Қызылордалық полицейлер «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өкілдерімен бірге азаматтардың сауалдарына жауап берді
Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қызылорда қаласына келді. Аталмыш акцияның басты мақсаты – азаматтарды мазалаған мәселелерге ортақтасу, түрлі бағыттар бойынша құқықтық кеңестер беру болып табылады. ҚР мәдениет және спорт, ғылым және білім, әділет, ұлттық экономика, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ақпарат және коммуникация, ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктерінің мүшелері сынды барлығы 270 сала қызметкерлерінің басын құраған іс-шарадан Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті де шет қалмай, халықпен кездесіп, сұрақтарына жауап беруге тырысты. Шараға департаменттің Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Ә…