Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызметті реформалау туралы

А.ж. 5 желтоқсанында Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадамының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші реформасын іске асыру аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында  «Өзекті әңгіме» телехабарында  мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды.

Хабарға Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева қатысты.

Сұхбат барысында облыстағы мемлекеттік қызметшілердің сандық және сапалық құрамы, мемлекеттік қызмет заңнамасындағы өзгерістер, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібіндегі өзгерістер, мемлекеттік қызметшілер қатарында жастар санының артуы, мемлекеттік қызметке жаңа орналасқан тұлғаларға  тәлімгерлік институты жайында, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау негізінде бонустық төлем жүйесі  мәселелері  талқыланды.

Сонымен қатар, осы сұхбат барысында «А» корпусының кадр резервіне тұру тәртібі жайлы және  2017 жылдың басынан бастап құқық қорғау органдарына қызметке орналасудың жаңа ережелері жөнінде де  әңгіме өрбіді.

«Өзекті мәселе» телехабарын келесі  сілтеме бойынша көруге болады: http://kokshetautv.kz/ru/archive/programs/programs_social_economic/ozekti-a%D2%A3gime-kokshetau/476482Департамент госслужбы

0
0
575

Осы тақырып бойынша