Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

№5 «Таңдау» көпбейінді гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Департамент қызметкері Д. Каконов Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көпбейінді гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Д. Каконов жиналғандарды Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі аспектілері, «Адал ұрпақ» еріктілер клубтары, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметі туралы ақпарат берді.

«Мерей» бала бақшасының, сондай-ақ, Көкшетау қаласының №12 орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың не екенін білесіңдер ме?» тақырыбында түсірілген бейнероликтер оқушылардың қызығушылығын туғызды.

Іс-шараға 63 оқушы қатысты

 

Департамент госслужбы

0
0
287

Осы тақырып бойынша