылыс нормалары мен қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатыр.

Соңғы 5 жылда балабақшалардың және шағын орталықтардың арту санының серпінін инфографикадан бақылауыңызға болады. Осы жылдар ішінде мектепке дейінгі білім беру желісі 2388 нысанға артты. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 54%-ға дейін (758772 бала), 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту - 82%-ға дейін (658312 бала) артты.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі жастағы барлық балалардың ¾ балабақшаларға және шағын орталықтарға барады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақсаты – 2020 жылға дейін елдегі балалардың 100%-ын мектепке дейінгі білім берумен қамту. Осы мақсатқа жету үшін тағы 2251 мектепке дейінгі ұйымдар (шамамен 300 мың орын) салынатын болады.

0
0
659

Ақтау қалалық сотының төрағасы тағайындалды

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Жақсылық Аланов Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 қарашадағы  № 368  Жарлығымен тағайындалған  Ақтау қалалық сотының төрағасы Кенжалиев Мәлік Сәбитұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ж.Аланов, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Қалалық  соттың жаңа төрағасын ұжымға таныстыру барысында Ж. Аланов: «Мәлік Сәбитұлы – кәсіби судья, тәжірибелі басшы. Осы уақытқа дейін ол Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы, Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы, Түпқараған аудандық сотының төрағасы  қызметтерін атқарды. Сот жүйесіндегі қызметтік өтілі 11 жылдан асады», -деп атап өтті.

Өз ісінің кәсіби маманы Мәлік Сәбитұлы еліміздің сот жүйесінің беделін арттыруға үлес қосып келеді. «Алдағы уақытта да әділдіктің ақ жолында аянбай еңбек ете беремін», - деді жаңа жұмысына кіріскен М.Кенжалиев.

Облыстық сот төрағасы Елбасының осы жарлығымен Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып тағайындалған Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Гаухар Метеркулованы, Жаңаөзен қалалық сотының судьясы болып тағайындалған Ақтау қаласы №2 сотының судьясы Алтынгүл Қарабекованы салтанатты түрде ұжымдарымен таныстырды.

Ал Мұнайлы аудандық сотының судьясы Ержан Ілиясов  Шу аудандық сотының судьясы болып ауысуына байланысты оған сәттілік тілеп, шығарып салды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/aktau-kalalyk-sotynyn-toragasy-tagayyndaldy

0
0
1007

Диалог алаңы!

2016 жылдың 4 қараша күні Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханасында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мәдениет қайртакерлерінің, кинематографиялық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.

Шараның мақсаты мәдени құндылықтарды енгізу және өнер және әдебиет, мәдениет туындылары негізінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін жағдай жасау. Елдің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және салалық заңнаманың ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты БАҚ кеңінен жариялау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу болып табылады.

Диалог алаңына Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, «БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Ә.Салиева облыстық мәдени қызметкерлері мен кітапханашылар қатысты.

 
0
0
418

А-дан Я-ға дейінгі сиқырлы хайуандар тізімі (Авгури/Augurey)

СИҚЫР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖІКТЕМЕСІ (С.М.Ж.)

Сиқырлы жаратылыстарды бақылау бөлімі барлық белгілі хайуандар, жаратылыстар және аруақтарға жіктеме жасайды. Бұл жаратылыстың қауіптілік дәрежесі туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді. Төменде бес дәреже көрсетілген.

ХХХХХ – бәріне мәлім сиқыршыларды өлтіруші/ бағынбайды/ қолға үйретілмейді. (немесе Хагридке ұнайтын кез келген хайуан)

ХХХХ – қауіпті/ арнайы білімді қажет етеді/ тек тәжірибелі сиқыршы ғана бағындыра алады

ХХХ – шебер сиқыршы бағындыра алады

ХХ – қауіпсіз/ қолға үйретуге болады

Х – жалықтырғыш

Мен кейбір жағдайларда белгілі бір хайуанның неге дәл сол дәрежеге жатқызылғанын түсіндіру қажет деп пайымдадым. Сондықтан сәйкесінше ескерту жазбаларын жасап отырдым.

А-дан Я-ға ДЕЙІНГІ СИҚЫРЛЫ ХАЙУАНДАР ТІЗІМІ

АВГУРИ/ AUGUREY (Ирланд фениксі деген атпен де танымал)


С.М. жіктемесі: ХХ

Авгуридің отаны Британия мен Ирландия, дегенмен, оны кейде Солтүстік Еуропада да кездестіруге болады. Үнемі қайғылы кейіптегі жасылшаң қара түсті арық құс, түрі шала тамақтанатын күшігенге ұқсайды.

Ол жекеше өмір сүргенді қалайды. Тамшы тәріздес ұясын бүлдірген мен тікен бұталардың арасына салады, оның қорегі жәндіктер мен феялар. Тек нөсер жауында ғана ұшуға шығады, ал басқа уақыттары өз ұясында тығылып отырады. Авгуридің өзіне тән төмен, шұбалаңқы дауысы бар. Кезінде оның үні өлім болжайды деп есептелетін. Сиқыршылар оның жан түршігерлік үнін естуден қорыққандықтан, ұясынан аулақ жүруге тырысатын. 
Талай сиқыршылар тоғай ішімен келе жатқанда Авгуридің үрейлі зарын естіп, жүрегі тоқтап қалған деп айтады. (Әпенді Уриктің кемінде елу қолға үйретілген Авгурилер бар бөлмеде ұйқтағаны белгілі. Аса бір жаңбырлы қыстың түні әлгі Авгурилердің зарынан оянған Урик өліп, аруақ болып кеттім деп ойлаған екен. Одан кейінгі оның өз үйінің қабырғасы арқылы өтпек әрекеттерін өмірбаяншысы Рудольфус Питтиман "он күндік ми шайқалу" деп атаған). Дегенмен, тыңғылықты зерттеулер Авгурилердің тек жаңбыр жауар алдында ғана әуендететінін көрсетті (Гулливер Покебайдың "Неге мен Авгури зарлағанда өлмедім" атты еңбегін қараңыз, 1824, "Кішкентай қызыл кітаптар"). Содан бері олар үй ауа райы болжаушысы ретінде танымал бола бастаған, бірақ көбісі оның қыс айларындағы тоқтаусыз зарына шыдау мүмкін емес деп санайды. Авгуридің қауырсындарын кеңсе мақсаттарында пайдалану мүмкін емес, себебі оларға сия жұқпайды.

 
2
0
1306

«Бір елдің сөзін айтып жүрген қызыңызға Бір үйдің отын жағу қиын деп пе ең?!»

Отырған қыздарды сөкпеңіздер...Көптің көз алдында жүріп отыздан асып не қырыққа таяп қалған қыздарды көріп сонша ет-жүрегі езіліп (не езілгендей боп) аяуға, мүсіркеуге тырысатын əйелдерді түсінбеймін. Олардың сұрағынан, көзқарасы мен эмоциясынан өзіңнен өзің ұялып кетесің. Сондай əйелдер, əсіресе өзі шығарын шығып ап, енді шаруаның бəрін тындырғандай, осындай оң жақта отырған қыздарды сұрақ астына алғанда, көбі өзінің семіріп, түрі қашып, жүйкесі тозуын бір ақтап алады-ау...Ей, сен таңдаған жігітті мен армандасам, əлдеқашан тура өзің құсап "бақыттан басым айналып" жүруші ем" - дегің келеді. Шынымды айтсам, сол күйеуге тиген əйелдердің өзі шын сезімді армандап, қиялданып, не байын бақытты ете алмай, не баласын баға алмай талайы жүр арамызда...Кезінде көштен қалмайын деп, өйтіп-бүйтіп "теңіздің ар жағына шығып алғандар" бүгін санын соғып, сол байдан не пана таба алмайды, не тастап кете алмайды. Бірақ əрбір қазақ əйелі жүрегінің түкпірінде, бір минутқа болса да, сол қосағынан жырақта өмір сүрсем деп қиялдап көреді. Неге? Өткені бүгін "арқа сүйердің", "бөріктінің" заманы өткен. Расында да. Себебі еркектер бүгін əйелдердің "ауруына шалдыққан". Психоз, невроз, истерика, ұрысқақтық, ұсақтық. Бəрі емес, көбі. Балабақшаға өзі барады, азық-түлік өзі алады, өндіріс азайғандықтан, еркек кіндік (масса) не "қағаз тасумен",  не "бет-жүзін бояп, əдемі сөйлеумен", одан қалса желіде философиялық тебіреністерімен, терең психологиялық ойларымен бөлісіп, анда-мұнда жеген асын жарнамалаумен айналысады. Табатыны (масса) 100 мыңның ар жақ-бер жағы. Олардың күшін жұмсар жер жоқ. Шүкір, заман тыныш, соғыс жоқ, аңшылық көптің қолы жете бермейтін сəн-салтанат боп кетті, əскерге 80-нен төменнің көбі бармаған...Сондықтан соғыстың бəрі от қасы, ошақ басында. Мұндай "батырларды" қалайтын қыздар бар, қаламайтындары тағы жетіп артылады. Отбасының шырағы бола білуде емес, шаңырақтың тірегі, арқа сүйер азаматтың аздығында ма мəселе деп қаласың.
1
0
490

Щучинскте өткен бес күн

Қазанынң 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.

Лагерьдің бесінші күнінде лагерь қатысушылары ҚР Қорғаныс Министрлігінің  Ш.Уалиханов атындағы Кадет Корпусына барып келді. Бір сағат бойы кадет корпусының ішіне экскурсия жүргізілді. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштері", "Республикалық "Айбын" әскери-патриоттық бағдарламасы"жайында видеороликтер түсірілді.

Лагерь қатысушысы Асанов Н.Н. :

"Қазақстан Жастар Конгрессінің жігіттері мен қыздары жақсы ұйымдастырды. Тағы да жаңа идеялар ,жаңа тәсілермен толықтыра түсу керек. Жалпы атйқанда рахмет."

Қазақстанда әскери-патриоттық қозғалыстардың дамуы жайында болған қоғамдық шаралар Халықаралық Қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша Комитет төрайымы, ҚР Парламенті Сенатының спикері Д.Н.Назарбаеваның және Азаматтық қоғам және Дін істері жөніндегі Министрлік төрағасы Ермекбаевтың қатысуымен өтті.

 

Қатысушы Тәжі Ерлан Әлімханұлы :

"Жігер" жастар әскери-патриоттық лагері жақсы және керемет көңіл-күйде өтуде. Осындай әскери-патриоттық лагерлер көптеп ұйымдастырыла берсе деймін және ұйымдастыру алқасына рахмет.

0
0
379

Әскери-патриоттық лагерь

Қазанның 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.

Теле2 байланыстары тауда жақсы ұстамайтындықтан барлық жаңалықтарды іс-шараның соңына дейін сақтауға тура келді.

Сонымен лагерьдің төртінші күні "Қазақстанда әскери-патриоттық қозғалысының даму болашағы" тақырыбында дискуссиялық алаңы өткізілді.

Спикерлер:

1.Рерих Владимир Ахмадьянович "Караван" республикалық газетінің шолушысы

2.Жакупов Мадениет Бопантаевич , әскери-спорттық клуб Федерациясы Президентінің орынбасары,спорттың әскери-қосымшалар түрлері бойынша мемелекеттік жаттықтырушы

3.Али Салтанат , ҚР Корғаныс Күштері Ұлттық әскери- патриоттық орталығының әскери-патриоттық жұмыстар орындау бөлімінің басшысы.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күгтері Презентациясы" көрсетілді.

Қатысушылардың қатысуымен топтық ойындар жүргізілді. "Алау жанындағы кездесулер" қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ашық әңгімелер өткізілді.

 

Қатысушылардың бірі Бақтыбай  Шыңғыс Абайұлы :

"Мұндағы күндер қызықты әрі жақсы өтуде.Мұндай іс-шаралар жастарды білімділікке, тәрбиелікке үйрететін және жауапкершілігі мол болып табылады.Әскери-патриоттық форум жастарды әскери өмірмен таныстыру және оларды әскери өмірге үйрету болып табылады.Семинар- тренингтер де өте қызықты. Сол арқылы Қазақстанда  болып жатқан мәлелелерді біліп,оны шешуге сәл де болса көмектесе аларымыз анық.Бір сөзбен айтқанда, БӘРІНЕ КӨП РАХМЕТ!!!"

0
0
673