Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Заңсыз әкелу

2016 жылы жүзеге асырылған камералдық бақылау қорытындысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 32 жосықсыз сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны анықтады, олар шартты шығару режимінде «балалар ойыншықтарын», «тамақ өнімдерін», «халық тұтынатын тауарларды» сәйкестігін растайтын рәсімсіз, яғни сертификаттарсыз және декларациясыз әкелген.

Импорттаушылардың сертификаттау рәсімінен жалтаруы аталған өнімдердің техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтінін білдіреді, осылайша елдегі тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасының аумағына өнімдерді әкелуді реттейтін заңнаманы бұзушылар тізімі Комитеттіңсайтындағы Камералдық бақылау бөлімінде орналастырылған.

Қасақана бұзушылардың бірі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы кәсіпкер Курбатов Ярослав Андреевич болып табылады, ол шартты шығарылған тауарларды (балалар ойыншықтарын) әкеліп, өз еркімен иелік еткен, сол үшін Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті 111 рет әкімшілік жауапкершілікке тартқан (2015 жылы 55 және 2016 жылы 56 әкімшілік айыппұл).

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6706

Тізілімге сілтеме http://kzpp.gov.kz/kaz/kameralnyi_kontrol/reestr_nedobrosov_uved/

0
0
208

Осы тақырып бойынша