Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар қаласында «Жанұя» фильмінің тұсаукесері өтті.

Павлодар қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Жанұя» фильмінің тұсаукесері өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен түсірілген кино туындының режисері — «Майдангерлер», «Өтелмес борыш», «Жастық шақ»», «Жаңғырық» фильмдерімен танымал Серік Таласов.

«Жанұя» - тағдырдың небір қиындықтары туралы драма. Сюжет бойынша жалт еткен өткінші сезім үшін әйелі мен балаларын тастап кетеді. Балалары өздеріне нан тауып жеу үшін ерте есеюге мәжбүр болады.  Бір күні тағдырдың тәлукегіне түскен балалар әкесімен кездесіп қалады. Бейне фильмнің кастингі биылғы жылдың 1 тамызында өткізіліп, 200-ден аса актерлік қабілеті бар жастар рөл сомдауға іріктеп алынды.

Фильмнің түсірілімі Шымкент қаласында өтті. Жаңа кинода белгілі актерлер Ержан Жарылқасын, Ақмарал Маханова, Ғалымжан Қалыбаев, Олжас Бекбауов рөлдерді сомдайды.

«Жанұя» фильмінің түсірілімі Шымкентте тамыз айында басталып, қыркүйекте аяқталған болатын.

Алтынбек Мақсатхан

0
1
1676

Осы тақырып бойынша

Павлодар қаласында «Жанұя» фильмінің тұсаукесері өтті. - Yvision.kz