«Есте қалған, қалмағанның» жалғасы (Қазақстан және әлем, 2016)
Осы тақырыптағы бұрын жарияланған жазбаға жаңа қосымша. 2016: АҚШ президенттік сайлауы. Обаманың Ақ үйден кеткеннен кейін жұмыссыз қалуы екіталай...(жоғарыда Алматы аялдамаларының бірінде ілініп тұрған хабарландыру суреті көрсетілген). Естеріңізде болса, Ұлыбританияның бұрынғы үкімет басшысы Тони Блэр премьерліктен босағаннан кейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі болған, ал Құрама Штаттардың «қазіргі-бұрынғы» басшысы елімізде өзінің шағын бизнесін ашып, нағыз сұранысқа ие әрі қажет іспен айналысуға бел байлаған көрінеді! Техникалық ақау салдарынан суреттері мен тақырыптары бір-біріне сәйкес келмейтін хабарламалардың тағы бір топтамасы (қазақша түсіндірмелерді өзім жаздым, оқырмандардың басқа әсер алуына, өзгеше ой-пікір қалыптастыруына тыйым салынбайды!): Вирус ауа ғана емес, әлеуметтік…