Тәртібіңізге қандай баға алдыңыз?
Кезінде бастауыш сыныпта "Тәрбие сағаты" деген болатын. Апта сайын оқушының тәртібіне де күнделікке арнайы баға түсетін: "Тәртібі: 5"-деген сынды...Қазір біз сол тәрбие мен тәртіпті шатастырып алмадық па??? Ылғи белгілі бір тәртіппен өмір сүріп, жоспармен әрекет ететін адамдар бар. Олар аяғын аттап басса, болжап, алды-артын байқап отырады. Олар аяқ астынан шешім қабылдамайды, кеңеспей әрекет етпейді. Көшеде сырын білмейтін қызға жақындағанша, ортақ таныс арқылы немесе жұмыста танысқан дұрыс,- дейді. Тіпті даусын шығарып, шынайы күлуді де әдепсіздік санайды. Өмір сүрудің өз тәртібі бар деп біледі. Ұйқыдан оянған соң бірден жатын орнын жинайды, сосын барып беті-қолын шайып, кешке дайындап қойған киімін киеді. Таңертең көңіл-күйі өзгеріп, сәйкесінше басқа киім киіп кету - тәртіпке бағынбауды…