Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Красный Яр ауылындағы кездесу

А.ж. 6 желтоқсанда Бірінші институттық реформаны ақпараттық сүйемелдеу  жөніндегі  2016 жылға арналған  желілік жоспарды орындау аясында Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин Көкшетау қ.   Красный Яр ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Мемлекеттік қызмет институтының қоғамдағы рөлі мен миссиясын, мемлекеттік қызметтің имиджін және халықтың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттыру. Өңір тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарына 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарына енгізілген жаңалықтар, мемлекеттік аппаратты кәсібилендірілуіне бағытталған Ұлт жоспарының 15 қадамы, соның ішінде, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың  жүйелі түрде алдын алуға  және сауықтыруға бағыттайтын 13- қадам туралы баяндалды.

Кездесу соңында  Красный Яр ауылының тұрғындары Департаменттің өкіліне өздерін толғандырған сұрақтарды қойды және оларға толымды жауап алды.
Департамент госслужбы

0
0
216

Осы тақырып бойынша