Щучинскте өткен бес күн
Қазанынң 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.
Лагерьдің бесінші күнінде лагерь қатысушылары ҚР Қорғаныс Министрлігінің Ш.Уалиханов атындағы Кадет Корпусына барып келді. Бір сағат бойы кадет корпусының ішіне экскурсия жүргізілді. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс Күштері", "Республикалық "Айбын" әскери-патриоттық бағдарламасы"жайында видеороликтер түсірілді.
Лагерь қатысушысы Асанов Н.Н. :
"Қазақстан Жастар Конгрессінің жігіттері мен қыздары жақсы ұйымдастырды. Тағы да жаңа идеялар ,жаңа тәсілермен толықтыра түсу керек. Жалпы атйқанда рахмет."
Қазақстанда әскери-патриоттық қозғалыстардың дамуы жайында болған қоғамдық шаралар Халықаралық Қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша Комитет төрайымы, ҚР Парламенті Сенатының спикері Д.Н.Назарбаеваның және Азаматтық қоғам және Дін істері жөніндегі Министрлік төрағасы Ермекбаевтың қатысуымен өтті.
Қатысушы Тәжі Ерлан Әлімханұлы :
"Жігер" жастар әскери-патриоттық лагері жақсы және керемет көңіл-күйде өтуде. Осындай әскери-патриоттық лагерлер көптеп ұйымдастырыла берсе деймін және ұйымдастыру алқасына рахмет.
