Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Талап ету қаталдықтың белгісі ма?

Талапшыл болған адамды қатал деуге болады ма? Талапшыл мен қатал кісіні шатастырып жатады көп жағдайда. Студенттер: "Сізді өте қатал деп айтқан болатын. Мінезіңіз жұмсақ екен",- дейді.

Талапшылмын.

Оқыса, білсе деймін.

Уақытты тиімді пайдаланса деймін.

Оны көбі түсіне қоймайтыны бар. Талап қоя білу де керек. Берілген тапсырманы орындамаған (орындай алмаған) студентті жекудің қажеті жоқ. Баға үшін оқитындарды жаным жақтырмайды. Сабақтан босата саламын (оған жүйкені тоздырып қажеті не, сұраған бағасын қойып беремін).

Талапты орындату үшін сахабалардан тәлім алуға тырысамын...

Ұлық имамы Әбу Һанифа бірде ұлы Хаммадтың біреумен ақида мәселесінде қызылкеңірдек болып пікір таластырып жатқанын көріп, алдымен екеуін мұқият тыңдайды.

Сөйтеді де, ұлына ендігәрі ондай таласқа бармауын ескертеді. Ұлы: «Әке, сіз де пікір таластырасыз ғой» деп қалады.  Сонда ұлық имам ұлына: «Ұлым, біз пікір таластырғанда, алдымыздағы адамды байқаусызда иманнан суытып алмауға қатты көңіл бөлетініміз сонша, басымызға құс қонақтап, сол құсты үркітіп алмайық дегендей бұған асқан сезімталдықпен қарайтынбыз. Жайлап қана сөзге тарту арқылы ол адамның дұрысын үйренуіне жағдай жасаймыз. Ал, сендер әлгі адамды жерден алып, көрге саласыңдар. Бұларың жөн емес», - деген екен.

 
1
0
552

Осы тақырып бойынша

Талап ету қаталдықтың белгісі ма? - Yvision.kz