Мазмұнға өту
kavkayeva

kavkayeva

Сайтта 2016 ж. 11 желтоқсан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Сәтті сапар: 4 серия/ lil trip to Almaty: volume 4

-Дан,қайдасың?-Міне,міне келдім. Кіріп келе жатырмын. Жаңа жылға дайындықты ертелеп бастап кеткен адамдарға лық толы үлкен кешенде мен оларды бірден таныдым. Үлкенді-кішілі болып, маған қарап жымиып, қол бұлғауда. Екі жыл бойы көрмеген сағынышымды басайын деп, оларға қарай ұмтыла бердім. Құшақтасып, көрісіп болғанымыз сол еді, екеуінің біреуі - Еее,чмо! Бойың дым өспепті ғой! - дегені көңілге мұң түсіргенімен, жүрекке таныс жылулық әкелді. Екі жыл бойы шатыры бір интернат астында тұрып, тамағы бір қазаннан ас бөлісіп жүрген кездерімде олқы қылықтарына ренжімеген мені осы "жылы" сөздерге де ренжімейтінімді біліп, одан әрі қаттырақ құшақтады. Біраз жылдар бойы ара-қашықтықтың тұсауында болған достықтың ақ кептерін сағыныштан босаттың сен, Алматы! Жиналып қалған барлық әңгімені, көрген білге…

0
0
430

Сәтті сапар: 3 серия/ lil trip to Almaty: volume 3

-Дана апа,жүрші,мультик қарайық.-Қазыр барамын, күте тұр.-Туу, жүрші,жүрші. Қызық болып жатыр.Айпадыма үңілген мені қолымнан жетектеп, төргі бөлмеге апарды. Жайғасып, жайланып отырып, көгілдір экранға телміріп отырып қалғанымды өзім де аңғармай қалдым. Көз қырымды салып қарасам, бал-бұл жанған жүзінен, күлімдеген күлкісінен, қараған көзқарасынан өзімді айнадан көргендей болдым. Біраздан соң қойнына бар тәттісін жинап, атасы қасымызға келді. Ұнататын кәмпиттерін көргенде балғын балақай да қуанып, мәз болды. Өз басым ата қолы созынған дәмді алып көрмеген соң соңымнан ерген сіңіліме қызыға да, қызғана да қарадым. "Ата мейірімін сезінген сен қандай бақыттысың"- деп терең ойға бата бергенім сол еді, ас бөлмеден "Шайға келіңіздер!"-деген жағымды дауыс естілді. Қолынан келген бар дәмдіні дайында…

0
0
407

Сәтті сапар:2 серия/ lil trip to Almaty: volume 2

- Мінекі билеттеріңіз! Уақыт терминалдан алғаш рет карточкамен өткеннен бастап есептеледі. Мына жолмен солға, сонаң соң тіке жүресіз. Сәттілік! Тау бөктерінде жақсылап демалыңыз!Бағдаршамдай бағыт берер кассирдің сөзін ұмытып қалмайын деп ішімнен қайталап келемін. Солға, сонаң соң тіке. Солға, тіке....Жеттім! Алатаудың төбесіне шықпағанымен төскейіне жеттім. Ендігі міндет жоғарығы көтерілу еді. Сужүрек қояндай қорқып, кабинаға кірдім де, темір ұстағышты қаттылап қысып, отырдым да қалдым. Әр метрге көтерілген сайын жүрегім лүпілдеп, қаным лыпылдап, денем дуылдап кетті. Тарс жұмылған көздерім межеленген жерге жеткеннен кейін ғана бір-ақ ашылды.... Биіктмін мен! 15метр биіктемін. Күндегі күйбең тірліктен, бітпейтін барлық еңбектен биіктемін. Осы бір биіктен сен қандай керемет едің, әсем қала…

0
0
366

Сәтті сапар:1 серия/ lil trip to Almaty: volume 1

1-СерияҚұрметті жолаушылар! Нөмері 52 Астана – Алматы жүрдек пойызы 2-ші жолға келіп тоқатады. Сақ болыңыздар.- Келдік!Қобалжып тұрған жүздерімізден үйге асыққан студенттер екеніміз анық көрініп тұр. Қасыңдағы жолаушылар жаныңы жақын тартар жандар болса, 19 сағатқа созылған алыс сапар да түкке тұрғысыз мардымсыз нәрсеге айналады. Бірақ ол әңгіменің тарихы мүлдем басқа, сыры өзгелерінен бөлек.Қызғылт тартқан “гламурный” чемоданымды сүйреп, перронға түстім. Аяғым жерге тиісімен, жылулықты сезіндім. Астананың қатал, суық ауа-райынан әлдеқайда жылы. Бұл термометр бойындағы сандармен өлшенетін жылулықтан өзге, ерекше. Ол жақын туысыңның жылуы, көп көрмеген достарыңның жылуы. Ол 6 жыл бұрын кездесіп, қайта қосылған естеліктердің жылуы. Ол құшағына әркімді де сыйдырар, қонақжай, сенің жылуың, Ал…

0
0
319

Сағыныш

Қызым, тұр! Шай ішейік!Сені күтіп отырмын.Осы бір ерекше жұмсақ, жанға жақын дауыс тәп-тәтті ұйқымды қиып, көзімді еріксіз ашуға итермеледі. Таң баяғыда - ақ атқан. Ашық тұрған терезеден таңғы самал желдің лебі сезіледі. Көк шалгын секілді жасыл перде салқын соққан лептің әсерінен ерекше толқын секілді қозғалуда. Бірде асқақ арманына, биік шың басына ұмтылған қыран құсы сияқты жоғарыға көтерілсе, енді бірде сағы сынған, қанатынан айырылған, осы бір шың басынан құлаған әлгі қыран секілді екпінін басып, мамыражай күйге тусуде. Қайтадан жоғары, қайтадан төмен, қайтадан… Алдамшы соққан таңғы салқын самал жел, кейін күннің қатты ыситынын жасыра алмай тұрғаны анық көрініп тұр.Төсегімнен еріксіз басымды көтердім. Ұйқым шала, қанбаған.” Осы бір жазғы каникулда да ұйқы бермеді ғой!”- деп күңкілдег…

0
0
483