Диалог алаңы!
2016 жылдың 4 қараша күні Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапханасында қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберіндегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мәдениет қайртакерлерінің, кинематографиялық ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.
Шараның мақсаты мәдени құндылықтарды енгізу және өнер және әдебиет, мәдениет туындылары негізінде азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін жағдай жасау. Елдің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және салалық заңнаманың ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты БАҚ кеңінен жариялау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу болып табылады.
Диалог алаңына Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин, «БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Ә.Салиева облыстық мәдени қызметкерлері мен кітапханашылар қатысты.
