Мазмұнға өту

Жаңа

Колледждердегі тегін кәсіби және техникалық білім

Барлығы бірдей жоғарғы және кәсіби білім ала алмайтыны ешкімге де құпия емес. Себебі ол үшін ақша төлеу керек. Мектеп бітіргеннен кейін түлектердің бір бөлігі ЖОО-ға, колледждерге түседі. Ал бір бөлігі (30% жуығы-https://goo.gl/Lhpmp4) ешқандай жерге тапсыра алмайды. Ал қазір колледждерде тегін білім алу шындыққа айналды. 2017 жылдан бастап «Барлығы үшін тегін кәсіби және техникалық білім» жобасы жүзеге асырылады. Ол жұмысшы кадрлерді  40% -ға көбейту мен  ынтасы барларды тегін біліммен қамтуға бағытталған. Мектеп түлектері, колледждер мен ЖОО-дан шығарылғандар және білімі жоқ жеке ісі бар адамдар тегін білім ала алады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін ҚР БҒМ  мықты деген әлемдік тәжірибеге сай бағдарлама құрастыруда. ТжКБ білім беру жүйесіне бір-біріне жақын үш мамандықты игерту және кредитті білім беру технологиясын  енгізді. Бұл мамандардың еңбек нарығына шығып керек кезде оқуын қайта жалғастыруларына мүмкіндік береді.

Бұл жүйе білім алушыларға келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

  • Біріншіден жұмыспен қамту арқылы жастардың арасында қылмысты азайту және өмірлерін өз еңбектерімен қамтамасыз ету (ТҚК-дағы жұмыс,  дәнекерлеу, аспаздық, сантехникалық және дәнекерлеу ісі және т.б);
  • Тегін жұмысшы және орта тобтағы мандақтарға ынталы адамдарды 100% қамту арқылы жұмыссыздықты азайту. Айта кету керек бұл фактор еліміздің экономикасына да жақсы жағынан әсер етеді;
  • Мамадық алу арқылы, олар мамандығы жоқ кезде тапқан ақшасына қарағанда көбірек табуға мүмкіндіктері болады;
  • Жұмысшы мамандықтардың тапшылығын азайту;

Назарларыңызды колледждердің қазіргі жағдайының айтарлықтай өзгергеніне аударғымыз  келеді. Қазір бұл бұрынғы көзқарспен қарайтын КТУ емес, білікті мамандары мен жаңа білім беру жүйесі бар орын. Колледждердің жаңа жабдықтары, студенттер мен оқытушылары туралы сайтқа http://mon_rk.yvision.kz/ тіркелу арқылы оқи аласыздар.

 
0
0
607

Желтоқсан жаңғырығы

«Қазақ үні» газетінің 12.12.16 санында жарық көрген «Желтоқсаннан жеткен хат» http://www.qazaquni.kz/2016/12/12/61849.html атты мақалада аты аталған қыздардың бірі Гүлшат Әуезованың әкесі Омар ағамен сол жылдары бір ұжымда жұмыс істедік.

Омар аға Әуезов "Южказагропромпроект" жобалау институтының бас архитекторы еді. Нағыз ұлтшыл азамат. Қалалық қазақ, орыс, кәрісі басым орыс тілді ұжым. Бірен-саран ауылдан шыққан қазақ жастары Омекеңнің қолдауын ылғи сезініп жүретінбіз..

Ленин ат. Орталық алаңдағы ғимараттар мен "Гүлжан" дүкенінің қабырғаларына "Долой Колбин!"-деп жазып шыққан қыздардың ерлігіне іштей сүйсінгенбіз.

Жобалау институтының қызметкерлері негізінен өте білімді, өрелері биік жандар еді. Омекеңнің қызының әрекетін тіпті өзге ұлт өкілдерінен де ешкім бетіне басқан жоқ.

Ал Омар ағаның қандай қысым көргенін бірнеше жылдан соң кітапханашы апайдан естідік.

- Арнайы қызметтің күн сайынғы шақыртуы, жұмыста жасаған жобаларын шұқшиып тексеруші комиссиялар жүйкесіне тисе керек.

Бірде кітапханаға кірді. Әлдебір СНиП-і сұрады да, кітап сөрелерін аралап кетті. Біраз уақыттан соң бір құжат алайын деп сөрелердің арасына өтсем, бір бұрышта көздерінен жас парлап, ойға шомып отырған ағайды көріп, аяғымның ұшымен кері қайттым! - деп еді, кітапханашы орыс әйелі.

Ал Омар аға архитектор ретінде облысымыз бен қаламызға бір кісідей ізі бар. Әлі де бақуат деп естиміз. Қаладағы ең белгілі жобасы Тәуке хан даңғылы мен Б. Момышұлы көшесі қиылысындағы "Қызғалдақ" субұрқағы.

 
0
0
1243

«Балалар және жасөспірімдер ұйымдарының қызметі арқылы балалар бастамаларын қолдау және дамыту жөніндегі қызметтер» жобасының қорытындысы бойынша көпшілік тыңдау өтті

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметік тапсырыс бойынша «Әлем волонтерлық орталығы»  Заңды тұлғалар бірлестігі «Балалар және жасөспірімдер ұйымдарының қызметі арқылы балалар бастамаларын қолдау және дамыту жөніндегі қызметтер» жобасын жүзеге асырды. Осы жобаның қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 30 қарашасында «Асылтау» БО-да  қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен көпшілік тыңдауы өтті. Көпшілік тыңдауда «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумында, өңірлік екі күндік екі семинарларға қатысқан бапкерлер сөз сөйледі. Бапкерлер мен жоба қатысушыларының ұсыныстары оқылды. Жүзеге асқан жоба бойынша ақпарат туралы жоба үйлестірушісі  Белов  Сергей Викторович сөз сөйледі.  « «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының одағы» ҚҰ ҚҚ президенті Дмитриенко Елена Александровна Қазақстандағы  балалар мен жасөспірімдер  ұйымдарының өзекті мәселелері мен  «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының жұмыс тиімділігін арттыру  туралы ұсыныстар айтты. Сондай-ақ қоғамдық  ұйымдардың  өкілдері  Абраева Райхангүл, Читанова Ботагөз және Қарамурзин Әліби  балалар мен жасөспірімдер қозғалысын қолдау және дамыту бойынша көз-қарастарымен және ұсыныныстарымен бөлісті. Барлық ұсыныстар жиналып, осы есепке енгізілді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, жобаны жүзеге асыру аясында  жоспарланған барлық іс-шаралар ұйымдастырылып, мақсатқа қол жеткізілді

 
0
0
531

Бәйге талассыз болмайды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қар-саңында облыс әкімдігінің қолдауымен,  Атырау облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйым-дастыруымен  Қазақстан  Республикасы  Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің бірінші республикалық байқауы өткізілді. Қазақ поэзиясының биігі Абай, Махамбет, Мағжан бастаған алыптармен өлшенер болса, одан кейінгі толқын  Жұмекен Нәжімеденов бастаған сөз сардарларымен жалғасады. Азаматтық, философиялық, лирикалық өлеңдерімен қазақ әдебиетіне қайталанбас құбылыс болып келген жыр жұлдызы – ұлттық мақтанышымыз, жас ұрпақтың рухани айнасы. Қазақ поэзиясының биік шыңына айналған Жұмекен Нәжімеденов есімі Қазақ елі барда, әдебиет сүйер әлем барда ешқашан ұмытылмайды.

Жұмекен  Нәжімеденовтің  «Менің Қазақстаным» өлеңіне белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың  ән арнауы туындының ғұмырын  мәңгілікке айналдырды. Ұлт бойындағы ұлы рухты ұйықтатпай, жарты ғасыр бойы тербеп келген  осынау ән  бүгінгі күні тәуелсіз Қазақ елінің Мемлекеттік гимніне айналды.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген  республикалық «Жұмекен оқулары» тәуелсіз елдің асқақ Әнұранымен басталды. Одан кейін ақынның өмірі мен шығармашылығы сахнадағы үлкен экраннан көрсетілді. Қазақ сөз өнеріне, әдебиет қорына айшықты мұраларын қалдырған Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  қатысты.

Интеллектуалды поэзияның бірі де бірегейі Жұмекен ақын – әлемдік деңгейдегі феномен. Күллі ғалам  классиктерінің  қатарында тұрған ақынның  жырларын алты алаш баласы жете біліп, жата-жастана оқиды. Аз ғана ғұмырында әдебиет аренасында ренессанс жасаған Жұмекен Нәжімеденов прозада да кең көсілді. «Ақ шағылдар», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» секілді романдарымен күллі еліміздің қадір-қасиетін, толайым табысын толғап өтті. Оның әр жаз-ғаны өзі туып-өскен Қошалақтың құмындай жұмбақ, күрделі әрі мың бояулы. Бүгінде ақынның шығармаларын жатқа оқитын, жүрекпен түйсінер ұрпақ өсіп келеді. «Жұмекен оқулары» байқауына еліміздің әр өңірінен жиырмаға жуық үміткер қатысып, бағын сынады. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Оңтүстік, Солтүстік, Батыс Қазақстан облыстарының өнерлі жастары келді. Ал, Павлодар облысынан Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, талантты жігіт Оразбек Бахатқан қатысты. Әрине, Оразбек  батыс жұртшылығын өз өнерімен тәнті етті.

Қазылар алқасының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қажығали Мұхамбетқалиұлы үздіктерді анықтау қиынға соққанын айтты.

— Бәйге талас-тартыссыз болмайды. Осы сахнаға шығып, өлең оқудың өзі – үлкен күш. Жастардың қай-қайсысы да жақсы өнер көрсетті. Бірақ, «Жүйріктен жүйрік озар» дегендей, олардың еңбегін таза бағалауға тырыстық. Осындай жыр додаларын ұйымдастыратын, шығармашылық адамның бейнесін көрсетіп, олардың есімін ел ықыласына бөлейтін тұлғалар керек. Сонда ел болып, ақынды құрметтей аламыз. Бұл ретте, осы шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бастамашы болып отыр. Бұған дейін аймақ басшысын әдебиетті, өнерді қолдайтын азамат ретінде жақсы танитын едім. Елдің алғысына бөленген осындай азаматтарымыз көп болсын, — деді Қажығали Мұхамбетқали-ұлы.

Жүлделі I орынды атыраулық Назира Әшім иеленді. Ақмола облысынан қатысқан үміткер Перизат Жаңғылышбаева мен Маңғыстау облысының үмітін үкілеп келген Айдос Жұмабаевқа жүлделі II орын бұйырды. III орын Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысқан Арайлы Алтаева мен жерлесіміз Нұрдәулет Табылдиевке және Оңтүстік Қазақстан облысының қатысушысы Назерке Құлжабаеваға бе-рілді.

Байқау соңы атыраулық өнерпаздардың концертіне жалғасып, Жұмекен ақынның сөзіне жазылған бірқатар әндер орындалды.

дерексөз:http://atr.kz/ сайтынан алынды.

0
0
1693

«Бірлігіміз жарасқан — Мәңгілік Ел» в Шымкенте.

В рамках празднования 25-летия Независимости в Шымкенте состоялось состязание акынов «Бірлігіміз жарасқан - Мәңгілік Ел». Конкурс, длившийся два дня, получился захватывающим и зрелищным. Кроме южно-казахстанских айтыскеров, показать свое мастерство приехали также представители Астаны и Алматы. В итоге в финал вышли пять пар лучших - Кажымукан Абзалов (ЮКО) и Канат Мырзахан (Жамбылская область), Жандарбек Наушабеков (ЮКО) и Арзыгуль Кайымбеккызы (Китай), Анар Жаппаркулова (ЮКО) и Сырым Ауесхан (Астана), Нурлыбек Мейирманов (ЮКО) и Турар Тилеулиев (ЮКО), Биржан Байтуов (ЮКО) и Жандарбек Булгаков (Астана).

Шутки, лившиеся со сцены, заставляли зрителей не только смеятся от души, но и задумываться о многих важных проблемах.

Поздравляя победителей конкурса, аким области Жансеит Туймебаев отметил важную роль народного искусства в культурном и духовном развитии как отдельной личности, так и всего общества. Призеры, занявшие первое (Жандарбек Булгаков Астана) и второе место Турар Тилеулиев (ЮКО), получили призы в виде автомобилей. Кажымукан Абзалов, занявший третье место, получил денежный приз в сумме 1,5 миллиона тенге.

Мероприятие было посвящено 25-летию Независимости.

 
0
0
551

Аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу

А.ж. 7 желтоқсанда  Департамент Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында  «Достық үйінде»   орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық департаменттерінің қызметшілерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізудің  негізгі мақсаты – Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайтадайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығыныңдиректоры А. Баймағамбетов, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
292

«Оны әрбір адам білуі керек!» ақпараттық сағаты

А.ж. 7 желтоқсанда  облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді аудандық кітапханасында «Оны әрбір адам білуі керек!» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А. Симакова, кітапханашы-өлкетанушы Г.Ғабдульманова тыңдаушылармен үгіттеушілік-ақпараттық жұмыстарды өткізді және сыбайлас жемқорлық тақырыбында буклеттер таратты. Аталған іс-шараға 20 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
628

Облыстық басқармалардың өкілдерімен өткізілген дөңгелек үстел

А.ж 6 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша  департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған  2016 жылға арналған кешенді жоспарда белгіленген шараларды орындау мақсатында  Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілерімен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күнге арналған дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел өткізудің  негізгі мақсаты – Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелдің жұмысына  Департамент басшысының орынбасары Д.Хайруллин, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Сыздықов, облыстық басқармалардың өкілдері, Департаменттің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының директоры Ә. Баймағамбетов пен Департаменттіңсыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев «Мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық және оның салдары» және «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбындағы баяндамалар оқыды.

Кездесудің соңында қатысушылар бірегей шешім қабылдап, сол шешімнің негізінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігі жөніндегі пікірлерімен бөлісті.

Департамент госслужбы

0
0
273

«Ақша жүрген жерде ар-намыс үндемейді»

А.ж. 6 желтоқсанда «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінде «Ақша жүрген жерде  ар-намыс үндемейді» атты жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері арасында дәріс оқылды.
Аталған іс-шараға Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінің жалпы саны 45 адам жеке құрамы қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
356

Көкшетау қаласының әкімдігіндегі дөңгелек үстел

А.ж 5 желтоқсанда Көкшетау қ. әкімдігінің мәжіліс залында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған дөңгелек үстелдерді өткізу аясында  Көкшетау қ. жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелдің жұмысына Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Сыздықов, Көкшетау қ. Әкімінің орынбасары И. Юрченко, қалалық мәслихаттың депутаттары, Көкшетау қ. мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда іске асырылып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін, оларды жетілдіру мәселелерін талқылау, шет елдердің сыбайлас жемқорлықты жүзеге асыру және осы мәселенің әлемдік  тәжірибеде ойдағыдай қолданылып жүрген басқа  аспектілері жөніндегі тәжірибесін талқылау болып табылды.Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М. Ахметқалиев  «Ақмола облысындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама оқыды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Подгурский «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының Көкшетау қаласында өткізілгендігі туралы баяндады. Көкшетау қаласы әкімі аппаратының басшысы  Е. Тушанов Көкшетау қ.сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары жөнінде айтты.Б.Сыздықов дөңгелек үстелге қатысушыларға алғыс білдіріп, өткізіліп отырған іс-шаралардың басты мақсаты Ақмола облысының тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруекенін атап өтті.Талқылау барысында кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығын қолдайтындықтарын білдірді.

Департамент госслужбы

0
0
294