Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы

А.ж. 5. желтоқсанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді ауданының әкімі А. Мұратұлының төрағалық етуімен аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті. Мәжіліс жұмысына аудан прокуроры Қ. Рамазанов, комиссия мүшелері, шақырылған мемлекеттік мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне 3 мәселе шығарылды:
«Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша аудандық прокуратурамен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» бірінші күн тәртібі бойынша Зеренді ауданы прокурорының орынбасары А. Смағұлов тыңдалды.
«Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің жұмысы және оның сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеті бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеті туралы» екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары Ә. Таласбаева тыңдалды.
«Азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікті тәрбиелеу факторы ретінде сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру туралы» үшінші мәселе бойынша Зеренді ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы К. Сағындықова тыңдалды.
Баяндамашылардың мәліметін назарға алып және ақпаратты талқылап комиссия сәйкес келетін ұсыныстар мен тапсырмалардың бірқатарын қабылдады, олар хаттамалық түрде бекітілді.
Департамент госслужбы

0
0
422

Осы тақырып бойынша