Әскери-патриоттық лагерь
Қазанның 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.
Теле2 байланыстары тауда жақсы ұстамайтындықтан барлық жаңалықтарды іс-шараның соңына дейін сақтауға тура келді.
Сонымен лагерьдің төртінші күні "Қазақстанда әскери-патриоттық қозғалысының даму болашағы" тақырыбында дискуссиялық алаңы өткізілді.
Спикерлер:
1.Рерих Владимир Ахмадьянович "Караван" республикалық газетінің шолушысы
2.Жакупов Мадениет Бопантаевич , әскери-спорттық клуб Федерациясы Президентінің орынбасары,спорттың әскери-қосымшалар түрлері бойынша мемелекеттік жаттықтырушы
3.Али Салтанат , ҚР Корғаныс Күштері Ұлттық әскери- патриоттық орталығының әскери-патриоттық жұмыстар орындау бөлімінің басшысы.
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күгтері Презентациясы" көрсетілді.
Қатысушылардың қатысуымен топтық ойындар жүргізілді. "Алау жанындағы кездесулер" қоғам қайраткерлерінің қатысуымен ашық әңгімелер өткізілді.
Қатысушылардың бірі Бақтыбай Шыңғыс Абайұлы :
"Мұндағы күндер қызықты әрі жақсы өтуде.Мұндай іс-шаралар жастарды білімділікке, тәрбиелікке үйрететін және жауапкершілігі мол болып табылады.Әскери-патриоттық форум жастарды әскери өмірмен таныстыру және оларды әскери өмірге үйрету болып табылады.Семинар- тренингтер де өте қызықты. Сол арқылы Қазақстанда болып жатқан мәлелелерді біліп,оны шешуге сәл де болса көмектесе аларымыз анық.Бір сөзбен айтқанда, БӘРІНЕ КӨП РАХМЕТ!!!"
