Мазмұнға өту

Жаңа

Әскери-патриоттық клубтар

Қазанның 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.

Теле2 байланыстары тауда жақсы ұстамайтындықтан барлық жаңалықтарды іс-шараның соңына дейін сақтауға тура келді.

Сонымен лагерьдің үшінші күнінде "Жоба әзірлеу: Идеядан іске асыруға дейінгі қадам".Жаттықтыруды Апбергенова Гульмира Амангельдиновна болды. Қостанай қаласындағы "Best Kz" білім беретін орталықтың генерал-директоры өткізді.

"Дәстүрлі емес дін жастар арасында насихаттайтын өкілдерді табу және ескертпелер"тренинг жұмысы өткізілді.Өткізген Челидзе Расим Алиевич," Діни зерттеу оорталықтары ассоциациясы" ОЮЛ эксперті.

Кешке жақын Рысбай Серіктің жаттықтыруымен жауынгерлікке үйрену іс-қимылдары көрсетілді.

0
0
636

әскери- патриоттық лагерь

Қазанның 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.

Теле2 байланыстары тауда жақсы ұстамайтындықтан барлық жаңалықтарды іс-шараның соңына дейін сақтауға тура келді.

Сонымен, лагерьдің екінші күнінде "Әскери кростар бойынша тренинг жүргізу әдістемесі" тренингі өтті. Өткізген Гаврилов Виталий Петрович, Ақмола облыстық "Әскери-спорттық клуб Федерациясы" ОО төрағасы өткізді.

Мұнымен қатар," Әскери қолданбалы көпсайыс  тренингтер жүргізу әдістемесі" тренингі, өткізген Нурпейсов Қанат Султангалиевич Ақмола облыстық "Әскери-спорттық клуб жаттықтырушысы өткізді.

Екінші күн көрсетілген көптеген мастер-класстармен есте қалды . Олар әскери- спорттық эстафеталар,жарыстарды туристік және басқа да жабдықтар қолдану арқылы өткізу.

Әскери-патриоттық клубтардың тәжірибе алмасуы үшін әңгіме алаңдары құрылды. Лагерь дәстүрі бойынша Рысбай Серіктің жаттықтыруымен жауынгерлік сабақтары өткізілді.

0
0
902

Әскери патриотизм. Ол қалай көрінеді?

Қазанынң 25-30 жұлдызы аралығында Щучинск қаласында «Энергоинформ» АО оқу орталығы базасында респуьликалық «Жігер» әскери-патриоттық лагерь өтті. Лагерь Дін істері жөніндегі Министрлік пен азаматтық қоғам және ҚР Қорғаныс Министрлігінің тапсырысымен Қазақстан жастар Конгрессі ұйымдастырды. Лагерь Қазақстанның 14 облысынан жастарды түгел жинады.

Теле2 байланыстары тауда жақсы ұстамайтындықтан барлық жаңалықтарды іс-шараның соңына дейін сақтауға тура келді.

Бірінші күн

Лагерь ашылуында сәлемдесу сөзін Қазақстан Жастар Конгрессі атқарушы директорының орынбасары Тохтар Коммунарович Болысов алды.

Кішкене ашылудан кейін қатысушылар жастар қозғалысы әскери-патриоттық лагерьдің тарихын жасауға кірісті. Көптеген әртүрлі тренингтер өткізілді.Алғашқыларының бірі  ми шабуылы  «World Cafe» болды- қызу талқылау ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әдіс, бейресми пікірталасқа бағытталған. Сізге ақпарат жинау үшін адамдар тобын құру қажет болғанда, еркін басқа ұйымның қоғамдастық мәселелері туралы, идеялар мен пікірлермен бөлісуге, тәжірибе, білім алмасуға, бағалы ресурс болып табылады. Әдіс біз тең жағдайларда сөйлесе алатын  кезде ашықтық, жеңілдігі және психологиялық қауіпсіздік жайлы атмосфераны құру, әңгіме құрумен  әрбір қатысушысына айналысуға мүмкіндік береді.

Взводтар 6 топқа бөлінген болатын. Топтар 6 талқылауға арналған тақырыптары бар 6 столдарға жайғасты. Олар:

1.Аудандарда әскери-патриоттық лагерльлерді дамыту идеялары

2.Әскери-патриоттық тәрбиелеуде мемоекеттік органдардың қатысуы

3.Әскери-патриоттық лагерьлер қызметін қаржыландыру тәсілдері

4.Студенттерді ӘПЛ тарту әдістері

5.Әскери-патриоттық клубтар мәселелері

6.Әскери-патриоттық клубтарды орталықтандыру қажеттіліктері

Соңында, әр топ мәселелерге байланысты өз ойларын айтты. Айтылған ойлар қоғамдық отырыстарға ұсынылды.

Қатысушылар әскери-патриоттық қозғалыстардың даму тәсілдерімен танысты және талқылады. Қатысушылардың бәрі де өз Отан алдындағы борышын өтеу сезімінің қандай болатынын іштей сезінді.

Ернар Сейтахмет, "Жігер" әскери-патриоттық клубы қатысушысы

Тохтар Болысов , Қазақстан Жастар Конгрессі атқарушы директорының орынбасары

   
1
0
1032

Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери соты бүгін 2016 жылдың 7 қарашасында Қазақстанның конституциялық құрылымына күштеп өзгеріс енгізбекші болғаны үшін айыпталған Тоқтар Төлешовті мүлкін тәркілей отырып, 21  жылға соттады. Ол жазасын қатаң режімдегі түзеу колониясында өтейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан. Т. Төлешов 18 ауыр және аса ауыр қылмыстар, соның ішінде адам өлтіру, айуандықпен азаптау, адам ұрлау және т.б. қылмыстар жасағаны үшін сотталды. Оған тағылған айыптардың арасында мемлекетті күшпен басып алуға талпынды  және Қазақстанның өңір-өңірінде жер дауын  ушықтырып, заңсыз митингтерді қаржыландырды деген айыптаулар бар.

Еске сала кетейік, іс материалдарында мемлекеттік құпияларға қатысты деректер болғандықтан, Тоқтар Төлешовтің соты бірнеше ай бойы жабық түрде өткен болатын. 2016 жылдың қаңтарында Шымкентте күш құрылымдары арнайы операция жүргізіп, оны қолға түсірген болатын. Арада алты ай өткен соң, яғни, маусым айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми мәлімдеме жасай отырып, Тоқтар Төлешовке қаражаты мен лауазымын пайдалана отырып, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді деген айып тақты. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Тоқтар Төлешов құзырлы органдар мен әскери саладағы ведомстволардан сыбайластар тапқан. Қылмыстық істегі басты жауапкер - Тоқтар Төлешев бірқатар қылмыстар бойынша айыпталған болатын, олардың арасында: адам ұрлау, өлтіру, заңсыз бостандығынан айыру, билікті басып алуға жария шақыру, сондай-ақ билікті басып алу немесе ҚР Конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу, тонаушылық, ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйым құру және оған басшылық ету сияқты айыптар тағылған. Сондай-ақ ол қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және жарылғыш құрылғылардың  заңсыз айналымына айыпталуда. Сонымен бірге, Төлешовтің өткізу мақсатынсыз есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар екендігі жөнінде айып тағылған болатын. Кейінірек əлеуметтік желіде Т. Төлешовтің қылмыс жасағанына шын көңілімен өкінгені жөнінде құжаттар жарияланды. ҰҚК-нің басшысына жазған өтініш-хатында «Шымкентсыра» ЖШС-нің экс-директоры Т. Төлешов Қазақстанда жерді шетелдіктерге сату мен жалға беруге қарсы шерулерді ұйымдастырғанын мойындады. «Халық мені қолдау үшін биліктің беделін түсіру керектігін білдім. Ол үшін әлеуметтік жарылыс жасау керек еді. Мұндай іс өз қолымнан келмейтінін түсіндім. Сол үшін Атыраудағы ерік-жігері мол Талғат Аянды іздеп-таптым. Ол өзінің соңынан халықты ерте алатынына сендім. Сондықтан ақшалай демеушілік жасап, «халық батырының» бейнесін сомдауды тапсырдым. Мен БАҚ-тарда ұзақ уақыт талқыға түскен жер реформасының болатынын білдім. Қазақтардың туған жерін қорғау үшін ештеңеден тайынбайтынын ескеріп, осы мүмкіндікті пайдаланғым келді. Сол үшін қызба мінезді тұрғындары көп Атырауды таңдадым. Және ол жердегі бүлікке қатысымның барын ешкім сезбейді деп түйдім. Сөйтіп, өз қызметкерлеріме Талғат Аянға 100 000 доллар жіберіп, «жер мәселесімен» айналысуға және қазақ жерін шетелдіктерге сату туралы өсек таратуға нұсқау бердім. Мұндай әрекет жұртты дүрліктіріп, халық туған жерді қорғау үшін көтерілетінін білдім»,- делінген құжатта. Ол өзінің түпкі мақсаты - халықтың билікке деген ашу-ызасын туғызу жолымен елде вице-президент лауазымын енгізуге қол жеткізуді көздеген.

0
0
514

Астанада АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасымен таныстырды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов Қазақстан Республикасында АӨК-ні дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын таныстырды.

Ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Үкіметке жылдың аяғына дейін Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасымен біріктіру арқылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету болады, деп хабарлады министрлікте.

Әзірленіп жатқан Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері: мал шаруашылығының тиімділігін 58%-ға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 670 мың ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, АШТӨ-ні барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыру және органикалық өнімнің қазақстандық брендін жылжыту, 600 мың га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру болады.

Сонымен қатар, бағдарламаны мемлекеттік форматқа қайта бекіту шеңберінде субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарланған, бұл қазіргіден де көп мемлекеттік қолдау алушыларды қамтуға, осылайша оның тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жалпы, өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Атап айтқанда, бидай алқаптарының бір бөлігі аса сұранысқа ие дақылдармен (майлы дақылдар, арпа, жемдік жүгері, қант қызылшасы, азықтық дақылдар) алмастырылатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімінің өнімділігін жоғарылату мақсатында жоғары сапалы тұқымдарды қолдану және тыңайтқыштарды енгізу үшін мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Мал шаруашылығы саласында шаруаларды мал азығымен қамтамасыз ету қажет. Осыған орай, елдік азықтық теңгерім әзірленіп, енгізілетін болады, азықтық дақылдардың алаңдары ұлғайтылады; құрама жемдерді өндіру және тұтыну ынталандырылады, сондай-ақ жайылымдарды пайдаланудың тиімділігін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы асыл тұқымды жануарлардың үлесін жоғарылату бойынша шаралар қабылданатын болады.

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суармалы жерлердің алаңдарын ұлғайту бойынша шаралардан басқа, қосымша электрондық форматта жер ресурстарының жай-күйі туралы мәліметтер қалыптастырылады.

Бұдан басқа, АӨК-ні инфрақұрымдылық қамтамасыз ету үшін өнімді өткізу бойынша ауылдық кооперативтер құруды ынталандыру, ауыл тұрғындарына несие беру және оларға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ қаржылық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, АӨК субъектілерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру үшін алыс шетелден қымбат техника мен жабдықтарды сатып алу үлесін төмендету бойынша шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуді жетілдіру шеңберінде ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
687

Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында

Қазан айының 26сы куні Microsoft компаниясы өзінің жаңа өнімдерін бүкіл әлемге ұсынған болатын. Бұл презентацияға дейін Microsoft компаниясына сенбек түрлі, оны ұмытып қалған адамдарда болатын. Бұны да түсінуге болады, өйткені Microsoft компаниясы соңғы жылдары халықты "уау" деп таңғалдыратындай ештеңе жасап көрсетпеген. Алайда, бұл күні Microsoft компаниясы Google мен Apple компанияларын тыңдаушылардың басынан шығарып, Microsoft компаниясын қайтадан технологиялық алыптардың бәйгесіне оралғанын және де оларды озып түскенін көрсеткен болатын.

 

Microsoft компаниясының презентациясының бірінші бөлігі Windows 10: жасампаздарға арналған жаңартуы деп аталады. Бұл Windows 10 жаңартуы үш бөліктен тұрады:

  1. Виртуалды және аралас ақиқат
  2. 4к ажыратылымдағы ойындар
  3. Бас экрандағы әлеуметтік желі

Сіз интернет желісінде өз уйіңізге алғыңыз келген бір затты тапсаңыз, оны виртуалды және аралас ақиқат технологиясын қолдану арқылы сол зат сіздің уйіңізге жарасатындығын тексеруге болады.

 

Microsoft презентациясының екінші бөлігі Surface Book деген жаңа технологиялық өнімге арналған болатын.

Технологиялық сипаттамасы:

Операциялық жуйе: Windows 10

Экран: 13.5 дюйм

Процессор: Intel Core I7

Оперативтік жад: 16 гб

Графиқалық жуйе: NVIDIA GEFORCE GTX965 (2гб GDDDR5)

Камера: 8 және 5 мп

Аккумулятор қуаты: 16 сағат

Бағасы: $2400 басталады

 

Презентацияның соңғы бөлігінде Surface Studio деген толықтай жаңа технологиялық өнімді халыққа көрсетті.

Технологиялық сипаттамасы:

Операциялық жуйе: Windows 10

Экран: 28 дюйм

Процессор: Intel Core I7

Оперативтік жад: 32 гб

Графиқалық жуйе: NVIDIA GEFORCE GTX980 (4гб GDDR5)

Камера: 5 мп

Аккумулятор қуаты: 16 сағат

Бағасы: $3000 басталады

 

 

Surface Studio технологиялық өнімін жариялаған кезде презентацияға қатысып отырған журналисттер мен бүкіл адамдар бұл Apple компаниясының IMac деген өнімінің көшірмесі деп ойлаған болатын. Бірақ бұндай ойдын барлығы Surface Studio-ның экранын қолдың көмегімен астыға түсіргенде бір сәтте жойылып кетті. Бұдан кейін біз мүлдем жаңа, басқаларға ұқсамайтын инновациялық технологиялық өнім екеніне көзіміз жетті.

 

 

Бұған қоса презентацияның үшінші бөлігінің соңына таман Microsoft компаниясы бәрімізге танымал компьютерлік тінтуірінің толықтай жаңадан жасалған түрін көрсетті. Бұл технологиялық өнім Surface Dial деп аталады. Бұл тінтуір бізге танымал жай тінтуірді толықтай ауыстырмай оның көмекшісі ретінде жүреді, өйткені Surface Dial-ды тек қана сенсорлік экранмен ғана қолдануға болады. Суретте көрсетілгендей бұл құралмен суретті жақындатуға, алыстатуға, бұруға, айналдыруға және де тағы да басқа заттар жасауға болады.

 

 

Презентация қорытыңдысы

Көңілді презентация, инновациялық, әдемі және қызықты өнімдер- Microsoft компаниясын Apple мен Google-дың технологияларына табынатын адамдарды да таңдандырды. Осы презентациядан кейін Microsoft компаниясын технологиялық алыптардың бәйгесіне оралып қарсыластарынан аса түсті деп айтуға болады. Бірақ бұл өнімдердің өте үлкен бағасы үшін көптеген дамымаған елдерде үлкен сұранысқа йе болмауы мүмкін деп ойлаймын.

 
1
0
954

Ұмытылған сөздердің жаңа тынысы

Ана тілі мен оқып жүрген шет тілінің (тілдердің) сөздік қорын молайтудың ең тиімді әдістері қандай? Осы сұрақты тіл мамандарына, тіл үйреніп жүрген әріптестеріңіз бен достарыңызға қойғанда, тіпті интернеттегі шексіз көп форумдар мен арнайы ресурстар көмегіне жүгінген кезде алуан түрлі әдіс-амалдар туралы хабардар болатыныңыз сөзсіз.

Өзім танитын ауызша аударма саласының танымал бір маманы тілді әрі аудармашы кәсібін жетік меңгергісі келетіндерге мынадай маңызды кеңес береді:

- сөздердің сөздіктегі бірінші көрсетілген мағынасын ғана есте сақтап, оны орынды-орынсыз пайдаланудан сақ болыңыз;

- сіз іздеген сөзге арналған сөздіктегі мақаланы ерінбей соңына дейін оқып шығып, сөздің басқа қандай мағыналарда пайдаланылатынына назар аударыңыз;

- әсіресе сөздің бұрыннан бейтаныс әрі айрықша мағыналарына көңіл бөлгеніңіз жөн болар;

- жаңа сөздерді түрлі мысалдар (тұрақты сөз тіркестері, мәтелдер, т.с.с.) мен есте сақтауға көмектесетін нақты әрі абстрактілі бейнелер көмегімен өзіңіздің күнделікті/кәсіби сөздік қорыңызға қосып меңгеріңіз.

Бұл әдістің еш қиындығы әрі жаңалығы жоқ, бірақ оны дейін қойып әрі шынайы қызығып қолданбайтын болсаңыз, тілдер мен мәдениетаралық байланыстар әлемінде біраз «тосын сыйларға» тап боласыз.

Бұл туралы неге сөз қозғап отыр дейсіз ғой?

Жақында «Абай жолы» романының үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) мәтінін салыстырып оқуды бастаған едім, бір жыл бұрын француз тілін оқып жүргенде болған мына бір қызық жайт есіме түсті.

Француз тілін оқып жүргендерге жақсы таныс Казакова деген ресейлік автордың оқулығында gay (гей) деген қазір көпшілікке «гомосексуалист», «бір жынысты махаббат иесі» мағыналарында таныс сөзінің бұрын мүлде басқа нәрсені білдіргенін көріп, қатты таң қалдым. Бұрын гей деп көңілді, жайдары, өмірге құштар адамдарды айтқан екен...

Бұл сөздің ағылшын тіліндегі тағдыры да осындай. Сөздің қай уақыттан бері және қалай басқа мәнде қолданылып келе жатқанын зерттеген жоқпын.

Қолда бар ағылшынша-орысша сөздіктерді тексеріп көрдім: 1999 және 2004 жылдарда шыққан Оксфорд сөздіктерінде gay сөзінің алғашқы мағыналары ретінде "көңілді", "бейберекет" деген нұсқалар, ал gay colours деген тіркес ашық түсті (ашық түстер) деп аударылатыны көрсетілген.

Ал аталған сөздіктің 2006 жылғы және В.К.Мюллердің 2016 жылғы жаңа сөздігінде бірінші орында gay сөзінің бізге қазір жақсы таныс «дәстүрлі емес жыныстық көзқарас/қатынас» мағынасы тұр.

Сөз соңында жоғарыда аталып өткен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған мына сөйлемді аудару мысалдарын келтірейін:

түпнұсқада: "...қыз-келіншекпен сауық-сайран салмадым ба?";

орыс тіліне аударылған нұсқалар: …веселился с девушками и молодыми женщинами / развлекал молодух и юных красавиц;

қателеспесем, 1970 жылдары ағылшын тіліне аударылған нұсқа(Л.Наврозов): …having a gay time with the girls.

Осылай...

1
0
781

Жоғарғы Сот Судьялардың жетінші съезінің қарсаңында заң аясына арналған Интернет-викторинаны іске қосты

Бүгін Жоғарғы Сот жаһандық желіні пайдаланушыларға есептелген интернет-викторинаны іске қосты. Іс-шара 2016 жылғы қарашада Судьялардың жетінші съезін өткізуге арналған.

Осы акцияның мақсаты ел азаматтарының құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады. Ел азаматтарының белгілі бір бөлігі, әсіресе ол жастарға қатысты қандай әрекеттер құқық бұзушылықтарға жататынын біле бермейді. Жеткіншектердің математика пәнінің бақылау сабағына бармау үшін бомба салынғаны туралы телефон шалу жағдайлары осы күнге дейін кездеседі. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Мұның проблемасы – жастарды заңдарды оқуға баулу қиынға түсіп отыр, ал оларды бірінші кезекте интернет-викторинаға жүлделер арқылы тартып, осылайша олардың заңмалық тұрғыдан білімдерін арттыру - ең пәрменді тәсіл.

Бұл білім деңгейін көтерумен шектелмейді, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. «Сіз 16 жастасыз делік, және Сіз кездейсоқ өтіп бара жатқан адамнан ұялы телефонды тартып алып, өз қаржылық жағдайыңызды бөгде адамның мүлкін ашық ұрлау жолымен жөндемек болдыңыз. Сізге ең көп дегенде қанша мерзімге бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр?»,- деген сұраққа, көптеген жастар осындай теріс әрекетті жасаудың қызық тудырмайтын болашағын ескере отырып, «болмашы әрекеттерге» өз көзқарастарын өзгертеді.

Викторинаға қатысушылар үшін қомақты жүлделі қор көзделген. Күн сайын  жүздеген шағын жүлделер ұтыс ойынға түседі – бұл мобильді телефон нөміріне 200 немесе 500 бірліктер. Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 10 қарашада көш бастап келе жатқан үш смартфон ойынға салынады.

Жүлдені алу үшін интернет пайдаланушылар қойылатын 10 сұрақтың басым көпшілігіне жауап беруге тиіс. Барлығы 100-ден астам сұрақ құралды. Олардың 10-ы кездейсоқ тәртіппен викторинаға қатысушыға түседі. Жеңіл қабылдау үшін сұрақтар қарапайым тілмен құрылған. Көптеген сұрақтар өзекті болып келеді. Мысалы, «Жалғысты басты ана айрылысқан және соттың шешімімен оның бұрынғы жұбайы ортақ кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуге міндетті, бірақ жұбайы бұл міндетті үш айдан астам орындамай келеді. Сотқа жүгінген жағдайда ол қандай жазаға тартылуы мүмкін?» деген сұрақ бар.

Аталған акцияға  қатысушылардың барынша көп санын тарту үшін жан-жақты интернет-реклама берілуде. Акция 2016 жылғы 24 қазан - 2 қараша аралығында өтеді. Викторинаға қатысу үшін танымал әлеуметтік желілер (фейсбук, вконтакте, мейл.ру, твиттер) арқылы авторландыру немесе http://sud-gov.kz сілтемесі арқылы қарапайым тіркелуден өту қажет.

Тұтастай алғанда, Жоғарғы Сот құқықтық мәдениеттің деңгейін көтеру үшін қазіргі заманғы форматтарды пайдалану құқық бұзушылықтарды төмендету есебінен оң нәтиже, оның ішінде экономикалық нәтиже береді деп сенім артады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-sudyalardyn-zhetinshi-sezinin-karsanynda-zan-ayasyna-arnalgan-internet-viktorinany

0
0
285

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті

Бүгін Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ. Мәми Сот төрелігі академиясының магистранттармен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Іс-шара Жоғарғы Сот ғимаратында өтті.

Қ. Мәми Сот төрелігі академиясының Мемлекеттік басшысының тапсырмасы  бойынша «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының 18-қадамын орындау үшін құрылғанын атап өтті. Жоғарғы Соттың жанынан Академияның құрылуы және жұмыс істеуі заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды қадамдарының бірі ретінде айқындалған. Оны құру кезінде халықаралық тәжірибелер зерделенді, ЭЫДҰ мен Еуропа судьялары хартиясының ұсынымдары, Халықаралық судьялар қауымдастығының және Еуропа судьялары консультациялық кеңесінің қорытындылары назарға алынды.

Жоғарғы Сот Академиямен бірлесіп  барлық қажетті нормативтік құқықтық базаны дайындады, профессорлық-оқытушылық құрамды қалыптастырды, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерді шешті. Бүгін Академия өзінің алдында тұрған міндеттерді шешуге толығымен дайын.

2016 жылғы магистранттарға сөзін арнай отырып, Қ. Мәми олардың бәрінің заңгерлік мамандық бойынша жеткілікті жұмыс тәжірибесінің барына және түсу емтихандары барысында жіті іріктеуден өткеніне ерекше тоқталды. «Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының алғашқы, сондықтан айрықша түлектері: сот жүйесін тыңғылықты теоретикалық дайындығы бар, білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана алатын жаңа формациядағы кадрлармен толықтыруға тиіс. Қазірден бастап Әділдікке қызмет етушілерге жүктелетін жауапкершілікті терең сезіну қажет»,- деді Жоғарғы Соттың Төрағасы.

Академияның профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу кезінде жаңа формациядағы заңгерлер кадрларын даярлау елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің және зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Академияның жаңа мәртебедегі негізгі міндеті - сот қызметінің ерекешілігін ескере отырып, оқу процесін өзгерту болып табылады. Бүгінгі күні акцент ақпарат беруден судьяның кәсібі біліктілігін қалыптастыруға жасалуға тиіс. Айрықша мәртебеге ие бола отырып, Академияның өзі дербес білім беру, ғылыми және әдістемелік салада негізгі ережелерді әзірлеп, практикаға енгізуге, мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын айқындауға, оларды оқытудың мерзімі мен нысандарын белгілеуге құқылы.

Қ. Мәми «Сот төрелігін жүзеге асыру үшін тыңдаушыны психологиялық және моральдық-этикалық дайындау маңызды болып табылады. Бірінші кезекте, оқу жоспарлары мен бағдарламалары тыңдаушыларды құқық қолдануға машықтандыруға тиіс.» - деп атап өтті.

Судьялық кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін ғылыми базаны  қамтамасыз ете отырып, Академияның ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін үшін оқу процесіне енгізу қажет.

Академияны одан әрі дамыту перспективасы Сот білімінің 2017-2020 жылдарға арналған стратегиясының жобасында көзделген. Қазіргі кезде ол талқылау және пысықтау кезеңінен өтуде.

Басшылық пен профессорлық-оқытушылық құрамның алдына оқу және ғылыми-зерттеу процестерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды, сонымен қатар оқу орнын одан әрі жаңғыртудың бағдары айқындалды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-toragasy-kmmi-sot-toreligi-akademiyasynyn-magistranttarmen-zhne-professorlyk

0
0
463

Қазақша киноцитаталар 3

Назарларыңызға -  Үшінші топтама. Ал кеттік!
Айтпақшы, өзіңізге таныс цитаталарды таптыңыз ба?)
1.Жеккөрушілік – ауыр жүк. Өмір қамшының сабындай қысқа, сондықтан оны зұлымдыққа жұмсама.
“Американдық Икс оқиғасы”

2. Ең жаман нәрсенің не екенін білесің бе? Ұзақ уақыт бойы бар сеніп келгенің түкке тұрғысыз болғанын сезіну.
3.Көп адамдар жалғыздықтың кереметін түсінбейді.
“Жаздың 500 күні”


4.Құрбандықсыз сүйіспеншілік болмайды.
“Аватар”


5.Бақыттың шынайы бағасын басқа жанмен бөлісе алғанда ғана түсінесің.
6.Мені бүкіл әлем, адамдар сүйеді, менде оларға сүйіспеншілікпен жауап беруді қалаймын.
“Жабайы жағдайларда”


7.Өмір тәуекелсіз солғын тартады.
“Гарри Поттер және Феникс зүмресі”

8.Сіздің әрбір ойыңыз – үлкен шынайы күш!
“Құпия”


9.Даңқ – сенімсіз жолдас, Гарри.
“Гарри Поттер және Құпия бөлме”

10.Құдай 7 күнде Әлемді жаратты, мен 7 секундта өз өмірімнің күл-талқанын шығардым.
“7 Өмір”


11.Сенің тірегің болып, шынайы сүюге, махаббатымызға сабырлықпен қорғаныш болуға, керек уақытында сөйлеп, керек емес уақытта үндемеуге уәде беремін. Сонымен қатар, сәбіз шырынын ішуге, сенің жүрегім қалаған жерге қоныстануға және сол жерді өз үйім деп санауға келісемін.
“Ант”


12.Өмір сүрудің жалғыз жолы – ережесіз өмір сүру.
“Бэтмен”

13.Махаббат найзағай секілді, оның қай жерге ұратынын кім білген?!
14.Кез-келген адамның өмірін бастан- аяқ толықтай өзгертуші бір-ақ күш бар. Ол – махаббат.
“Махаббатым үшін кешір”


15.Көз жасыңды көлдетумен ұрыстарда жеңіске жетпейсің.
“Алиса Таңғажайыптар Елінде”


16.- Мен саған қалай көмектесе аламын?
- Жай ғана құшақташы.
“Қарғыс атқыр махаббат”


17.Жеңіске жету үшін қолайлы төбелес алаңын таңдау керек.
“Күнәлар қаласы (мекені)”


18.Басқалар өмірдің қадірін түсіну үшін бір адамнын өлуі қажет.
“Сағаттар”


Осымен бұл топтамада аяқталды. Келесі пост қандай тақырыпта жазылғанын қалайсыздар құрметті оқырман? Өз пікірлеріңізді қалдырсаңыздар, сол бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.
P.S. Тек қана Қазақша, тек қана Қардқор!)))
 
1
0
849