Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БАҚ алаяқтық па немесе панацея ма!

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мониторингілеу кезінде «Страничка здоровья» газетінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 10 (46), «Жаркент-инфо» газетінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 10 (107), «Шахтинский вестник» газетінің 2016 жылғы 14 қазандағы № 41, «Караван» газетінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 41 (475) басылымдарында мынадай:

- «Саган Дали» продлевающий жизнь, возвращающий здоровье;

- «Аденома и Простатит! Сколько можно терпеть?!»;

- «RESERVE+FINITI» Борьба с гепатитом и циррозом стала реальностью!;

- «Глюкобитон» Диабетики должны знать!;

- «Кардиалон» Гипертания, ИБС, инсульт!;

- «Гепагент» гепатит, цирроз быть или не быть!;

- «АртроСила» продли активные годы жизни!;

- «Дианормин УЛЬТРА» противодиабетический;

- Крем «Эффектум» бальные суставы? Их легко можно восстановить!;

- капли «Оксифирин» лекарства от рака;

- хороший слух в любом возрасте «Ухонорм»;

- «Литомасло «Мужская сила» не только является эффективным в борьбе с Простатитом и Аденомой, но и помогает решить проблему с потенцией!»;

- «Алкостопин Форте» избавление от алкоголизма;

- крем «Веносилан» проблемные вены и суставы?;

- тоник для глаз «Экстракт алоэ» улучшить ваше зрения;

- «Мастер Мэн» устраняет последствия простатита, дает комплексное и лечебное действие на всю мочеполовую систему;

- «Как снизить риск развития мастопатии?»;

- ««Живица актив №1» целесообразно использовать при аритмии, ишемии, грудной жабе, атеросклерозе, гипертонии, анемии, цистит, геморрой» деген ақпараттар қамтылған, тамаққа биологиялық активті қоспалардың (бұдан әрі – БАҚ) жарнамалары жарияланғанын тұтынушылардың назарларына жеткіземіз.

Сонымен бірге, ұлттық заңнамада сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін, емдік қасиеттері бар екендігі туралы мәліметтерді қамтитын БАҚ-тарды жарнамалауға тыйым салынған.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық емес, дұрыс емес және уақтылы емес ақпарат беру тұтынушыға қажетті қасиеттері жоқ тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

Комитет тұтынушыларды БАҚ-тың емдік қасиеттері жоқ екендігі туралы хабардар етеді.

БАҚ-тардың жарнамасын бақылау мақсатында тұрақты негізде бұқаралық ақпарат құралдарына және интернет-ресурстарға мониторинг, оның ішінде БАҚ-тардың жарнамалары мәселелерін түсіндіру іс-шаралары жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта Комитет осы бағытта шаралар қабылдау бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6705

0
0
457

Осы тақырып бойынша