Мазмұнға өту

Жаңа

ОҚО-ның Сарыағаш ауданында Тәуелсіздік жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі 140 есе өсті

Сарыағаш ауданында Тәуелсіздік жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі 140 есе өсті.Бұл туралы бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуәлиев Оңтүстік Қазақстан Облысының Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Сарыағаш ауданында жалпы халық саны егемендік алған жылы 201 мың 187 адам болса, 2016 жылы 323785 адамға жетіп отыр. Адам санымен қатар шаруашылық та алдыға ілгерілегені, халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлініп жатқандығы осы брифингте тілге тиек етілді. Ал ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылық саласындағы өндірілген өнімнің көлемі 1991 жылы 521,5 млн. теңге болса, 25 жылда 125 есеге өсіп, 60 200 млн. теңгені құрап отыр. «Тамшылатып суару әдісі арқылы суарудың жалпы көлемі 5035,0 гектарға жетті. Сарыағаш ауданында ауыз сумен қамт…

0
0
929

Қазақстан халал индустрияны дамыту саласында Малайзия тәжірибесін қолдануға мүдделі

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекеновтың малайзиялық халал индустрияның дамыту Корпорациясының (HDC) Бас атқарушы директоры Джамаль Бидинмен кездесуі өтті, деп хабарлады СІМ. Әңгіме барысында Джамаль Бидин Малайзия халал индустриясы, экономикалық өрлеудегі жетекші компоненттердің бірі екендігін атай келе, инвестиция үшін ең тартымды болып қала беретіндігін және елдің сыртқы сауда көлемін арттырып отырғандығын жеткізді. 2016 жылы халал өнімдердің экспортының көлемі шамамен 12,5млрд. АҚШ доллар болады, ал өнеркәсіп үлесі Малайзияда ЖІӨ-нің 7,5%-ына құрайды деп күтілуде. Экономиканың осы сегментін дамыту өткен жылы елдегі шамамен қосымша 100 000 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. 2015 жылы, әлемде халал өнімдерді тұтынудың жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыст…

0
0
596

Таба алмасам балама, бүгін уақыт «Аудио өлең» Бала — бауыр етің

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған - Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы - Secret Garden "Aria" 1 Бейнематериал авторы - Популярные видео в Казахстане "Ата-ана" 2 Бейнематериал авторы - Самые лучшие видео "Новая Зеландия" Фотоматериал авторлары - Түрлі жүйелерден алынған "Белгісіз" Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - https://vk.com/public56982889 Қатты ауырды-ау жүргегім, естігенде, Отыр екен сөйлесіп суреттермен. Кенжетайым, бауырым, ботам менің, Сұрағына, жауап беріп өзінің. О, тағдырым, сұрап едім жүрекпен, Аналықты армандап, жылап, тілеп. Түкке тұрмас, мың тілектің ішінен, Бір тілекті, қабыл алдың, сен естіп. Көз алдымнан, өтіп жатыр сөздерім, "Қоя тұршы, бара тұршы, ия, сосын" Өкініш, өкініште мынау көңілім, Бағаламай қалғаным ба, Жаратқанның мен сыйын? Құшып жатып,…

2
1
3165

Сиыр етінен дайындалған ет өнімдерінде шошқа ДНҚ-сы анықталды

2016 жылғы қыркүйекте РФ-ның «Калининградский тарный комбинат» ААҚ («Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек ет консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 13 ақпан), «Орелпродукт» ЖАҚ («Сиырдың бауырынан дайындалған паштет» ет-өсімдік консервілері. «Стерильденген паштет» консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 15 желтоқсан) және ҚР-ның «Рубиком» ЖШС («Астана» піскен шұжығы, өндірілген күні – 2016 жылғы 10 тамыз) өндірушілерінің тұтынушыларды алдағаны белгілі болды. Сөрелерге сиыр еті деп шығарған өнімнің аталған түрлерінде шошқаның ДНҚ-сы анықталды. Бұл ретте өнімнің қаптамасында құрамында шошқа етінің бар екендігі туралы мәлімет жоқ, өнім сиыр етінен жасалған болып мәлімделген. Сәйкессіздікті анықтау фактісі бойынша жоғарыда көрсетілген Ресей Федерациясының және Қазақстан…

0
0
493

Әділет министрлігінің сайты мемлекеттік органдар арасында үздіктердің бірі болып танылды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына жүргізілген мониторингті қорытындылады деп хабарлайды Today.kz(link is external) тілшісі. Министрдің айтуынша, төрт министрлік пен өңірлердегі үш әкімдіктің интернет-ресурстары толық болып табылады. «Біз орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 16-бабында белгіленген 52 индикатордың болуына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға интернет-ресурстың мазмұнына сәйкес ұсынымдар беріледі. Ағымдағы жылдың қазан айында жүргізілген соңғы мониторинг көрсеткеніндей, әділет, энергетика, инвестициялар және даму, денсаулық сақтау және ә…

0
0
456

2016 жылғы қазанның 28-інен бастап қарашаның 03-ін қоса алғандағы кезең ішінде

  1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 115 нормативтік құқықтық акті тіркелді;
  2. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 136 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды;
  3. Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 3351 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;
  4. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесіне 293 нормативтік құқықтық акті енгізілді.
0
0
408

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналына жазылу науқаны жалғасуда

Назар аударыңыздар!
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жаршысы» журналына 2017 жылға жазылу науқаны жалғасуда
«Қазпочта» АҚ каталогындағы жазылу индексі – 74823
Журналға «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде жазылуға болады
Жарты жылдық жазылым бағасы -7 982,5 теңге
Бір жылдық жазылым бағасы – 15 965 теңге
0
0
278

Қала тұрғындарына бос қызмет жәрмеңкесі өткізілді

Жас келсе, іске! Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» бүгін қала тұрғындарына кезекті бос қызмет жәрмеңкесін өткізді. 26- ға жуық жұмыс беруші кәсіпорындар мен ірі ЖШС өкілдері, АҚ мүшелері түрлі бос қызмет орындарын ұсынды.

Бүгінгі жәрмеңкеге «ПРЭК»АҚ-сі, «Гелиос» ЖШС,  «Казпочта» АҚ,  «Күзет» АҚ,  «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС,  «Смак-ПВ» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ,  «KSP Still» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ,  «Кастинг» ЖШС, «Трамвайное управление» АҚ, «Рубиком» ЖШС т.б. қатысты.

Сан түрлі мамандықтан өз қызметін табуды көздеп келген жастардың қарасы көп болды. Жұмыс іздегендерге 270 тен аса қызмет орындары ұсынылды. Олар түйіндемелерін қалдырып, жұмыс берушімен сұхбаттасып, кеңес алды.

0
0
366

ОҚО-да ЕАЭО нарығындағы бәсекелестікті реттеу жайы қаралды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтың қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл қазақстандық кәсіпкерлерге үлкен нарыққа жол ашқанын жеткізді. «Одаққа мүше болғанға дейін облысымыздың Ресеймен сыртқы сауда айналым көлемі 2010 жылы 225,3 млн. АҚШ долларын құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,4 есеге артып 756,6 млн. АҚШ долларына дейін жеткен. Оның ішінде, экспорт 5,8 есеге өссе, импорт 2,2 есеге көбейген»,-деді облыс әкімі. Өз кезегінде, сөз алған министр Н.Алдабергенов өзі жетекшілік ететін комиссиядағы Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәсекелестікт…

0
0
583

Жамбыл облысында 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасау жоспарлануда

Жамбыл облысында 1456 гектар аумаққа «жасыл белдеулер» жасау жоспарлануда. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы С.Қойбақов мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, өңірдегі ормандарды қорғау, олардың қорын молайту және жаңадан орман өсіру шараларымен 14 орман шаруашылығы мекемелері мен «Ормандарды қорғау жедел қызметі» айналысады. Бүгінде орман қорының жалпы аумағы 4,4 млн. гектарды құрайды. Оның орманды жерлері 2,2 млн. гектар. Жалпы орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 пайызын алып жатыр. 2016 жылы жергілікті бюджеттен 718 млн.теңге бөлінді, оның ішінде мекемелерді ұстауға 629 млн. теңге, өртке қарсы шаралар жүргізуге 33,6 млн.теңге жұмсалды. 2016 жылы ерте көкте…

0
0
427