Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысының 25 үздігі марапатталды

Ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің жетістігім, елімнің жетістігі» облыстық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Дарынды студенттер және алғыр жастар, колледж оқушылары арасындағы облыстық байқауы оқуда, қоғамдық жұмыстарда, көркем шығармашылық пен спортта жоғарғы жетістіктерге жеткен жастар анықталып, марапатталды. Кеш өзгеше форматта өткізілді. Әдемі безендірілген зал, күнделікті сахна құдды бір телестудияға  айналғандай. Көрерменнің  ыстық ықыласымен, жүргізушілердің қоллдауымен 25 қатысушы кезектен  қызыл кілемнен өтіп, сахна төріне көтеріліп жатты. Көтеріңкі көңіл күйде жеңімпаздар сұхбат берді. Әрбір қатысушы өзін бұл кештін жарқын жұлдызы санады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы және Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бегентаев Мейрам Мұхамедрахымұлы мен С.Торайғыров атындағы павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Өрсариев Арын Амангелдіұлы салтанатты кештін құрметті қонақтары болды.

Елбасымыздың қатысуымен өткен ІІ республикалық жастар форумының қатысушыларын да ел ертеңдерін құттықтап жатты. Кеше ғана ж «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанған, облыстық мәслихаттың депутаты Элина Паули да жастарға өзінің тілегін білдірді.

Марапаттау арасында көрермендерге сән көрсетілімі, жайдарман ойындары, заманауи би ұсынылып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, сұхбатқа Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Мұхамедрахымұлы шақырылып, жүргізуші сұрақтарына жауап берді. «Армансыз адам болмайды,сіздің бала кездегі арманыңыз орындалды ма?», деген сұраққа «Әркімнің арманы болады ғой, бірақ ол туралы айтпайды», деп жауап берді. Облыс әкімі орынбасарының қатысуымен атақты  «MannequinChallenge» флэшмобымен кеш өз мәресіне жетті.

Байқауды Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»  үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр.

 
0
0
490

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысының 25 үздігі марапатталды - Yvision.kz