Мазмұнға өту

Жаңа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы

А.ж. 5. желтоқсанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданының әкімі А. Мұратұлының төрағалық етуімен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті. Мәжіліс жұмысына аудан прокуроры Қ. Рамазанов, комиссия мүшелері, шақырылған мемлекеттік мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне 3 мәселе шығарылды:
«Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша аудандық прокуратурамен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» бірінші күн тәртібі бойынша Зеренді ауданы прокурорының орынбасары А. Смағұлов тыңдалды.
«Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің жұмысы және оның сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеті бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеті туралы» екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Ә. Таласбаева тыңдалды.
«Азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті тәрбиелеу факторы ретінде сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру туралы» үшінші мәселе бойынша Зеренді ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы К. Сағындықова тыңдалды.
Баяндамашылардың мәліметін назарға алып және ақпаратты талқылап комиссия сәйкес келетін ұсыныстар мен тапсырмалардың бірқатарын қабылдады, олар хаттамалық түрде бекітілді.
Департамент госслужбы

0
0
464

Сағыныш

Қызым, тұр! Шай ішейік!Сені күтіп отырмын.

Осы бір ерекше жұмсақ, жанға жақын дауыс тәп-тәтті ұйқымды қиып, көзімді еріксіз ашуға итермеледі. Таң баяғыда - ақ атқан. Ашық тұрған терезеден таңғы самал желдің лебі сезіледі. Көк шалгын секілді жасыл перде салқын соққан лептің әсерінен ерекше толқын секілді қозғалуда. Бірде асқақ арманына, биік шың басына ұмтылған қыран құсы сияқты жоғарыға көтерілсе, енді бірде сағы сынған, қанатынан айырылған, осы бір шың басынан құлаған әлгі қыран секілді екпінін басып, мамыражай күйге тусуде. Қайтадан жоғары, қайтадан төмен, қайтадан… Алдамшы соққан таңғы салқын самал жел, кейін күннің қатты ыситынын жасыра алмай тұрғаны анық көрініп тұр.

Төсегімнен еріксіз басымды көтердім. Ұйқым шала, қанбаған.” Осы бір жазғы каникулда да ұйқы бермеді ғой!”- деп күңкілдеген дауысымнан тұла - бойымды ашу – ыза кернеп тұрғанын сезуге болады. Дегенмен де, түні бойы алтын уақытымды пайдасы аз, көгілдір экран алдында өткізгенімді білсін бе?! Киіндім де, тұсауы жаңа кесілген бала секілді ілініп – салынып ас үйге беттедім. Жайнап тұрған дастарханды көргенде ашу – ызам су сепкендей басылды. Мен жақсы көретін дәмді тамақтың бәрін әзірлеп, шай кұйуға кірісіп кеткен екен. Бір көзі теледидардағы сериалда болса, бір көзімен мені бақылап отыр. Қасына отырдым да, иісі мұрын жаратын, ұсынған кесесінен шай ішуге кірістім. Жарқыраған жүзі, күлімсіреген күлкісіне таңданып, ұзақ отырдым. Оның жылы сөздері, еркелеткендегі жарқын дауысы ұйқымды шайдай ашты да, езуімде күлкі пайда болды.

Ал қазір оның жылы, жұмсақ дауысын телефондағы қатал, жағымсыз будильник ауыстырды. Әттең, сол бір онымен өткізген сәттерді қайтадан кешкім келетінін білсе ғой. Сағындым оны. Қатты, қатты.

0
0
532

Жас ақындар мүшәйрасы өтті

Алматы қаласының тұрғындары ел күнтізбесіндегі елеулі қос мереке – Тұңғыш Президент күні мен Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын биыл ерекше атап өтті. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсаны күні өткізілген шара өз есігін Елбасының кітаптары мен фотолар көрмесінен басталған болатын.

Аталмыш көрме мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың егеменді, экономикалық тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі тарихи рөлін, қазақстандық қоғамды жаңғырту мен қайта құрудағы еңбегін кеңінен ашып көрсету болды. 6 бөлімді көрмеге қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 500-ден астам басылым қойылды. Онда Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.

Ары қарай жас ақындар арасындағы мүшәйраға жалғасқан бұл шара Алматы қаласының үздік деген 20-дан астам шығармашыл жастарының басын бір сахнаға біріктірді. Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшелері әділдігін анықтаған аталмыш мүшәйра барысында жас ақындарымыз ел тәуелсіздігі жөнінде жырларын төкті.

Нәтижесінде 3 үздік орынға лайықты деп байқауға қатысушы келесі ақындарды марапаттады: Қауымбек Қайсар – І-орын, Хаутайқызы Алтыншапақ – ІІ орын және Талап Шерхан – ІІІ-орынды иемденді. Жүлделі орындарға Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасы арнайы сыйлықтар тағайындап, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

0
0
939

Павлодар облысының 25 үздігі марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің жетістігім, елімнің жетістігі» облыстық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Дарынды студенттер және алғыр жастар, колледж оқушылары арасындағы облыстық байқауы оқуда, қоғамдық жұмыстарда, көркем шығармашылық пен спортта жоғарғы жетістіктерге жеткен жастар анықталып, марапатталды. Кеш өзгеше форматта өткізілді. Әдемі безендірілген зал, күнделікті сахна құдды бір телестудияға  айналғандай. Көрерменнің  ыстық ықыласымен, жүргізушілердің қоллдауымен 25 қатысушы кезектен  қызыл кілемнен өтіп, сахна төріне көтеріліп жатты. Көтеріңкі көңіл күйде жеңімпаздар сұхбат берді. Әрбір қатысушы өзін бұл кештін жарқын жұлдызы санады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы және Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бегентаев Мейрам Мұхамедрахымұлы мен С.Торайғыров атындағы павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Өрсариев Арын Амангелдіұлы салтанатты кештін құрметті қонақтары болды.

Елбасымыздың қатысуымен өткен ІІ республикалық жастар форумының қатысушыларын да ел ертеңдерін құттықтап жатты. Кеше ғана ж «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанған, облыстық мәслихаттың депутаты Элина Паули да жастарға өзінің тілегін білдірді.

Марапаттау арасында көрермендерге сән көрсетілімі, жайдарман ойындары, заманауи би ұсынылып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, сұхбатқа Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Мұхамедрахымұлы шақырылып, жүргізуші сұрақтарына жауап берді. «Армансыз адам болмайды,сіздің бала кездегі арманыңыз орындалды ма?», деген сұраққа «Әркімнің арманы болады ғой, бірақ ол туралы айтпайды», деп жауап берді. Облыс әкімі орынбасарының қатысуымен атақты  «MannequinChallenge» флэшмобымен кеш өз мәресіне жетті.

Байқауды Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр.

 
0
0
537

Шымкентте стартапшылар арасында өткізілген бизнес-идеялар байқауы шеңберінде грант иегері анықталды

Шымкент қаласында «Даму» Қоры жүзеге асыратын «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты оқу жобасы шеңберінде іс бастаушы бизнесмендер арасында бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы анықталды.

Биыл қараша айында Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) іс бастаушы стартапшыларды қолдау үшін арнайы жасалған бағдарлама шеңберінде оқу өтті.

Бағдарлама start-up жобаны ұйымдастырудағы менеджмент және маркетинг, бизнесті бағалау, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері және басқа да өзекті мәселелер сияқты тақырыптарды қамтитын кәсіпкерлікті жүргізу мен дамытудың 3 күндік жедел оқу курсын қамтиды. Бағдарламаға болашағы зор бизнес-идеялары бар 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Оқу қорытындысы бойынша олар бизнес-идеяның таныстырылымын дайындайды және оны қазылар алқасына ұсынады. Оқу аяқталып, жеңімпазды анықтағанға дейін «Даму» Қорының КҚКО кеңес берушілері олардың жобаларын жүзеге асырудағы тәжірибелік сұрақтар бойынша сүйемелдейді.

Шымкентте жалпы 37 жас адам бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазылар шешімі бойынша 37 ниет білдірушінің ішінен 23 адам іріктеліп алынып, бағдарлама шеңберінде оқытылды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, қатысушылар оқу аяқталған соң өздерінің бизнес-идеяларын ұсынып, қазылар байқаудың екінші кезеңіне үздік 8 бизнес-идеяны іріктеп алды. Іріктеу барысында жобаның өміршеңдігі, жүзеге асырылуы, жобаның өзін-өзі ақтауы, әлеуметтік маңыздылығына назар аударылды.

Бағдарламаның екінші кезеңіне өткендер «Бизнес-идеялар Марафоны» байқауына кірісіп кетті. Сол кезеңде барлық қатысушылармен Тәлімгерлер жұмыс істеді.

Сонымен, қараша айының соңында Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының КҚКО-да «Бизнес-идеялар Марафоны» байқауы аяқталып, «GET LUCKY» жеңілдік ойын алаңын құру» атты бизнес-идеясымен 1993 жылы туған Бексұлтан Мейірбеков жеңімпаз атанды.

Грант соммасы – 150,0 мың теңгені құрады. «INTER PRESS» тілдер курсының басшысы Ардақжан Жакенова демеушілік көрсетті.

Сонымен бірге, оқу қорытындысы бойынша 6 қатысушы кәсіпкер ретінде тіркелді және өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ниетті.

 
0
0
603

Красный Яр ауылындағы кездесу

А.ж. 6 желтоқсанда Бірінші институттық реформаны ақпараттық сүйемелдеу  жөніндегі  2016 жылға арналған  желілік жоспарды орындау аясында Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин Көкшетау қ.   Красный Яр ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын, мемлекеттік қызметтің имиджін және халықтың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттыру. Өңір тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарына енгізілген жаңалықтар, мемлекеттік аппаратты кәсібилендірілуіне бағытталған Ұлт жоспарының 15 қадамы, соның ішінде, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың  жүйелі түрде алдын алуға  және сауықтыруға бағыттайтын 13- қадам туралы баяндалды.

Кездесу соңында  Красный Яр ауылының тұрғындары Департаменттің өкіліне өздерін толғандырған сұрақтарды қойды және оларға толымды жауап алды.
Департамент госслужбы

0
0
245

Мемлекеттік қызметті реформалау туралы

А.ж. 5 желтоқсанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадамының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші реформасын іске асыру аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында  «Өзекті әңгіме» телехабарында  мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды.

Хабарға Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева қатысты.

Сұхбат барысында облыстағы мемлекеттік қызметшілердің сандық және сапалық құрамы, мемлекеттік қызмет заңнамасындағы өзгерістер, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіндегі өзгерістер, мемлекеттік қызметшілер қатарында жастар санының артуы, мемлекеттік қызметке жаңа орналасқан тұлғаларға  тәлімгерлік институты жайында, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау негізінде бонустық төлем жүйесі  мәселелері  талқыланды.

Сонымен қатар, осы сұхбат барысында «А» корпусының кадр резервіне тұру тәртібі жайлы және  2017 жылдың басынан бастап құқық қорғау органдарына қызметке орналасудың жаңа ережелері жөнінде де  әңгіме өрбіді.

«Өзекті мәселе» телехабарын келесі  сілтеме бойынша көруге болады: http://kokshetautv.kz/ru/archive/programs/programs_social_economic/ozekti-a%D2%A3gime-kokshetau/476482Департамент госслужбы

0
0
627

Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы

А.ж.  29 қарашада Бурабай ауданында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің  Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзған Бурабай ауданы әкімінің орынбасары      Қ.Н. Құдайбергеновке, Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Б. Жауықовқа, Бурабай кентінің әкімі Ч.Н. Темербековке қатысты тәртіптік істер қаралды.Одан басқа, Бурабай ауданының әкімі Т.Ж. Ташмағамбетовтың қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп норма бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары жөнінде есебі тыңдалды.

Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер мен ұсыныстарды қабылдады.
Департамент госслужбы

0
0
346

Кореялық «сиқырлы» косметика

г

Соңғы кездері қыз-келіншектер арасында кәріс косметикасының базары жүріп тұр. Әлбетте, сұраныс болғасын ұсыныс та көп. «Таңғы самал» елінің «жасартып, сұлуландыратын» «сиқырлы» косметикалық өнімдерін сататын дүкендерді әр қаладан көптеп кездестіруге болады. Интернет дүкендер де өріп жүр. Алғашқы болып атақты ВВ кремдері сауда сөрелеріне түсе бастағанына  3-4 жыл ғана уақыт өткеніне қарамастан, нәзік жандылардың сұлулық сөресінен берік орын тепкен кәріс косметикасының құпиясы неде? Шынымен «түбі бір азиаттық» болғандықтан қазаққа кәріс өнімі жаға ма? Әлде бәрі кәріс сериалдарының әсері ме? Олардың ең танымал әрі нәтижелі брендтері қайсы? Жалпы, брендтердің бір-бірінен айырмасы қаншалықты? Неге жай ғана бетке арналған бір кремді жағу үшін оның алдында он шақты құралды пайдалану керек? Олардың күндізгісі бөлек, түнгісі бөлек тағы. Эмульсия, эссенция, тонер, тоник, стартер, гидрофильді май, гель деп кете беретін бет күтіміне арналған құралдардың қалың қатарын қалай, қашан, не үшін қолдану керек? Осы сұрақтарға жауап іздеймін деп жүріп, корей косметикасы туралы біраз мәліметке қанықтым. Бөлісе отырайын.

Жалпы, Корея пластикалық операция жасату жөнінен алдына жан салмайды  екен. Әсіресе мұрын және көз қиығын өзгертетін операциялар көп көрінеді. Операция жасатқанын ешкім жасырып та  әуре болмайды. Тіпті, мектеп бітірушіге хирургиялық ота жасатуға сертификат сыйлау кең етек алыпты. Дегенмен, дәрігерлер бет әлпетіңізді өзгертіп берсе де, тері күйін жақсартып жібере алмасы анық. Жылтыраған мінсіз теріге кәрістер үздіксіз күтім жасау арқылы қол жеткізеді. Және күн сәулесінен қорғанады. Ертеде күріш алқабында еңбектеніп әуре болмайтын байдың қыздары аппақ болады екен. Аққұба өң әлі күнге ақсүйектік белгісі деп саналады. Сондықтан кәріс косметикасының бәрінде дерлік күннен қорғау әсері бар.

  • Кореядағы әрбір бесінші тұрғын кемінде бір рет пластикалық операцияға жүгініпті.

Мысалы, кәрістің қыз-келіншектері бет күтіміне таңертең-кешке міндетті түрде кемі жарты сағаттан уақыт бөледі деседі. Күнделікті ертелі-кеш 4-5 сағатын сыланып-сипануға арнайтын ханымдар да бар екен. Ел ішінде жүргізілген ауқымды сауалнамадан әйелдердің 89 пайызы боянатын емес, теріге күтім жасайтын заттарды алатыны белгілі болған. «Өз линияңызды тапсаңыз, нәтижесін міндетті түрде береді» дейді білетіндер. Сосын оны тері типіне сай таңдау керек және жүйелі түрде қолдану шарт.  Алайда, косметикалық құралдар құрамындағы косметологиялық қауіпсіздік тұрғысынан толық зерттелмеген  өнімдердің қолданылуы күдік тудырады. Мысалы, «Қазір хитқа айналған ұлу - гормон іспетті цикотин деген зат бөліп шығарады. Ол жасушалардың бөлінуін арттырады. Ал ағзаға енген соң, болашақта қандай әсер беретіні белгісіз» дейді ресейлік ғалымдар. Цикотин ұлудың бақалшағын толықтай қалпына келтіре алады екен. Сондай-ақ, елімізге ағылып жатқан жатқан осы өнімдерді қолдануға Денсаулық сақтау министрлігінен ешқандай бақылау жоқтығы да ойландырады...

  • Әдетте кәріс әйелі таңертең және кешке бет күтіміне арналған 17 түрлі косметикалық құрал қолданады.

Бір жақсысы, кәріс косметикасының бағасы қолжетімді. Бір жаманы, оның түпнұсқа, әлде көшірме екенін айырып болмайсыз. Аса қымбат болмайтыны, өндірістің арзандығынан: зауыттар күрделі технологиялармен шикізат өндіріп бас қатырмай,  дайынын сатып ала салады. Айтпақшы, атышулы ВВ кремдер алғаш Кореяда емес, 1968 жылы Германияда шыққан екен. Дәрігер-дерматокосметолог Кристина Шраммек отадан кейінгі тыртықты кетіруге арналған медициналық мазь ретінде ойлап тапқан. Алайда, ол жақта жолы болмаған құралды кәріс ағайындар жетілдіріп, нарыққа шығарып кеп жібереді. Беті жылтырап тұру үшін бәріне дайын кәрістер бұл өнімді бірден жылы қабылдапты. Сөйтіп, ВВ кремдер әлемді жаулауға кіріскен.

  • Кореяда өздерінің 150 түрлі косметикалық бренді бар.

Қазақстанға алғашқы болып жеткен  брендтер – Missha, Holika Holika, Tony Moly, The face shop, Mizon, Skinfood, Secret Key, Nature Republic, т.б. Өндіруші көп болғандықтан, өзара бәсеке де күшті болатыны түсінікті. Бұл да өз кезегінде бағаға, сапаға  әсер етпей қоймайды. Тұтынушының көңілін табу мақсатында өндірушілер үнемі ізденіс үстінде. Айталық, Tony Moly қожалары косметиканың күлкілі, қызықты дизайнмен шықса көбірек өтетінін байқапты. Содан арулардың айнасының алдында түрлі «пандалар», «жемістер», «мысықтар», «жұмыртқа», «томат» т.б. пайда болды. Одан бөлек,  косметикалық өнім түрі үнемі толығып отырады. Шынтаққа арналған крем, ерінге тинт, жылы сумен жуылса да, жауын-шашынға төтеп беретін тушь, бір жағып қойсаң бір апта кетпейтін қарындаш, бұғақты кетіретін маска сынды көптеген «экзотикалық» нәрселер бар.

  • Маған ұнағаны:

Гиалурон қышқылы. Алғашқыда тілім де келмеген бұл сөзден қазір мүдірмейтін болдым. Мен ғана емес, көптеген терісі құрғақ әйелдер қауымы гиалуронсыз төмірін  елестете алмауға айналған. Гиалуронның басты қызметі - жас ұлғайған сайын азая беретін терідегі ылғалдың орнын толтыру. Құрғақ теріге әжім ерте түсетін болғандықтан және жалпы балбырап тұрғанды жақсы көретін кәрістер бұл қоспаны косметикалық өнімдеріне аямай қосады. Тіпті таблетка түрінде де ішеді екен. Сонымен, теріні ылғалдандыратын құрал іздесеңіз, құрамында гиалурон бар-жоғын тексересіз. Алайда, гиалуронның шектен тыс көптігі бетті көлкілдетіп жіберетінін де ұмытпау керек. Мысалы, түнге қарай құрамында гиалуроны бар  бірнеше затты қолданып және түнгі кремін не маскасын жағып алсаңыз, таңертең бетіңіз көнектей болып тұруы әбден мүмкін. Ал менің су тисе қызарып, кеуіп шыға келетін терімді «құтқарған» - Holika Holika 3 Sekonds Starter Hyaluronic Acid стартері болды. Кереметі сол, беттегі ылғалды сақтап қана қоймай, одан кейін жағылатын кремдердің әсерін де күшейтеді екен.

Мата маскалар. Көз, мұрын, ауыз тесіктеріне арналған ойықтары бар материалға пайдалы заттар сіңірілген. Ағартатын, әжімдерді азайтатын, ылғалдандыратын, нәрлендіретін, безеу-бөртпелерді кетіретін, терінің түсін жақсартатын, дақтарды кетіретін, қысқасы, нақты проблемаға қарай қалағаныңды таңдап алуға болады.  Қолдануда ыңғайлы, 15-20 минуттан соң алып тастайсыз, жууды қажет етпейді. Бетке арналған маскаларды аптасына 2 реттен 1-2 ай қолданса нәтижелі болады.

Қабаққа  арналған гидрогель патчтар. Май қабаты жоқ, жұқа әрі сезімтал қабақ терісін ылғалдандырады, көздің астындағы ұсақ әжімдерді азайтып, іскенді, көгергенді кетіреді. Бұған да таңдау зор, нақты проблемаға қарай алтын тозаңы сіңірілгенін, жылан уына малынғанын немесе дәрумендермен байытылғанын таңдап алуға болады. Қай қайсы да кешенді әсер етіп, қабақтың нәзік терісінің күйін жақсартады. Мұндай жапсырмаларды күнделікті қолдану ұсынылады.

Өзіме ұнаған алғашқы үштікке осыларды қойдым. Бұдан басқа жуынуға арналған көбік, пилинг-гель, қара нүктеден арылтатын бальзам, күндізгі маска-праймер көңілден шықты. Шаш күтуміне арналған құралдар да тамаша деседі, әлі қолданып көрмедім. Басқа қаптаған «скиндер» мен «серумдардың» ара-жігін ажырату үшін, әлі біраз косметика нуына сүңгу керек екен.

  • Айтпақшы, косметикалық құралдардың көбінің құрамына «коллаген» қосылатынын естіп жүрміз ғой. Ол - терінің серпімділігіне жауап беретін ақуыз. Уақыт өткен сайын ағза табиғи коллаген өндіруді азайтып, қайтанған шақта мүлдем тоқтатады екен. Терінің салбырап, босап қалатыны содан. Осының алдын алу үшін көптеген косметикалық өнімдердің құрамына коллаген қосылады. Сол коллаген шошқадан алынады екен. Биологтарға сенсек, адам  мен шошқа ағзасының ұқсас көрінеді.

Кәріс қыз-келіншектері тек косметиканың күшіне сүйенеді деп ойлау әбестік. Олар дұрыс тамақтанады және суды дұрыс іше біледі, спортты серік еткен. Бетке арналған жаттығулар мен массаж жасауды жас кездерінен әдетке айналдырады. Медитация, йогамен көптеп айналысулары – жан сұлулығына да ұмтылатындарын білдірсе керек. Қысқасы, жас әрі тартымды көрінгіңіз келсе, өмір салтыңызды жан-жақты түрде қайта қарастыру керек. Бетке арналған жаттығулар мен массаж түрлері туралы білгеніммен алда бөлісе жатармын. Әзірге осы. Өзіңіз де, әлеміңіз де әдемі болсын!

   
3
0
10008

БҚО-да болашақ әртістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылым қойды

2016 жылдың 9 желтоқсанында сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні аталып өтуде. Бұл күн Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттауға арналып отыр.

ЖОО-ның, колледждердің студенттері және мектеп оқушыларымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылының ішінде түрлі іс-шаралар өткізілген болатын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен түрлі акциялар, флэш-мобтар, көрмелер, сыныптық сабақтар, сурет сайысы, дөңгелек үстелдер, дебаттар өткізілді. Шаралардың түрлі формада өткізілуінің себебі, оқу орындарында жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудегі жұмыстың тиімділігіне жағдай жасау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанда Құрманғазы атындағы саз колледжінде «Жемқорлықпен күрес – ортақ ісіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Департаменттің өкілі М.Харесова, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. М.Харесова өз сөзінде жастардың құқықтық сана сезімін көтерудегі, қазақстандық патриотизм, жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында, Департаментпен жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында студенттердің тарапынан Департамент өкіліне сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

Содан, колледждің болашақ әртістерімен «Жемқор, мен сен емеспін!» тақырыбында қойылым қойылды. Бұнда жемқордың рөлін сомдайтын үлкен әртістер емес, керісінше, «Режиссура» факультетінің 1-ші курс студенттері. Бұл қойылым жас әртістер үшін – салмақты деңгейдегі алғашқы жұмыстары. Алайда, жас әртістердің әрқайсысы жемқорлық жөнінде өздерінің ойлары мен көзқарастарын көрсетуге тырысты.

         
0
0
588