Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкентте стартапшылар арасында өткізілген бизнес-идеялар байқауы шеңберінде грант иегері анықталды

Шымкент қаласында «Даму» Қоры жүзеге асыратын «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты оқу жобасы шеңберінде іс бастаушы бизнесмендер арасында бизнес-идеялар байқауының жеңімпазы анықталды.

Биыл қараша айында Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) іс бастаушы стартапшыларды қолдау үшін арнайы жасалған бағдарлама шеңберінде оқу өтті.

Бағдарлама start-up жобаны ұйымдастырудағы менеджмент және маркетинг, бизнесті бағалау, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері және басқа да өзекті мәселелер сияқты тақырыптарды қамтитын кәсіпкерлікті жүргізу мен дамытудың 3 күндік жедел оқу курсын қамтиды. Бағдарламаға болашағы зор бизнес-идеялары бар 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Оқу қорытындысы бойынша олар бизнес-идеяның таныстырылымын дайындайды және оны қазылар алқасына ұсынады. Оқу аяқталып, жеңімпазды анықтағанға дейін «Даму» Қорының КҚКО кеңес берушілері олардың жобаларын жүзеге асырудағы тәжірибелік сұрақтар бойынша сүйемелдейді.

Шымкентте жалпы 37 жас адам бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазылар шешімі бойынша 37 ниет білдірушінің ішінен 23 адам іріктеліп алынып, бағдарлама шеңберінде оқытылды.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, қатысушылар оқу аяқталған соң өздерінің бизнес-идеяларын ұсынып, қазылар байқаудың екінші кезеңіне үздік 8 бизнес-идеяны іріктеп алды. Іріктеу барысында жобаның өміршеңдігі, жүзеге асырылуы, жобаның өзін-өзі ақтауы, әлеуметтік маңыздылығына назар аударылды.

Бағдарламаның екінші кезеңіне өткендер «Бизнес-идеялар Марафоны» байқауына кірісіп кетті. Сол кезеңде барлық қатысушылармен Тәлімгерлер жұмыс істеді.

Сонымен, қараша айының соңында Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының КҚКО-да «Бизнес-идеялар Марафоны» байқауы аяқталып, «GET LUCKY» жеңілдік ойын алаңын құру» атты бизнес-идеясымен 1993 жылы туған Бексұлтан Мейірбеков жеңімпаз атанды.

Грант соммасы – 150,0 мың теңгені құрады. «INTER PRESS» тілдер курсының басшысы Ардақжан Жакенова демеушілік көрсетті.

Сонымен бірге, оқу қорытындысы бойынша 6 қатысушы кәсіпкер ретінде тіркелді және өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ниетті.

 
0
0
545

Осы тақырып бойынша

Шымкентте стартапшылар арасында өткізілген бизнес-идеялар байқауы шеңберінде грант иегері анықталды - Yvision.kz