Мазмұнға өту

Жаңа

14-ғасырға саяхат

Ұлы даланың кең-жазиралы оңтүстік алқабына бет алып,сан ғасырлық тарихы бар, бүгінде Түркістан деген атпен әлемге әйгілі дархан қаланың босағасын атттаған кез-келген адамның назарын өзіне аударарлық ғажайыптары көп.Сол ғажайыптардың бірі-Қожа Ахмет Йассауи кесенесі.Әрине,кітаптан оқыған бір бөлек,көзбен көрген бір бөлек,сондықтан да болар, қалаға аяқ баса бере өзіңді 14-ғасырға түскендей сезінесің.Айналадағы жыбырлап жүрген адамдар,кесенені тамашалап,тамсанып жүрген туристтер-барлығы да сол замандағы қаланың тұрғындары,саудагерлері сияқтанды.Бір сәт,тіпті "уақыт кеңістігінде саяхаттаушыға" айналғандай күйде болдым.Бір таңқаларлығы,бұл қалашықтың өзіне тартатын бір кереметі бар сияқты..."Кел,14-ғасырға саяхатта"-деп,құшағын кең ашып,өзінің 7 ғасырдың куәсі болғандығын көрсетіп шақырып тұрғ…

1
0
1165

Шашың сенің-жан баспаған жапандағы қара орман

Тал бойында міні жоқ ерекше жаратылған әйел затының ұзын да қолаң шашы қай кезде болмасын көпшіліктің назарын аудартпай қоймайды. Иықтан төмен түскен қою қара шаш-шындығында да жан баспаған қара орманды көз алдыңа елестеді. Жылтыры күнмен шағылысатын жарнамадағыдай қайратты шаш-әрбір қыз-келіншектің арманы. Жаздың самал желімен жарысып, түбі еменнің тамырындай мықты, кешкі нөсер жауынындай төгіліп тұратын шашқа, әрине күтім керек. Өзімнің күнделікті өмірде пайдаланатын тәсілдеріммен бөлісер болсам: N1. Ең алдымен, шашыңыздың дәл қазіргі жағдайына көңіл бөліңіз. Міндетті түрде шашыңызды күніне екі мезгіл: ұйқыдан тұрған соң және ұйықтар алдында тараңыз. Тараудың да өз ережелері бар. Қазіргі таңда дүкен сөрелерінде тарақтың мыңдаған түрлері бар. Қыз-келіншектердің көпшілігі пластмасса тарақ…

1
0
3819

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында 925 сәби дүниеге келді

Жедел ақпарат бойынша Қазақстанда 2016 жылғы 31 желтоқсанда 925 сәби дүниеге келді.

Жаңа туылған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 192 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы қаласында – 110,  Алматы облысында – 93, Астана қаласында – 67,  Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында 55 бала дүниеге келді.

Айта кету керек, Қазақстанда 2015 жылдың 31 желтоқсанында 909  сәби дүниеге келген.

0
0
220

Қанаттың туабітті таланты мен асқақ арманы

Қазақстанда инклюзивті білім берудің жаппай қолға алынғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Десе де, елімізде өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап осы бағытта жұмыс істеп жатқан оқу орындары бар. Солардың бірі – Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжі. Дәл қазір осы колледжде шаштараз-стилист және киім үлгісін жасайтын модельер мамандығы бойынша есту және сөйлеу қабілеті нашар 50 студент білім алып жатыр. Колледжде мұндай айрықша қажеттілігі бар балалардың толыққанды кәсіби білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Табыстың ең басты кепілі – табандылық, ол кейде таланттан да артық. Адамның табандылығы ешқашан ескерусіз қалмайды, әрі бұл қасиет жаңа мүмкіндіктерге де жол ашады. Туабітті талант Қанат Абдраимовтың тағдыры осы сөзіміздің дәлелі. Есту қабілетінен айырылған Қанат өзінің бойы…

0
0
1542

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1852 кәсіпорнында 50,6 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 7,1 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1688 ұйғарым беріліп, 262,8 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 48 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 6,8 млрд. теңге төленді.

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9680 тексеру жүргізді. 16 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 553 млн. теңге сомаға айыппұл салынды.

0
0
327

Оларды ұйымдастырған намыс

Оларды ұйымдастырған намыс Желтоқсан көтерілісі 1986 жылы Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс қимылдары. Бұл бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға. Мәскеудің насихаты қандай күшті болғанымен, Қазақстанның, басқа да одақтас республикалардың отарлық жайлары айқын көрініп тұрды. Алматы профессорларының арасында төл тарихымызды, қазақ-түркі әдебиетін терең зерттеген оқымыстылар көп болды. Зиялы қауымның, қалалықтардың, жастардың отырыстарында Мәскеу орталығының отаршылдық саясатына наразылық әңгімелер болып тұрды. Ана тіліміз туралы, бостандық жайлы көкейкесті пікірлер ортаға салынатын. Ондай талқылар, тәуелсіздікке ұмтылыс барлық республикаларда да белең алды. Бұл Кеңес империясы идеология…

0
0
1111

Жаңа оқыту форматы және жеке тәжірибе

Мен сонау кеңестік білім жүйесінен өсіп шыққандардың бірімін. Бірақ, ол «етімнен» өткенімен, «сүйегімді» сындыруына бәрібір жол бермедім деген сенімдемін. Ол жүйеге де, бертін келе ҰБТ мәселесіне де кезінде жетерліктей сыни көзқараспен қарап, талдау мақалаларын жаздым. «Жүйе» не деді, мен не дедім? Мысалы, кеңестік орта мектеп туралы ертеректегі бір мақаламда («Орта білім беру жүйесі туралы кейбір жеке ойлар» Республикалық «Талапкер» газетінің 2008 жылғы 3-санында жарияланды. Интернетте http://yvision.kz/post/239495 2012 жыл 13 наурыздан) былай деп жазған едім: «Орта білім беру жүйесінің ескі тамыры тереңде: 1. Балаларды жаппай жинап алып, қабілет-қасиеттеріне емес, жасына қарай топтап оқыту. Оқу бағдарламасы барлығына бірдей. Топ орташа оқиды, ал дарынды балаға оқуда да, мінезде де жеке…

1
0
1533

Қуатты өңірлер — мықты ел!

Шымкентте " ұлы дала Елі — 25 тәуелсіздік негіздері" акциясы аясында тәуелсіздік 13 желтоқсан күні - Қуатты Қазақстан – қуатты аймақтар ұранымен аталып өтеді. Бүгін облыс орталығында ОҚО аудандары мен қалаларында негізгі жетістіктерін танымал ету және ілгерілетуге арналған іс-шаралар өткізіледі. Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығында , жұмыспен қамтылған халық саны, жұмыссыздардың төмендеуі және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға байқалады. Мәселен, егер 2009 жылы жұмыссыздар саны-75 мың адам болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 62,1 мың адамға дейін қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1% - ға төмендеді. 46480 жаңа жұмыс орны тек осы жылы ғана облыста ашылды. Алдағы уақытта да мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде " ( олардың арасында " Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 4687 орындарын, " ҮИИД б…

0
0
717

Жаңа кітаптар көрмесі

Шымкентте "Отырар" облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Тәуелсіздіктің 25-жылдық мерекесіне орай арналған, жаңа кітаптар көрме-тұсаукесері ұйымдастырылды: "Тәуелсіздік тебіреністері", оңтүстік Қазақстан жазушыларының шығармалар жинағы, "Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды сәті" фотоальбомы мен р ғылыми еңбектері " атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы ", Қазақстан жолы: Ұлт Көшбасшысымен бірге бейбітшілік және жасампаздық 25 жылы ". Сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында ОҚО-ға мемлекет басшысының сапарлары туралы баяндайтын "Тәуелсіздік Тұғырым" деректі фильмі келушілердің назарына ұсынылды. Іс-шараға облыс әкімі Жансейіт Туймебаев, зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері, мекемелердің қызметкерлері, мәдениет және өнер жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатыст…

0
0
1222

Күт мені «Аудио өлең» «Сағыныштан сарғайғанда, күт мені»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгү Сағымбайқызы Әуен авторы – Shahin Ismayilov “Жди меня” Фотоматериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – Сағыныштан сарғайғанда, күт мені, Жылағанда, жүрек үнсіз, күт мені. Іркілгенде, көз тамшылар, күт мені, Ұйқы қашқан түндеріңде, күт мені. Шалдыққанда, шаршағанда, күт мені, Жел тұрса да, құламастан, күт мені. Қабақтарын, бұлт түйгенде, күт мені, Жауып жатса, нұр аспаннан күт мені. Ызғарымен, қыс келгенде, күт мені, Көктем келіп, жайнағанда, күт мені. Ыстық жазда шөлдегенде, күт мені, Күзде келіп, сарғайтқанда, күт мені. Шын сенімде күткен жан, періште ғой, Сын көпірден өмірдің, сынбай өткен. Киелі ғой шын сезім, киелі ғой, Тұңғыйқта, сан мұңымен тербеткен. https://www.youtube.com…

1
1
1366