Қазақ хандығы. Тың деректер.
Қазақ хандығы — ұлан-ғайыр жеріміздің тамыры тереңде жатқан тарихы, егемен еліміздің бірлігінің бастауы. Еліміз бен көршілес аймақтарда 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі аумақты, Сырдария мен Амудария өзендері аралығын және Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының құрылуына 1457 жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті-Қыпшақтан Батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Хандықтың пайда болуын қазақ жерінде XIV-XV ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс деп білеміз. Өндіруші күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы нег…