БҚО аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне «Б» корпусы қызметшілерінің кешенді аттестаттаудан өткізілетіні туралы жеткізілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттауын өткізу шеңберінде ақпараттық-түсіндерме шараларын атқаруда. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кіші залында 2016 жылдың 29 желтоқсанында бейнеконференциялық байланыс арқылы Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының басшылығымен семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңес жұмысына аудан әкімдері, аудан әкімі орынбасарлары, әкімі аппараттарының және мәслихат аппараттарының басшылары, дербес бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік қызметшілері қатысты. Семинар-кеңесте кешенді аттестаттаудың ережелері мен өткізу тәртіптері түсіндірілді. Іс-шара барысында қойылған сұ…